Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


сенуге болатын жанмын», – деді. Өзінде кітаптан білім болған



Pdf көрінісі
бет224/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

сенуге болатын жанмын», – деді. Өзінде кітаптан білім болған 
біреу: «Мен саған оны (көзің жететін шекке қарап) жанарың 
өзіңе қайтқанша әкелемін», – дейді. Сүлеймен тақтың жанына 
келтіріліп, қойылғанын көрген сәтте:
«Бұл Раббымның мен шүкірлік етемін бе әлде оны 
мойындамаймын ба – (осыны) сынау үшін берген кеңшілігі. 
Кім игіліктерге алғыс білдірсе, өзі үшін алғыс білдіреді. Ал 
кім оны мойындамаса, ақиқатында, Раббым – Бай (яғни 
ешкімге мұқтаж емес), өте Жомарт», – деді.
Бұл тақ әкелінген соң, Сүлеймен оны өзгертуге әмір береді. 
Қызметкерлері оны жеңіл-желпі өзгеріске енгізеді. 
Көп кешікпей патша сарайына Билқис та келіп түседі. Ішке 
енген патшайым мен жанындағы өкілдері төрдегі тақтан көздерін 
алмай таңырқап қалады. Таңданыстарын аңғарған Сүлеймен 
Билқисқа: 
– Сенің тағың осындай ма? – дейді. Билқис болса: 
– Дәл өзі сияқты, – деп жауап береді. 
Сүлеймен келген қонақтарға өзіне Аллаһ тағаланың тарту 
еткен күш-құдіретін көрсеткісі келіп, түгелдей мөлдір шыныдан 
құрылған, тіпті еденінің астынан су ағызылып қойылған бір 
сарайға кіргізеді. Бұл сарайдың шеберлікпен жасалғаны сондай
су шынының үстінен ағып жатыр екен деп ойлаған Билқис кіре 
бере көйлегінің етегін түреді. Аллаһтың бұл кереметін көрген 
Билқис ханшайым бұл адам қолынан келмес ғажайып нәрсе 
екенін түсініп, ғаламат күштің өкілі Сүлеймен шақырып тұрған 
бұл діннің ақиқаттығына көзі жетіп, сол жерде: «Негізінде, мен 


259
 
 
өзіме әділетсіздік етіппін, енді Сүлейменмен бірге әлемдердің 
Раббысына бойсұндым», – деп иман келтіреді. Бір хабарларда
Билқистің Сүлейменге тұрмысқа шыққаны жайлы айтылады. 
Сүлейменнің дұғасы 
Сүлеймен құдірет Иесі тарабынан берілген ғажайып 
нығметтер мен биліктің өзінен кейін ешкімге нәсіп етілмеуін 
сұрап, Аллаһ тағалаға: «Раббым! Мені кешір және маған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет