1943 жылдың 12 қазанында КсРО жоғарғы
Кеңесі президиумының жарлығымен Қарашай
автономды облысы жойылды. Ал 14 қазанда
қарашайларды жер аудару туралы КСРО ХКК-інің
қаулысы қабылданды. Көпшілігі Қазақ КСР-інің Жам-
был мен Оңтүстік Қазақстан облыстарына 11 711
отбасы жалпы саны 45 529 адам апарылды, Қырғыз
КСР жеріне – 5790 отбасы, 23 300 адам, Өзбек КСР
жеріне – 95 отбасы, 353 адам жіберілді [3, 239-б.].
Қарашайлардың құрамы туралы біз 1944 жылдың
қаңтар айындағы Қазақ КСР ІІХКБ-ның КСРО ІІХК-
на «Арнайы жер аударылған – қарашайлықтар»
жө ніндегі ресми сұраныс хатынан біле аламыз [4,
409-б.]. Сұраныс хат негізінен қарашайлармен бірге
жер аударылып келген орыс, қырым татарлары мен
лезгин ұлт өкілдерінің мәселесі бойынша қойылған.
Сұраныс хат мазмұны негізінде жер аударылған
қарашайларды келесідей топтауға болады: бұған де-
йін Қызыл Әскер қатарында басшылық қызметтегі,
әскери атағы бар күйеулерінен қамтамасыз ету ат-
тестаттарын алып отырған отбасылар; мемлекеттік
марапаттары бар ҰОС мүгедектері; неміс оккупациясы
кезінде партизандық қозғалыстар қатарында соғы-
сып, мемлекеттік марапатқа ұсынылған жә не оны
иеленгендер; неміс оккупациясының салда ры мен
күрес жүргізген ІІХК ерекше топтарының қаты су-
шылары.
Достарыңызбен бөлісу: |