ӘОЖ 378.147.31
ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
Болатбек М.А., Байрам У.
(әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті)
Кез келген жоғары оқу орнының міндеті тек жоғары деңгейлі білімді мамандарды
дайындау ғана емес, сонымен қатар студенттерді білім беру үрдісі кезінде жаңа
технологиялар құруға машықтандыру, оларды өндірістік ортаның шарттарына бейімдеу
болып табылады. Заманауи білім тек оқу пәндеріне ғана емес, сонымен қатар
студенттердің ойлау тәсілдері мен қызметтеріне де негізделуі керек. Білім беру
үрдісінде студенттердің бойында келесідей қасиеттерді дамыту да маңызды болып
табылады: шығармашылық белсенділік, креативті ойлау, нарықтың өзгермелі
қажеттіліктеріне жылдам бейімделу, бағалай білу және т.с.с.
М. Кларин, В. Монахов, Г. Селевко, В. Беспалько, А. Нисимчук және т.б.
ғалымдар инновациялық педагогикалық технологиялар мәселелерін зерттеуге үлкен
үлес қосты. Білім беру үрдісін ұйымдастырудың кредиттік-модульдік жүйесін
зерттеудің әдістемелік қырлары І. Мороз, П. Сикорський, С. Гончаров, В. Гурин,
О. Спирин, О. Безносюк және т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Студенттерге білім беру барысындағы сәтті әдістердің бірі оқытудың белсенді
әдістері болып табылады. Шеберлік пен әр түрлі дағдыларды қалыптастыруға
бағытталған оқытудың белсенді әдістерінің мақсаты студенттердің шешуі барысында
әр түрлі шеберліктер мен дағдыларды өздері игеретін есептерді шешуге үйрету болып
табылады.
Оқу үрдісінде қолданылатын инновациялық білім беру технологиялары
әлеуметтік тапсырысқа, болашақ мамандардың кәсіби қызығушылықтарына,
студенттердің тұлғалық, жеке қасиеттерін ескеруге негізделуі керек. Сондықтан
жоғары мектепте мамандарды дайындау кезінде инновациялық әдіс-тәсілдерді
пайдалануды мамандарды дайындау мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін
прагматикалық түсінумен сауатты түрде үйлестіре білу керек.
48
Қазіргі таңда студенттерді оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдеріне қарқынды
түрде іздеу мен енгізу жүргізілуде. Сондықтан, заманауи оқытушының өз алдына
қоятын негізгі тапсырмалары келесідей болуы керек: оқытуды интерактивті түрде
жүргізу; студенттердің оқытылатын пәнге деген қызығушылығын арттыру; оқу үрдісін
күнделікті өмірдің дағдыларына жақындату, соның ішінде: коммуникация
шеберліктерін қалыптастыру, өмірдің тез өзгермелі жағдайларына бейімдеу,
әлеуметтендіру, психологиялық сабырлықты арттыру, шиеленістерді басқару әдістеріне
үйрету және т.б. Сонымен, сапалы білім беру жүйесінің міндеті - студенттердің
оқытылатын пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқытудың бірінші курстарынан
бастап өз бетімен білім алуға үйрету, сонымен қатар ғылыми ізденістерге шақыру. Ол
үшін студенттердің білім алу мен болашақ мамандықты игеруінің психологиялық ойлау
жүйесін бірінші курста-ақ баптау керек. Студент болашақ маман ретінде әлеуметтік
және кәсіби шеберліктерді игеру арқылы оларды болашақ қызметтерінде қалай
пайдалану керектігін түсінуі керек. Ал оқытудың инновациялық әдістері мен
технологиялары оқытушыға аталған тапсырмаларды шешуге көмектеседі.
Білім беру аттестат алудың формалды тәртібі емес, адамның тұлғалық және кәсіби
түрде өсуіне жағдай жасайтын қызықты әрі еліктіретін үрдіс болуы керек.
"Классикалық" білім беру түсінігінде оқытушы ақпарат жіберуші, ал студент
қабылдаушы болып табылады. Мұндай жағдайда, «chalk-and-talk», яғни "бор және
әңгіме" әдісі кеңінен пайдаланылады. Бұл әдіс көптеген оқу орындарындабірнеше
ондаған жылдар бойы білім беру стратегиясы ретінде пайдаланылды. Мұндай
жағдайда, оқыту әдетте пассивті түрде өтеді, ал студенттер білім беру үрдісінде
айтарлықтай маңызды орынға ие бола алмай жатады (Сурет 1).
