1995 жылдың қазанынан 1996 жылдың
мау сымына дейін ҚР Бас прокуроры, 1996
2000 жылдары ҚР жоғарғы сотының төраға
сы қызметтерін атқарды. «Төраға болып таға-
йындалғаннан кейін 25 күн өткеннен соң Жоғарғы
соттың мәжіліс залында тарихымызда алғаш рет
судьяларға мантия кигізіп, үлкен салтанатпен
атап өтілді. Мантияға бәйге жариялап, оны
судьяларға кигізу идеясын алғашқылардың бірі бо-
лып ұсынған Мақсұт Сұлтанұлы болды» [4]. 1995
жылы ол заң ғылымдарының докторы, профессор
У.С.Жекебаевтың жетекшілігімен «Кәмелеттік жас-
қа толмағандардың заң бұзушылығының қыл мыс-
тық-құқықтық және криминологиялық аспек тіле рі»
тақырыбында диссертация дайындап, заң ғылым-
дарының кандидаты ғылыми дәрежесін иеленді [5].
Көп ұзамай 1997 жылы «Қазақстан Республикасында
балалық шақты қылмыстық-құқықтық қорғау» тақы-
рыбында докторлық диссертациясын сәтті қор ғап, заң
ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін [6] алды.
Достарыңызбен бөлісу: |