Ойдың тілі – сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі
ойларымызды сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау
және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Адам
баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің
пайда болуының маңызы зор болды.
сөйлеу – адам санасының басты белгісі. Тіл,
сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-
санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл
атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс.
Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан
айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қол-
дану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байла-
ныста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз
– коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік
тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен
жүйелі қолдану.
Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негіз-
деледі. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту,
лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап,
талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма
сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалып-
тасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың
дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер
ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе
бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан),
көркемдігі маңызды рөл атқарады.
Сөз мәдениетін қалыптастыруға қажетті лингвис-
тикалық орталықтар қатарына лингвистикалық бол-
жау орталығы жатады. Лингвистикалық алдын ала
болжау орталығы дәстүрлі тіл жүйесінің сапалық
және сандық бағыттарын кешенді түрде зерттеу
міндеттерін, сөз, сөйлеу қызметінің дәстүрін қалып-
тастыру мәселесін қарастырады. Сөз мәдениетіне
қатысты лингвистикалық экология тіл және сөз
мәдениетінің экологиясы деп аталады. Сөз мәде-
ниетінің экологиясына тілдік ситуация, тілдік сана,
тілдік орта, тілдік ортаның тазалығы, сөз қызметінде-
гі стилистикалық қатынастардың бұзылуы, сөйлеу
этикасы мәселелері, сөз мәдениеті және мониторинг,
т.б. мәселелер жатады [4].
Тіл мәдениетіне тілдің құрылымдық жүйесіндегі
орфоэпикалық, пунктуациялық, лексикалық-грам ма -
тикалық, синтаксистік нормалар қамтылып, олар дың
коммуникативтік эстетикалық қызметі толық айқын-
далған жағдайда стилистикалық норма жүзеге аса-
ды. Стилистикалық норма сөйлеушінің тілдік сөйлеу
тәртібін қалыптастырады. Сөз мәдениеті көркем сөй-
леуде, ғылыми-көпшілік немесе ресми ортада, тіпті
ауызекі сөйлеу стилінде тілдің барлық салаларымен
тамырлас келеді. Сөйлеу мәдениеті топ алдында
мәдениетті сөйлеу, оның алғышарттарын, әдіс-тәсілін
танып білу, озық үлгілерін меңгерудің жолдарын,
нақты қасиеттерін ұғыну сияқты мәселелермен тығыз
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |