Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


өзімнен кейін ешкімге тиесілі болмайтын патшалық бер»



Pdf көрінісі
бет225/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

өзімнен кейін ешкімге тиесілі болмайтын патшалық бер»
1
, – 
деп дұға қылған.
Аллаһ тағала оның тілегін қабыл алып, мұндай билік 
Сүлейменнен кейін ешкімге бұйырған емес.
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кеше кешке жындардың бір дәуі 
маған намазымды үзу үшін килікті. Сонда маған Аллаһ сондай 
күш берді, оны ұстап алдым да, бәрің көрулерің үшін 
мешіттің тіреулерінің біріне байлап қойғым келген еді, 
бауырым Сүлейменнің «Раббым! Мені кешір және маған 
өзімнен кейін ешкімге тиесілі болмайтын патшалық бер» 
деген дұғасын есіме алдым. Сөйтіп, оны босатып жібердім», – 
деген
2

Сүлейменнің Ақса мешітін жаңартуы 
Сүлейменнің ғұмырындағы атқарған тағы бір айтулы істерінің 
бірі – оның Бәйтул-Мақдисті жаңартуы. Бұл аталмыш мешітті 
салған Яғқуб еді.
Әбу Зарр (Аллаһ оған разы болсын), Пайғамбарымызға (с.а.с.): 
«Жер бетінде алғаш салынған қай мешіт?» – деп сұрақ қойғанда, 
1
«Сад» сүресі, 37-38 аяттар. 
2
Хадисті әл-Бұхари жеткізген. 


260
 
 
Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Харам мешіті
1
», – деп жауап берген. 
«Сосын ше?» – деп сұрағанда: «Ақса мешіті», – деген. «Олардың 
арасы қанша?» – деп сұрағанда: «Қырық жыл», – деп жауап 
қайырған
2
.
Сондай-ақ Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас (Аллаһ әкесі екеуіне 
разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Сүлеймен Бәйтул-Мақдисті салған кезде Ұлы Раббысынан 
үш қасиет сұрады. Аллаһ тағала оған екеуін берді, ал 
үшіншісінің нәсіп етуін біз үміт етеміз. Сүлеймен Аллаһ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет