Мұсаның дүние салуы
Жоғарыда айтылғандай, исраилдіктер қырық жыл бойы иен
далада қаңғырып жүргенде, Һарун өмірден өтті. Сосын Мұса
жарық дүниемен қош айтысты. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы
болсын) жеткізген хадисте: Мұсаға өлім періштесі жіберіледі.
Кіріспеде
айтқанымыздай,
пайғамбарлар
жандарын
өз
еріктерімен тапсырады. Оған өлім періштесі келгенде, Мұса оны
ұрып, бір көзін ағызады. Содан соң періште Аллаһқа қайта келіп:
«Мені өлімді қаламайтын пендеге жіберіпсің», – дейді. Аллаһ
тағала оған Мұсаға қайтып барып «Қолын өгіздің арқасына
қойсын! Оның қолы қамтыған жердегі түктердің санындай өмірін
ұзартып беремін», – деп айтқанын жеткізуді бұйырады. Өлім
періштесі келіп, Мұсаға осыны айтады. Мұса Аллаһқа дұға
қылып: «Уа, Раббым! Сонан соң не болады?» – деп сұрайды.
Аллаһ тағала: «Сонан соң өлім!» – дейді. Сонда Мұса: «Одан да
қазір!» – деп өлім періштесіне жанын тапсырады. Сонымен қатар
Мұса Аллаһтан қабірінің Құдысқа тас лақтырым жақын жерде
болуын сұрайды. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ
елшісінің (с.а.с.): «Егер сол жерде (Бәйтул-Мақдисте) болсам,
сендерге жол жиегіндегі қызыл құм шоғырынан (Мұсаның)
қабірін көрсетер едім», – дегенін жеткізген
1
.
Мұсаның Аллаһ тағалаға қойған сауалдарынан
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) келіп жеткен хадисте: «Мұса
Раббысынан: «Дәрежесі ең төмен жаннаттық кім?» – деп
сұраған. Аллаһ тағала: «Ол – жаннаттықтар жаннатқа
кіріп болғаннан кейін келген бір кісі. Оған: «Жаннатқа кір», –
делінеді. Сонда ол: «Жаннатқа қалай кіремін?! Адамдар
орындарын иемденіп, тиесілерін алып қойды ғой», – дейді.
1
Хадисті әл-Бұхари жеткізген.
226
Достарыңызбен бөлісу: |