30
Қазақ тарихы
№9 (186), қыркүйек, 2020
төсектерді қатарластырып қойып, әрқайсына бірнеше
бала жатуға мәжбүр болды.
1945 жылдың 14 қыркүйегінде ҚК(б)п облыс
тық комитетінің Қазақ КсР Кп(б)
ОК хатшысы
А.Қойшығұловқа жолдаған есебінде маусымшіл
де айларындағы тексеріс нәтижелері баяндалды
[15].
Тексеріс барлық аудандарға құзіретті орындар
қызметкерлерін жіберу арқылы бірқатар мәселе-
лерді анықтады. Солардың ішінде Сайрам мен
Шым кент аудандарындағы арнайы жер аударылған-
дарға бас пана салу, ескісін жөндеу жұмыстарының
арнайы құрылыс бригадаларының жасақталмауы
салдарынан қанағаттанарлықсыз жағдайда екендігі
көрсетілді.
ҚР Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және
арнайы есеп Комитеті архивінің мәліметі бойынша
1945 жылдың 1 қаңтарына қарай Қазақстандағы ар-
найы жер аударылған қарашайлар 10 505 отбасы,
40 767 адамды құрады. 1945 жылдың 1 шілдесіне
сай ақпарат бойынша олардың саны 10350 отбасы,
39 431 адам болды [16, 49-б.]. Алты ай аралығында
арнайы жер аударылған қарашайлар мыңнан астам
адамға азайғандығын бақылауға болады.
1946 жылдың 31 мамырында ҚК(б)П облыс-
тық комитет хатшысы С.Галиев Сары-Ағаш аудан-
дық комитеті басшылығына арнайы жер аударыл-
ғандардың арыздары бойынша хат жолдап, мәсе-
лелер бойынша тиісті шара қолдануды талап етті [17].
Арыздар бойынша Сары-Ағаш ауданындағы арнайы
жер аударылғандардың тұрмыстық жағдайына еш-
қандай көмек көрсетілмейтіні, киім-кешек және азық
түлікпен қамтамасыз етілмейтіндері, бақшалық
жер берілмейтіні, сонымен қатар арнайы жер ау да-
рылғандар өз арыз-шағымдарын айтқанда комен-
данттардың дөрекі қарым-қатынас көрсететіні баян-
далады.
ҚК(б)П облыстық комитет хатшысы С.Галиевтың
тапсырмасына қатысты аудандық комитет ІІМ-нің
аудандық бөліміне сұраныс хат жолдады. 1946
жылдың 26 маусымында ҚК(б)П Сары-Ағаш ау-
дан дық комитетінің сұраныс хатына ІІМ-нің ау-
дандық бөлімі өз қызметкерлерінің арнайы жер ау-
дарылғандарға дөрекі қарым-қатынас көрсету іс-
әрекеті анықталмағандығы, анықталса заңды шара
қолданатындықтары жайында жауап хат жіберді [18].
Достарыңызбен бөлісу: |