Оған: «Жаннатта өзіңе дүниедегі патшалардың бірінде болған
нәрсенің болуын қалайсың ба?» – делінеді. Ол: «Иә, уа,
Раббым», – дейді. Оған: «Саған осы және тағы да сол
сияқты», – делінеді. Ол: «Уа, Раббым, разымын», – дейді. Оған:
«Саған осы және он есе сол сияқты», – делінеді. Ол: «Уа,
Раббым, разымын», – дейді. Оған: «Саған осымен бірге көңілің
тартқан және көзің қызыққан нәрселер», – делінеді», – деп
жауап қайтарған. Мұса Раббысынан тағы: «Дәрежесі ең
жоғары жаннаттық кім?» – деп сұрады. Сонда Аллаһ тағала:
«Саған олар жайлы әңгімелеп беремін: Мен олардың қадір-
қасиетін Өз қолыммен егіп, оны аяғына жеткіздім. Оны көз
көрмеген, құлақ естімеген және ол адамзат көкейіне
келмеген», – деп жауап берді. Аллаһ тағаланың кітабында да
осы мағына қуатталған: «Ешбір жан Мен өздеріне жасырған
қуаныштарды білмейді»
1
, – делінген
2
.
Сондай-ақ
Пайғамбарымыздың
(с.а.с.):
«Мұса
Ұлы
Раббысынан өзінде бар деп ойлаған алты қасиет жайлы
сұрады, жетіншісін Мұса ұнатпайтын. Ол: «Уа, Раббым!
Пенделеріңнің ең тақуасы кім?» – деп (сұрақ қойды. Аллаһ
тағала): «Зікір етіп, ұмыт қылмайтыны», – деді. Ол:
«Пенделеріңнің ең тура жолдағысы кім?» – деп (сұрады. Аллаһ
тағала): «Тура жолға ілесетіні», – деді. Ол: «Пенделеріңнің ең
әділі кім?» – деп (сұрады. Аллаһ тағала): «Адамдарға өзіне үкім
қылғандай төрелік беретіні», – деді. Ол: «Пенделеріңнің ең
білгірі кім?» – деп (сұрады. Аллаһ тағала): «Ілімге тоймайтын,
Достарыңызбен бөлісу: |