Сурет 1. «Сhalk-and-talk» әдісі
Негізгі әдістемелік инновациялар оқытудың интерактивтік әдіс-тәсілдерін
пайдаланумен де байланыста болады. Оқытудың мұндай әдістерін енгізу заманауи
ЖОО-дағы студенттерге білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі болып
табылады. Студенттер оқу үрдісіне белсенді түрде араласа отырып игерген
материалдарды оңай түсінеді, есте сақтайды.
Қандай да бір әдісті пайдалану педогогикалық және психологиялық мақсатпен
анықталуы тиіс: қызмет барысында оқытушы мен студенттің бірдей орынға ие болуы,
әдістердің студенттердің мүмкіндіктеріне, оқытушының жеке мүмкіндіктеріне
сәйкестігі; оқытылатын материал мазмұны мен әдістің сәйкестігі; әдістердің өзара
байланыстары; оқыту мен шеберліктерді, дағдыларды пайдаланудың сапалы
нәтижелерге жету тиімділігі және т.с.с.
Оқытудың инновациялық әдістеріне болашақ маманның кәсіби біліктілік деңгейін
арттыруға бағытталған белсенді оқыту әдістері жатады. Белсенді оқыту әдістері
болашақ мамандарды қарқынды танымдық қызметке тарту; оқыту-тәрбиелеу
үрдісіндегі қатысушылардың ойлау жүйесін қалыптастыру; студенттердің сабаққа
белсенді қатысуына жағдай жасау; оқытушы мен студенттің өзара байланысын
жақсарту және т.б. арқылы болашақ мамандардың бойында білімнің, кәсіби қабілеттер
мен дағдылардың қалыптасуына жағдай жасайды.
49
Оқытудың интерактивті әдістерінің мақсаты студент өзінің зияткерлік
тұрғысындағы күштілігі мен сәттілігін сезінетін оқытудың қолайлы жағдайларын
қалыптастыру болып табылады, ал бұл оқу үрдісін тиімді ете түседі. Басқаша айтатын
болсақ, интерактивті оқыту - бұл бірінші кезекте студент пен оқытушы және
студенттердің өздерінің арасында өзара байланыс орындалатын диалогтық оқыту.
Интерактивті оқыту әдістерінің міндеттері:
- студенттердің пәнге және өз бетімен білім алуға деген қызығушылығын
тудыру;
- студенттердің өзіндік ой-пікірлері мен өз ұстанымдарын сақтау қабілетін
қалыптастыру;
- әлеуметтік және кәсіби дағдыларын қалыптастыру;
- үйреткен материалды тиімді меңгеру;
- қойылған мәселені шешу жолдары мен нұсқаларын анықтауда студенттердің өз
бетінше ізденуі, шешімдерін негіздеуі;
- топта жұмыс жасауды үйрету, студенттер арасында өзара белсенді әрекеттесуді
орнату;
- студенттің саналы біліктілік деңгейін қалыптастыру.
Жоғары оқу орнында оқытудың заманауи әдістерін қолдану мүмкіндігінің негізгі
қырларын қарастырайық. Баяндама шеңберінде біз оқытудың интерактивті әдістерін
қарастырамыз. Олар төмендегідей:
1. күрделі баяндау әдісі
2. презентация
3. талқылау
4. кейс-стадия
5. топтық жұмыстар
6. "миға шабуыл"әдісі
7. сыни ойлау әдісі
8. сұрақ-жауап сайысы
9. мини-зерттеу
10. іскерлік ойындар
11. рөлдік ойындар
12. Insert әдісі - студенттер 10 минуттық ассоциативті эссе жазатын жеке
белгілеулер әдісі
13. блиц-сұрақ әдісі
14. сауалнама жүргізу немесе «Бинго» қабылдау әдісі және т.б.
Әр түрлі жағдайларға байланысты, оқытушы оқытудың анағұрлым ыңғайлы
жолдарын өзі таңдайды.
Интерактивті сабақ бойынша оқу материалын ұсыну кезінде жұмыс істеудің
белгілі бір қағидаларын ұстану қажет.
Бірінші қағида: оқыту - бір сарынды дәріс емес, студенттердің бір-бірімен және
оқытушымен өзара әрекеттесуі мен бірлесе жұмыс жасауы.
Екінші қағида: барлық студенттер әлеуметтік жағдайына, жасына, тәжірибесіне,
жұмыс орнына және т.б. қарамастан тең.
Үшінші қағида: әрбір студент кез келген мәселе бойынша өз пікірін білдіруге
құқылы.
Төртінші қағида: кез келген жағдайда, жеке тұлғаны сынға тартуға болмайды, тек
қана идея сынға алынады.
Бесінші қағида: сабақ барысында айтылғанның барлығы әрекетке нұсқау емес, тек
ойлануға берілген мәлімет.
Осы қағидаларды ұстана отырып, оқытушылар да, студенттер де интерактивті
сабақтардан барынша пайда ала алады.
50
Тиісінше, оқытудың кредиттік-модульдік технология жағдайында жоғары оқу
орындарыныңоқытушыларын дайындаудакелесі әдістер мен тәсілдерді пайдалану
қажет:
интерактивті дәрістер жүргізу, атап айтқанда дәріс барысында студенттермен
жұмыс істеу кезінде, «сұрақ-жауап» әдісін пайдалану; пән бойынша көтерілген
мәселелердің бірін ашатын студенттер дайындаған қысқа презентациялар
өткізу; тестілеу;
зертханалық сабақтар барысында «дөңгелек үстел», «шеберхана» тәрізді жұмыс
істеу түрлерін енгізу. Онда студеттер талқылау барысында мамандық бойынша
маңызды мәселелерді өз бетінше жасаған әзірлемелер негізінде шеше алады;
пікірсайыстар, пікірталастар өткізу, педагогикалық жағдайларды талдау;
студенттің өзідік жұмысын түрлендіру, белгілі бір оқыту пәнінің міндетті
құраушысы ретінде жеке ғылыми-зерттеу тапсырмаларын орындау;
сабақ барысында веб-сайттар, презентациялар, жарияланымдар пайдалану;
жоғары мектеп оқу-тәрбие үрдісінде іскерлік және рөлдік ойындар, кейс-
әдістер, ми шабуылы әдістерін пайдалану. Ол оқытушының белсенділігін,
шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытады;
болашақ жоғары мектеп оқытушыларының кәсіби біліктілігін қалыптастыруға
ықпал ететін шеберлік сабақтарын, тренингтерөткізу;
дәріс оқу мен зертханалық сабақтар жүргізу барысында мультимедиялық
құралдарды кеңінен пайдалану, тірек дәрістер конспектілерінің электрондық және
басқа да әр түрлі түрлерін, студенттерді электрондық тасымалдаушыларда таратылатын
оқу ақпаратымен, интернет-іздеу және т.б. қамтамасыз ету (Сурет 2);
жеке зертханалық семинарлар барысында еліктеу, рефлексия, релаксация
элементтерін пайдалану;
студенттердің жетістіктерін бағалау және бақылаудың жаңа көзқарастарын
пайдалану.
Жоғары мектепте оқытудың инновациялық әдістерін қазіргі кезеңдегі
қолданылатын және бір әдісі, моральдық құндылықтарға да басымдық береді. Ол
кәсіби әдеп, сыни ойлауды дамыту, өз пікірін білдіру және қорғау қабілеті негізінде
жеке моральдық қағидаларды қалыптастыруға ықпал етеді.
Сурет 2. Инновациядық сабақтардағы мультимедия кұралдары элементтері
Инновациялық әдістер тек қана білім тасымалдаушысы ғана емес, тәлімгер және
студенттердің шығармашылық ізденістерін бастаушы болып табылатын оқытушының
рөлін өзгертуге мүмкіндік берді.
Бірінші кезекте, білім беру үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу үшін,
пассивті әдістер ықпал етпейтін оқытушылардың ескірген стереотиптері мен дәріс
жүргізу әдеттерін өзгерту қажет.
51
Сондай-ақ, білім алудың дәстүрлі көзқарастары студеттермен жұмыс жасау үшін
қайта бағдарлануы қажет,студент өз бетінше ой қорытуға, ой қабілетін дамытуға,
талдау және қорытынды жасауға машықтандырылуы керек.
Оқытудың тиімді нысандарын табысты жүзеге асыру үшін, оқытушы
студенттермен жұмыс жасауда заманауи инновациялық әдістерді қолдануға негізделген
білім мен дағдылардың кешенді жиытығынаие болуы тиіс.
Зерттеушілер оқытудың негізгі мақсаты студенттердің санасына ақпарат немесе
білімдіжеткізу деп санайды. Сайып келгенде компьютерлерді пайдаланып кез келген
әдісті, немесе қолданыстағы дәстүрлі «бор және әңгіме» әдісін өзгерту - инновациялық
әдіс болып табылады, ал ең бастысы - оқытудың негізгі мақсатына қол жеткізілуін
қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |