жоғары басшылық арнайы жер аударыл
ған дардың мәселелерін дер кезінде шешпей,
берілген қаулыларды дұрыс орындамағандары
үшін тек қана ескертумен шектелмей, аудан
көлеміндегі жауапты тұлғаларды жазаға да
тартты. 1944 жылдың 20 қыркүйегіндегі Оңтүстік
Қазақстан облыстық атқару комитетінің хатшысы
М.С.Салин, облыстық партия комитетінің төрағасы
Х.М.Пазиков және облыстық ІІХК басшысы М.В.Фе-
дотов тарапынан Киров аудандық атқару коми-
те тінің хатшысы Тажибеков пен ҚК(б)П аудандық
комитетінің төрағасы Әлжановқа бұйрық хат жол-
данған. Бұл хаттың мазмұнында арнайы жер ауда-
рылғандардың мәселелерін уақытылы шешпей,
нем құрайлылық танытулары салдарынан арнайы
жер аударылғандар қатарында өлім фактілеріне
де йін орын алғандығы үшін «Күйік» совхозының
ди рек торы А.В.Востриков, ІІХК коменданты Су-
ров партия қатарынан шығарылғандықтары, енді-
гі уақытта істері сотта қаралып жатқандығы айты-
лады. Сондай-ақ жергілікті аудандық атқару ко ми-
тетінің төрағасы Мирзаходжаев жұмысынан алы-
нып тасталғандығы да жеткізіледі. Осы жазалау
шараларын атап келіп, егер де хат жолданып отырған
аудан басшылары өз аумақтарындағы арнайы жер
аударылғандардың мәселелерін шешуді оң нәтижеге
жеткізе алмаса сәйкесінше заң баптарымен жазаға
тартылатындықтары ескертіледі [10].
Оңтүстік Қазақстанға жер аударылған қарашай-
лар ішінде өлімнің көп болғандығын аман қалған-
дар дың естеліктерінен де байқауға болады. Бес жа-
сында от басымен жер аударылып келген қарашай
ұл ты ның өкі лі, Байрамқұлов Хасан Шошақұлы ес-
телігінен: «Бізді Кавказдан қыстың аязында Ор-
талық Азияға әкелді. Оңтүстік Қазақстанда жаз-
дың күні ауа райы 45-50 градусқа дейін жетеді.
Сол себепті ағзаның жаңа климатқа бейімделуі,
әлсіздік, тойып тамақтанбау салдарынан аурулар
тарады. Қазақстанда алғашқы жылдары өлген
адамдарымызды жерлейтін адам да табылмай
қалатын жағдайлар кездесті, өйткені жерлей ала-
тын мөлшерден де көп адам көз жұмып жатты.
Тамақ болмады. Күнжара жедік, көкпек өсімдігін
же дік. Барақта бірнеше жанұя қатар тұрдық.
Жуынатын мүмкіндік болмаған соң бит пайда
болды...» [11].
Достарыңызбен бөлісу: |