Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет200/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

азар берілгенде де сабыр қылған», – деді», – деп жеткізген
3

Мұса мен Һарунның қиссасы осылай аяғына жетті. Оларға 
Аллаһтың сәлемі болсын! 
Мұсаның қиссасынан алынар өнеге-ғибраттар 
1. Шуғайбтың қызының «Әкетайым! Оны жалдап ал! 
Расында, жалданған адамдардың ең жақсысы – күштісі әрі 
сенімдісі» деген сөзінен ұғарымыз: әлбетте, кез келген 
жұмыскерден талап етілер нәрсе – қабілет пен сенімділік. 
1
Хадисті әл-Бұхари мен Муслим жеткізген. 
2
Хадисті әл-Бұхари мен Муслим жеткізген. 
3
Хадисті әл-Бұхари мен Муслим жеткізген. 


230
 
 
2. Перғауын адамдарынан сенімін жасырып жүрген бір мүмін 
кісінің айтқан сөздерінен алынар өнеге: залым патшаның 
алдында өміріне қауіп төніп тұрса да, шындықты айту жиһадтың 
ең жақсы көрінісі.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жиһадтың ең жақсы көрінісі – 
залым патшаның алдында әділ сөз айту», – деген
1

3. Аллаһ тағаланың «Үйлеріңді құбыла қылып, намаз 
оқыңдар» деген сөзі:
«Сабырлық және намазбен жәрдем тілеңдер» дегені сияқты. 
Қандай қиын жағдай болса да, мұсылман адам сабырлық сақтап, 
намаз арқылы Аллаһтан жәрдем тілеуі керек. 
4. Мұса еліне қайтқанда қауымының бұзауға табынғандарына 
ашуланғанынан алар өнеге: Жаратушыға ортақ қосылып жатқан 
жағдайда, мұсылман адамға үндемей тұруға болмайды. Ол 
нәрсеге ашуланып, ширктен қайтару керек. Сол сияқты 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүние тіршілігі мәселесінде біреу оған 
дөрекілік көрсетсе, ашуланбай, үндемей тұратын. Ал дін 
мәселесіне келгенде бір қайшылық байқаса, ашуланғаннан 
жүздері қызарып кететін. 
5. Мұсаның бұзау мүсінін майдалап, бөлшектеп сындыруынан 
алар өнеге: мұсылман адам шамасы келсе, ширкке себеп болып 
жатқан нәрсенің көзін жоюы керек. 
6. Мұсаның Қыдырға: «Аллаһ қаласа, мені сабырлы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет