Папка №1 нормативтік-қҰҚЫҚТЫҚ ҚҰжаттар бекітемін: Келісемін: Қаралды: «Набережный жббм»



бет12/17
Дата05.02.2024
өлшемі195.5 Kb.
#490809
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Папка №1 Сынып жетекшінің құжаттары (2)

4. Пайдаланушылардың құқықтары
4.1.Пайдаланушылар сабақтан тыс уақытта мектеп ғимаратында ұялы телефонды заманауи коммуникация құралы ретінде қолдануға құқылы.
4.2. Қоңыраулар шалуға, хабарламалар жіберуге.
4.3. Ойнауға.
4.4. Ақпарат алмасуға.
5. Пайдаланушыларға тыйым салынады:
5.1. Сабақта телефонды кез-келген режимде қолдануға (калькулятор, ноутбук сияқты).
5.2. Телефонды мектепте полифония ретінде қолдануға.
5.3. Телефон арқылы қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттауға.
5.4. Мектеп имиджіне саналы түрде зиян келтіруге.
5.5. Ұялы телефонды бөтен біреуге қолдануға беру.
6. Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
Осы Қағидаларды бұзғаны үшін мынадай жауапкершілік көзделеді (тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану):
6.1. Бір рет бұзғаны үшін, мұғалім басшының атына баяндама жазуы, ескерту жариялауы (құқық бұзушының түсініктеме жазуы).
6.2. Бұзушылық фактілері қайталанған жағдайда-телефонды комиссиялық алып қою, мектеп әкімшілігінің ата-аналарымен әңгімелесуі және оқушыға ұялы телефонды шектеулі мерзімге алып жүруге тыйым салу.
6.3. (п. 5.1.,5.2., 5.3., 5.4, 5.5) өрескел бұзған фактілері қайталанатын жағдайда телефонды алып қою, мектеп әкімшілігінің ата-аналармен әңгімелесуі, бүкіл оқу жылына ұялы телефон алып жүруге тыйым салуға және оқушыны есепке қою.

БЕКІТЕМІН:
«Набережный ЖББМ» КММ
басшысының м.а Н.К.Жусупова

_____________________
«__» _________ 2023 ж.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Набережный жалпы білім беретін мектебі» КММ-дегі кезекшілік туралы ереже
1. Жалпы ережелер
Осы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Набережный жалпы білім беретін мектебі» КММ -дегі кезекшілік туралы ереже (бұдан әрі – ереже) Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Набережный жалпы білім беретін мектебі» КММ-де (бұдан әрі-білім беру ұйымы) кезекшілікті ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

    1. Ереже «ҚР Білім туралы» Заңына, білім беру ұйымының Жарғысына сәйкес әзірленді.

    2. Осы жергілікті актіні қабылдау кезінде педагогикалық кеңестің, ата-аналар комитетінің, білім беру ұйымының жоғары сынып оқушылары Кеңесінің пікірі ескеріледі.

    3. Мектептегі кезекшілік-оқушылардың өзін-өзі басқару формаларының бірі.

    4. Мектеп бойынша кезекшілік педагогикалық ұжым мен білім алушылардың тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқу-тәрбие процесі үшін қажетті жағдайлар жасау, мектеп мүлкінің сақталуына, оқу процесіне барлық қатысушылардың тәртіпті, тазалықты сақтауына бақылауды ұйымдастыру, оқушылардың өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылады.

    5. Мектеп бойынша кезекшілікті кезекші сынып жетекшісі, кезекші мұғалімдер, кезекші сынып бірлесіп жүзеге асырады.

    6. Кезекшілікке 5-11 сынып оқушылары, сынып жетекшілері, барлық мұғалімдер (қоса атқарушылардан басқа) және әкімшілік мүшелері тартылады.

    7. Мектеп бойынша кезекшілік ішкі еңбек тәртібі қағидаларына, оқушыларға арналған Қағидаларға және мектеп басшысы бекіткен кезекшілік кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет