Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Ей, ақсақалдар! Маған бір ардақты хат келді, ол



Pdf көрінісі
бет223/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

«Ей, ақсақалдар! Маған бір ардақты хат келді, ол 
Сүлейменнен... Менің бұл ісіме қатысты ақыл-кеңес 
беріңдер», – дейді. Ал олар Билқисқа:
«Біз – қарулы әскері бар күшті елміз, қалай шешуді өзің 
ойлап көр», – деп нақты ештеңе айта алмады. Сонда Билқис:
«Егер патшалар бір елді мекенге кірсе, оны қиратады және 
беделділерін қор етеді. Олар осылай істейді. Мен оларға бір 
сыйлық жіберіп, елшілер немен қайтатынын көремін», – деп 
тоқтамға келеді.
Сөйтіп, ол қисапсыз мал-мүлік, асыл тастар, сыйлықтармен 
сол елге елшілер аттандырады. Патшайым тапсырған нәрселерді 
жеткізген елшілер жер-жаһандағы теңдесі жоқ, ұлы патшалықтың 
иесі, ешкім бағындыра алмайтын нәрселерді бағындырған, ешкім 
құра алмаған өркениеттің төрінде отырған патшаны көрді. 
Елшілер ханшайымдарының беріп жіберген сәлемдемесін 
Сүлейменнің алдына тартқанда, ол:
«Сендер маған дүниемен көмек бермексіңдер ме? 
Аллаһтың маған бергені сендердің ұсынғандарыңнан жақсы. 
Негізінде, сендер сыйлықтарыңа мәз болып жүрсіңдер. 
Оларға қайтып бар. Мен оларға өздері төтеп бере алмайтын 
әскермен барамын да, оларды ол жерден кішірейіп қорланған 
күйлерінде (қуып) шығарамын», – деп қайтарды. 
Елдеріне жеткен елшілер көрген-білгендерін, Сүлейменнің 
қайтарған жауабын айтқан соң, Билқис Сүлейменнің мемлекетіне 


258
 
 
бағынуға шешім қабылдап, өзінің басшылығымен өкілдерін алып 
баратындығын айтады. Олардың келе жатқанын естіген 
Сүлеймен қол астындағы үлкен жындарын жинап:
«Ей, жамиғат! Олар маған бойсұнып келуден бұрын оның 
тағын маған қайсыларың алып келе аласыңдар?» – деді. 
Жындардан бір мықты: «Мен саған оны орныңнан 
тұрғаныңа дейін әкелемін. Менің бұған күшім жетеді әрі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет