Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков


  жылдың  25  желтоқсанында  Киров  ау­



Pdf көрінісі
бет121/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   299
9-20

1944  жылдың  25  желтоқсанында  Киров  ау­

данына қарасты Бағара медициналық бөлімшесі 

есебіндегі  арнайы  жер  аударылған  қарашайлар­

дың  түрлі  дерттерге  шалдыққандарының  тізі­

міндегі  мәліметтерді  қарастырайық  [12].  «Жда-

ново»,  «Бірлік»  және  «Каганович»  колхоздары  бо-

йынша  медициналық  бөлімше  тізімінде  20  қарашай 

тіркелді.  Олардың  он  екісі  1-16  жас  аралығындағы 

балалар, қалған сегізі 20-68 жас аралығындағы ересек 

адамдар.  Құжаттарда

 

әлсіреу,  іш  өту  диагноздары-



нан  бөлек  бір  отбасының  4  адамынан  туберкулез 

дерті  анықталған,  14  адамның  авитоминозға  шал-

дыққандығы көрсетіледі. 

Бұл мағлұматтар негізінде арнайы жер аударылған 

қарашай  ұлт  өкілдерінің  арасында  ағзаның  әлсіреуі 

мен авитаминозға негізінен шалдыққандардың басым 

бөлігін  балалар  құрағанын  көруге  болады.  Бұл  екі 

денсаулық  күйі  де  қажетті  мөлшерде  тамақтанбау, 

ағзаға  жеткілікті  деңгейде  керекті  витаминдердің 

берілмеуінен  болатындығы  белгілі.  Бір  әулеттің  4 

адамы  қатарынан  туберкулезбен  ауырғандығын  да 

байқай  аламыз,  бұл  жоғарыда  аталған  себептер-

мен  қатар  тұрмыстық  жағдайдың  төмендігінен  де 

ағза ның инфекцияға қарсы тұру мүмкіндіктерін әлсі-

регендігін  байқатады.  Сондай-ақ  туберкулездың 

әлеу меттік  дерт  екендігін  естен  шығармауымыз  ке-

рек.  Тұрмыстық  жағдайдың  төмендігіне  қатысты  ең 

басты екі факторды атауға болады, біріншісі – азық-

түліктің  жетіспеуі,  екіншісі  –  үй-жаймен  қамтамасыз 

етілмеуі.  Арнайы  жер  аударылғандар  негізінен  жер-

төлелерде  тұрғандығын  ұмытпау  қажет,  жертөле  – 

жерді қазып, үсті тегіс шатырмен жабылған баспана 

түрі.  Оңтүстік  Қазақстанның  жазы  аса  ыстық,  қысы 

қысқа  болғанымен  ауасы  ылғалды  климат  екендігін 

ескерсек,  санитарлық  талаптарға  сай  келмейтін  тар 

ғимараттарда көп адамның тұруының өзі денсаулыққа 

зиянды инфекциялардың таралуына қолайлы жағдай 

тудыратынын аңғарамыз. 

Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Келес  ауданы  әкім-

шілігінен  Оңтүстік  Қазақстан  ҚКП  (б)  облыстық 

комитетінің  хатшысы  С.Галиевке  жіберген  есеп  ха-

тында 1945 жылдың 15 мамыры күнгі жағдайға сәй-

кес  ауданда  арнайы  жер  аударылған  809  отбасы, 

3003  адам  өмір  сүрді.  Арнайы  жер  аударылғандар 

қарашайлар, немістер және әзірбайжандар еді. Оның 

ішінде,  қарашайлар  348  отбасы,  1345  адам  болды: 

325  отбасы,  1281  адам  колхоздарда;  10  отбасы,  33 

адам  өндірістік  артельдерде;  13  отбасы,  31  адам 

өзге мекемелерге бекітілді. Аталған қарашайлардың 

еңбекке жарамдылары – 410 адам, колхозда жұмысқа 

орналастырылғандары  –387  адам;  өндірісте  –  10 

адам; өзге мекемелерде – 13 адамды құрады [13]. 

1945 жылдың 21 мамырындағы Оңтүстік Қазақстан 

еңбекші  депутаттар  кеңесі  атқару  комитетінің  мен 

ҚКП  (б)  облыстық  бюросының  «ХКК  мен  ҚК(б)П 

ОК-ның  1945  жылғы  26  сәуіріндегі  Қазақ  КСР-дегі 

арнайы  жер  аударылғандарды  шаруашылық  тұрғы-

да  орналастырудағы  кемшіліктер  туралы  қаулыны 

іске  асыру  шаралары  туралы»  атты  қаулысы  [14] 

бірсыпыра  күрмеулі  мәселелердің  бетін  ашып,  құ-

зіретті  мекемелерді  қателіктерді  дереу  түзеуге,  жа-

уапкершілікке шақырды. 

Қаулы  бойынша  облыстық  халықтық  білім  беру 

бөлімі  арнайы  жер  аударылғандардың  балаларын 

оқумен  қамту  бағытында  еш  жұмыс  жасамағаны 

анықталды.  Есепке  алынған  11  024  мектеп  жа-

сындағы  баланың  ешқайсысы  білім  алмағаны  және 

ешбірі  алдағы  оқу  жылына  дайындықсыз  екен дігіне 

баса  назар  аударылады.  Балалар  үйінде  орна лас-

тырылғандардың  киетін  сырт  киімі,  аяқ  киімі,  тіпті 

жатар  төсек  орны  да  тапшы  болды,  сол  себепті 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет