29
Қазақ тарихы
№9 (186), қыркүйек, 2020
тергеу амалдарын жүргізіп, кінәлілерге тиісті жаза
қолданулары керек; арнайы жер аударылғандарға
Ауыл шаруашылық банктері арқылы баспана салуға
7 жылға дейін бөліп төлеу шартымен 5 000 рубльге
дейін несие алу құқықтарын хабардар ету; КСРО
ХКК-нің 1944 жылдың 29 мамыр айындағы қаулысы
бойынша арнайы жер аударылғандарға олардың жер
аударылған жақтарында үкіметке тапсырған мал-
мүлік пен дақылдарының есесіне қоныстандырылған
жерлерінде мал-мүлік пен дақыл беруді бақылауды
қадағалауға алу [9]. Сонымен қатар,
бөлінген қор-
лардың тікелей мақсатқа сай жұмсалуын бақылау,
жер аударылғанға дейінгі атқарған партиялық, кеңес-
тік және колхоздық қызметтеріне орай арнайы жер
аударылғандарды өз орталарында ұйымдастыру
ша раларына кеңінен жұмылдыру, арнайы жер ау-
да рылғандар арасында әлі де кең таралып тұрған
бөрт пе сүзек ауруының алдын алудың санитарлық-
профилактикалық шараларын күшейту, ауруға
шал дыққандарға ауруханада қажетті орындардың
болуын іске асыру сияқты шаралар да бар.
Достарыңызбен бөлісу: |