Бұл жазаның әрбірінде перғауын әдеттегі жалған уәдесін
беріп, Мұсаға дұға қылдыратын да, пәледен құтылған соң
уәдесінен тайып шыға келетін. Бұл жағдайды Аллаһ тағала:
«Оларға ашық мұғжизалар түрінде топан су, шегіртке, бит, бақа және қан жібердік. Сонда да олар менменсіген әрі күнәкар бір қауым болды. Оларға азап келген кезде: «Ей, Мұса! Раббыңа өзіңе берген уәдесі бойынша дұға қыл. Егер бізден азабын айықтырсаң, өзіңе сенеміз де, Исраил ұрпақтарын сенімен бірге қоя береміз», – дейді. Қашан олардан белгілі бір мерзімге дейін азапты әкетсек, сол уақытта олар айнып шыға келеді» 1 , – деген.
Ең соңғы, перғауынды берілуге мәжбүрлеген мұғжиза қан еді.
Қайсыбір мысырлық өзеннен немесе құдықтан су алса, олардың
сулары қанға айналатын. Ал сол жерден кез келген бір исраилдік
келіп алса, ештеңе болмағандай су қалпында қалатын.
Мысырлықтардың кейбірі енді исраилдіктерден су сұрай
бастады. Жаны ашып, исраилдік мысырлыққа суынан құйып
берсе, ол сол замат қанға айналатын. Мысырлықтарға осы қан
арқылы болған зұлмат ауыр тиген соң, тағы да Мұсадан дұға
қылып құтқаруын өтінді. Мұның есесіне исраилдіктердің қаладан
шығып кетуіне рұқсат беретіндіктерін айтты. Мұса қайтадан дұға
қылып, мысырлықтар бұл пәлекеттен де құтылды. Сонда Аллаһ
тағала Мұса мен туысына: «Екеуің Мысырда елдерің үшін үйлер дайындаңдар» 2 , – деп уахи етті.
Бұл уахидің астарында Мысырда орналасқан исраилдіктердің
үйлерінің әрқайсысына белгі салу меңзелген. Бұл белгі олардың
бір түнде жиналып қаладан қашып шығып кетуіне септігін
тигізеді. Өйткені белгі арқылы түнде исраилдіктің үйі
қиындықсыз ажыратылды. Аллаһ тағала сондай-ақ:
1
«Ағраф» сүресі, 133-135 аяттар.
2
«Юнус» сүресі, 87-аят.