111
қазіргі кезде «әл-Халил» деп
аталатын Хабрун деген жерге
жерлеген.
Ибраһимнің қадір-қасиеттері
Ибраһимнің жоғары қадір-қасиеттері туралы Құран Кәрім мен
хадистерде көп айтылған.
Оның ең ұлы қасиеттерінің бірі ол –
Халил әр-Рахман
(Рахманның досы).
«Аллаһ Ибраһимді дос тұтқан»
1
.
Хилла (достық), бұл – жүректің махаббатқа толуы. Ал достық
махаббаттан жоғары тұрады. Ол Аллаһтың өте жақсы көрген
пенделерінен еді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) көп жерде
өзінен кейін елшілердің
абзалы Ибраһим екендігіне ишара еткен. Пайғамбар (с.а.с.)
Қиямет күні өзіне барша адамдардың, тіпті Ибраһимнің де
қызығатынын айтқан.
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын)
жеткен
хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Адамдар (Қиямет күні)
жалаңаяқ, жалаңаш және сүндеттелмеген күйде жиналады.
Сонда ең бірінші киіндірілетін – Ибраһим», – деген
2
.
Сонымен қатар ол Аллаһ тағаланың әмірлерін толық жүзеге
асырған.
«Сондай-ақ (әмірді)
толық орындаған Ибраһим»
3
.
Ол пайғамбарлардың ең сабырлылары қатарындағы ұлы
бестіктің ішіне кірді.
«(Мұхаммед!)
Біз пайғамбарлардан,
сенен, Нұхтан, Ибраһимнен, Мұсадан және Мәриямның ұлы
Достарыңызбен бөлісу: