«Оған түрлі құрылыс салушы және сүңгігіш шайтандарды
бағындырдық. Ал басқа біреулері шынжырларда қосақтаулы
еді. Бұл – біздің бергеніміз. Ендеше, қалағаныңа бер яки
бермей ұстап тұр, (оныңа) есеп жоқ»
1
, – дейді.
Жындар да өзара қауымдарға, тайпаларға бөлінеді және
олардың әрқайсысының кәсібі, қызметтері болады. Мәселен,
олардың құрылысшылары, сүңгуірлері, тас қашаушылары,
зергерлері т.с.с. бар. Сүлеймен олардың өзіне бағынбағандарын
екі-екіден қосақтап байлап тастайтын. Аллаһ тағала ол туралы:
«Раббының бұйрығымен оның алдында жұмыс істейтін
жындарды бағындырдық. Олардан кім әмірімізден тайса,
оған жалын атқан от азабын таттырамыз. Олар Сүлейменнің
қалауынша құрылыстар, мүсіндер, көлдей ыдыстар және
орнатылған қазандар жасайтын. Ей, Дәуіттің үй-іші!
Шүкіршілік етіңдер! Құлдарымнан шүкір етуші аз»
2
;
«Оған суға сүңгитін және басқа істерді істейтін
шайтандарды
бағындырдық.
Сондай-ақ
олардың
бақылаушысы едік»
3
, – дейді.
Бұл айтылған кереметтерге қоса, Сүлеймен желге билік
жүргізді. Аллаһ тағала бұл жөнінде:
«Оған бұйрығымен қалаған жеріне жүретін пайдалы желді
бағындырдық»
4
, – деген.
Сүлеймен желдерді қай тарапқа бағыттаса, сол тарапқа олар
бұлт апарып жаңбыр жаудыратын. Ол сондай-ақ жай желдерге
ғана емес, дауылды желдерге де үкімін жүргізді. Аллаһ тағала:
«Сүлейменге дауылды желді бағындырдық. Оның
әмірімен Біз мүбәрак еткен жерге жүреді»
5
, – деп айтқан.
1
«Сад» сүресі, 37-39 аяттар.
2
«Сәбә» сүресі, 12-13 аяттар.
3
«Әнбия» сүресі, 82-аят.
4
«Сад» сүресі, 36-аят.
5
«Әнбия» сүресі, 81-аят.
253
Достарыңызбен бөлісу: |