Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков


ҚР  жоғарғы  сотының  төрағасы  қызметіне



Pdf көрінісі
бет153/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   299
9-20

ҚР  жоғарғы  сотының  төрағасы  қызметіне 

2003  жылы  қайта  оралып,  оны  2006  жылға  де­

йін  атқарды.  Қордың  біраз  бөлігін  М.С.Нәрікбаев-

тың  мемлекеттік  деңгейдегі  қоғамдық  жұмыстарды 

ат қарғандығын  дәйектейтін  құжаттар  құрайды.  2001 

жылы Мақсұт Сұлтанұлы «Құқықтық Қазақстан үшін» 

қоғамдық  бірлестігін  құрып,  ол  2004  жылы  саяси 

партияға айналды. Осы партияның төрағалығына сай-

ланды.  Ол  «Әділет»,  «Ақ  жол»  демократиялық  пар-

тияларының төрағасы қызметтерін де атқарды. Қор-

да «Әділет» демократиялық партиясының Қазақстан 

Республикасындағы  жемқорлықпен  күресу  мәселесі 

жөніндегі,  «Асар»  Республикалық  және  Қазақстан 

демократиялық  партияларының  саяси  өтініштері, 

ҚР  сайлау  заңнамасына  өзгерістер  енгізу  туралы 

өтініштері  [7]  тіркелген.  «Әділет»  демократиялық 

партиясының  Қазақстан  Республикасындағы  жем-

қор лықпен  күрес  туралы  өтініште  жемқорлықты 

ауыздықтау  және  деңгейін  төмендету  заманауи 

мем лекеттің  жүргізіп  отырған  саясатындағы  басым 

бағыттардың  бірі  екендігі  атап  көрсетілген.  Елдегі 

бақылаусыз  және  жауапкершіліксіз  тұрғыда  етек 

жайған  жемқорлықтың  әлеуметтік  салдарының  өте 

ауыр  болатындығы  ескертілген.  Төменгі  орган дар-

дан  бастап  мемлекеттік  аппаратқа  дейін  жеткен 

жемқорлықтың  елдің  конститутциялық  құрылымына, 

ұлттық  қауіпсіздігіне  төндіретін  қаупінің  зор  екендігі-

не  назар  аударылған.  Сондықтан  оған  қарсы  күрес 

фрагменталды  сипатта  емес,  үнемі  әрі  үздіксіз 

жүргізілуі тиіс деп атап көрсетілген. Ең бастысы заң 

бұзушыларды  жазалау,  әшкерелеу  және  баршаға 

мәлім  ету  шараларын  күшейту  қажеттілігі  айтыл-

ған. Жемқорлықты болдырмау мақсатында құқықтық 

сананы  және  құқықтық  мәдениетті  жетілдіру  қажет. 

Қолданыстағы  заңнамаға  реформа  жасап,  оны  нақ-

тыландыру  және  дамыту  қажет.  Құқық  қорғау  ор-

гандары қызметкерлерінің сапалық жағынан жақ сар-

туға,  олардың  кәсіби,  әскерлік,  моралдық,  этикалық 

және  патриоттық  қабілеттерінің  артуына  талаптар-

ды күшейту түйткілдерін қойды. Жемқорлыққа қарсы 

саясатты  тиімді  ету  үшін  мемлекет  пен  қоғамның 

саяси  пәрменін  күшейту,  жемқорлыққа  қарсы  кү-

ресті  жетілдіруге  бағытталған  заңнамалық  базаны 

қалыптастыру,  қоғамның  жемқорлыққа  қарсы  күш-

терін  ерекше  белсенді  жүргізу  қажеттіліктерін  тізіп 

көрсетті.  Осы  мақсатта  «Әділет»  демократиялық 

партиясына  қосылуды  және  жемқорлықпен  күреске 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет