109
Сондай-ақ Аллаһ тағала адамдардың жүрегіне Қағба мен оны
қажылық жасауға деген махаббатты екті. Аллаһ тағала:
«Адамдарды қажылыққа шақыр. Олар жаяу және көлік
үстінде әрбір алыс жолдардан саған келеді»
1
, – деген.
Сонымен, адамдар бүкіл дүниежүзінен Аллаһтың үйіне
қажылыққа
келе
бастады.
Осылай
Аллаһ
тағаланың
мұғжизасымен Қағбаны қажылық
жасау және оны құрметтеу
мұсылманшылықтың қасиетті дәстүріне айналды.
Бұдан кейін Ибраһим Палестинада өмір сүрді.
Аллаһ тағаланың Ибраһимге Өзінің өлілерді тірілту
құдіретін көрсетуі
Аллаһ тағала Өзі мен Ибраһимнің
арасында болған ғажайып
бір әңгімені баян етеді:
«Сонда Ибраһим: «Раббым! Маған өлілерді қалай
тірілтетініңді көрсет», – деп (өтінді)
. Аллаһ тағала: «Сен
сенбеймісің?» – деді. Ол: «Әрине, (сенемін)
. Бірақ жүрегім
Достарыңызбен бөлісу: