су
бъектсубъект, субъектобъект байланыстары
жү йе сінде ғана және осы байланыстар арқылы кө-
рі ніс береді. Себебі «адал» категория-принципі су-
бъек тінің көзқарасының, дүниетанымының іргелі
ұста нымы ретінде аталмыш байланыстар жүйесінің
ең мәнді және белсенді элементтерінің бірі болып
табылады. Айтылғандардан шығатын қорытынды:
«адал» – ең алдымен, тұлғалық, субъектілік мән-
ді категория-принцип. Ол тұлғаның қоғамдық қа-
рекеттің субъектісі ретіндегі кісілік болмысының,
яғни рухани позициясының ұйытқысы деп атауға
болатын ең негізгі қасиетін бейнелейді. Осы ретте
ерекше назар аударарлық жайт – көшпелі ортада да
адамның адалдығы, ең алдымен, оның туыстарына,
руластарына, дос-жарандарына байланысты нақ-
ты іс-әрекеті арқылы көрініп отырды. Осыған орай,
дәстүрлі қазақы ортада кең тараған «алдымен
өзіңді жарылқа, өзіңнен артылса көршіңді жарылқа,
көршіңнен артылса еліңді жарылқа» деген қағидаға
айналған максима-ұстанымды келтіруге болады. Со-
нымен бірге, кез келген көшпелі ортадағы кез келген
адамның адалдық қасиеті оның дәстүрлі қоғамдық
қатынастардың нормалары мен принциптеріне сәй-
кестілігіне байланысты болғандығын ерекше екшеп
айтқан жөн. Яғни, соңғылары тұлғаның адалдығы-
ның объективтік этикалық өлшемі іспеттес болды.
Адалдықтың қоғамдық өлшемге сәйкестілігі оған ке-
реғар «арам» деп сипатталатын кейбір адамның
бойынан кездесетін жәдігөйлік, озбырлық, екіжүзділік,
алаяқтық және т.б. жағымсыз қасиеттерді бейнелейтін
категория-принцип тұрғысынан анықталады. Яғни,
«адал», «арам» категориялары – бірін-бірі өзара то-
лықтырып отыратын антитезалар. Олардың өзара
байланысы философия тілімен айтқанда, үнемі ан-
тиномиялық сипатта болады. «Адал» категориясы
тұлға кісілігінің, адамгершілігінің ең басты этикалық
өлшемі ретінде қазақы ортада айырықша қастерлен-
ді. Қазақ тарихында әйгілі билердің билік жүргі зу
үрдісінде, ақсақалдар кеңестерінде қабылданған
әділ шешімдер мен кесімдерді халық ең алдымен
осы билер мен ақсақалдардың басым көпшілігінің
адалдығымен байланыстыратындығы сондықтан.
Достарыңызбен бөлісу: |