261
Аллаһ тағала:
«Расында, Сүлейменді сынап, тағының
үстіне бір дене қойдық. Сосын ол тәубе қылды»
1
, – деп айтқан.
Жындар ғайыпты білмейді
Сүлеймен елу екі жасында ғажап жағдайда дүние салды.
Аллаһ тағала оның қазасы арқылы
адамдарға бір ғибрат беруді
қалады. Мұның мәнісі, сол кезде халық арасында «жындар
ғайыпты біледі» деген түсінік бар еді. Сондықтан Аллаһ тағала
Сүлейменнің қазасымен жындардың ғайыптан мүлде
бейхабар
екенін түсіндіргісі келді.
Көзі тірісінде Сүлеймен әдетте жындарды жұмысқа жегіп, өзі
жұмыс қарқынын жіті бақылап отыратын. Оның бақылауында
жындар жұмысты аянбай, белсене істейтін.
Бір күні ол жындардың жұмыс барысын ұзақ бақылаудан
кейін шаршап, таяғына сүйене, жағын таянып тұрған.
Сол кезде
Аллаһтың әмірімен Сүлеймен жан тапсырады. Алайда көздері
ашық қалған-ды. Жындар оның көз жұмғанын сезбей, ұзақ уақыт
бойы тынбай, қарқынды жұмыс үстінде болды. Сүлеймен осы
қалпында бір жыл тұрды делінген. Уәзірі жындарды алдандыру
үшін
онымен ақылдасқансып, анда-санда құлағына сыбырлап
кетіп жүрді. Уақыт өте келе жындар әміршілерінің бір орнынан
тапжылмай, ішпей-жемей, өздерін қимылсыз күзетіп
тұрғанына
таңдана бастады. Сол кезде Аллаһ тағала жер құрттарын
(термиттерді) жібереді. Бұл жәндіктер Сүлейменнің аса таяғын
кеміреді, сөйтіп, жерге жығылады. Сол кезде ғана барып жындар
оның өлгенін бір-ақ білді. Осылай Аллаһ тағаланың даналығымен
адамдар «жындар ғайыпты біледі» деген түсініктен арылды. Егер
де олар ғайыптың сырын білгенде, әлбетте, Сүлейменнің қайтыс
болғанын сол мезетте-ақ білген болар еді. Аллаһ тағала:
«Біз
Достарыңызбен бөлісу: