Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков



Pdf көрінісі
бет23/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   299
9-20

 

«адал»,  «арам»,  «сауап»  категорияларымен  бірге 

негізгі төрт принципін құрайды [1]. «Обал» аталмыш 

категориялардың ішінде «сауап» категориясымен тек 

адамаралық  байланыста  ғана  (оның  үстіне  белгілі 

дәрежеде)  теза  –  антитезалық  мәнде  жұптасады. 

Яғни,  олардың  аталмыш  байланыс  аясында  ғана 

бір-бірін  өзара  пысықтап  әрі  дәйектейтін  мән-мағы-

насы  бар.  Себебі  «сауаптың»  адамға  ғана  қатысы 

болғандықтан,  мағынасы  «обал»  категориясының 

семантикалық  өрісінен  әлдеқайда  шектеулі  болып 

келеді. Ал субъектінің «обал» ұстанымының объектісі 

адаммен  (адамдармен)  ғана  шектелмейді.  Өйткені, 

көшпеліні  қоршаған  табиғи  ортадағы  тіршілік  атау-

лының  иелері  де,  адамның  ас-тағам  жүйесіне  жа-

татын  компоненттерінің  бәрі  де  субъектінің  «обал» 

ұстанымының  объектілері  болып  табылады.  Демек, 

«сауап»  «обал»  категориясына  толық  антитеза  (не-

месе теза) бола алмайды. 

Ғылыми  еңбектерде  «обал»  субъект  тарапынан 

жасалған  жағымсыз  іс-әрекеттің  зардабын  білдіре-

тін  жаманшылық  атаулы,  яғни,  зиян,  қиянат,  жан 

күйзелісі  сияқты  мәнде  қолданылатын  сөз  ретінде 

қарастырылып  жүр.  Біздіңше,  мұндай  көзқарас 

«обал» категориясының әуелгі дүниетанымдық және 

ғұрыптық  болмысын  парықтай  алмаудың  салдары 

болып  табылады.  Сан  алуан  этнографиялық,  фоль-

клорлық,  этнолингвистикалық  материалдардың  өз-

ара  салыстырыла  зерделенген  қисынына  сүйенсек, 

«обал»  жоғарыда  аталған  және  осы  сияқты  басқа 

да  жағымсыз  жайттардың  тікелей  өздерін  емес, 

осы  жайттарды  «ата-баба  жолына»  мүлдем  жат  іс-

әрекеттің  салдарына  байланысты  «жауап»  ретінде 

жіберетін  ерекше  тылсым  күш  иесінің  атауы  бол-

са  керек.  Дәстүрлі  қазақы  мифологиялық  пайым 

бойынша,  әлгі  тылсым  күш  –  «обал»  объектіге 

(адам,  жан-жануар,  жәндіктер,  өсімдіктер  және 

т.б.)  субъектінің  жасаған  жаман  іс-әрекеті  үшін  оған 

не месе  оның  жақындарына  тиісті  жаманшылық 

жібереді  екен.  Кезінде  көшпелілер  тіршілік  еткен 

мифопоэтикалық  ортаның  дүниенің  жаратылысы 

туралы  концепциясына  сәйкес,  әлгі  тылсым  күш 

иесінің  атауы  болған  «обал»  кейін  семантикалық 

эволюцияға ұшырап, өзінің бастапқы мифологиялық 

және  әдет-ғұрыптық  аталмыш  «субъектілік  мис-

сиясынан»  ажырап  қалып,  ұғым-сөз  деңгейіне  тү-

сіп  қалған  сыңайлы.  «Обалдың»  ғұрыптық  мәнді 

қолданысының  қисыны  тұрғысынан  бұл  категория-

ны  адамды  жаман  пиғылдан,  осы  пиғылдың  жүзеге 

асырылу  үрдісі  болып  табылатын  тиісті  жаман  іс-

әрекеттен  тежейтін  мәнде  қолданылатын  ұстаным 

ретінде  қарастыруға  болады.  Демек,  бұл  категория-

принцип те дәстүрлі қазақы ортадағы әлеуметтік қа-

тынастың  дағдылы  нормалары  мен  принциптерінің 

(ұстанымдарының) бірі болып табылады. 

«Обал»  категория-принципі  тек  субъект-объект-

аралық  байланысты  ғана  жүзеге  асырылады.  Бірақ, 

оның да жоғарыда аталған «адал»«арам», «сауап» 

ұстанымдары  сияқты  субъектіні  міндеттейтін,  тіпті, 

субъектердің  құқықтық  қатынасқа  түскен  сәтінде  де 

оларды  мәжбүрлейтін  функциялары  болған  жоқ. 

Дегенмен,  «обал»  ұстанымын  субъект  тарапынан 

орындалу  қажеттілігі  әртүрлі  салт,  ғұрып,  жосын-

жоралғы,  ырым,  тыйым  және  көзқарас  сияқты  инс-

титуционалдық  қатынастың  компоненттері  ар қылы 

қамтамасыз  етіп  отырылды.  Мысал  ретінде  көшпелі 

ортада исі қазақ мойындаған «малды тебу обал, киесі 

атады» деген максима-қағиданы айтуға болады. Осы 

қағида-тұжырымның түпкі мәні малды тепкен адамды 

оның киесі жазалайды, сөйтіп, малдан құт кетеді деген 

дәстүрлі қазақы ортада ежелден қалыптасқан наным-

сенімді  білдіреді.  Бұл  жерде  аталмыш  наным-сенім 

малды  тебудің  обал  екендігінің  ғұрыптық  негіздеме-

сі функциясын атқарып тұр әрі мұндай әбес әрекет-

тің  субъекті  үшін  салдары  ауыр  болатындығының 

ескертпесі іспеттес. 

Түптеп  келгенде,  субъектінің  «обал»  принципін 

ұстануы  ең  алдымен  оның  адамгершілік  қасиеттері 

мен  көзқарасына  байланысты  болады.  Дегенмен, 

көшпелі  ортада  кез  келген  адамның  әлеуметтік 

қатынастың  дағдылы  нормалары  мен  принциптерін 

ұстану оның жеке отбасының бар тіршілік-тынысының 

ең  басты  шарты  әрі  кепілі  әрі  мәні  екендігіне  бай-

ланыстылығы  назар  аударады.  «Обал»  категория-

принципін  де  әрбір  көшпелі  жан  ұстанып  отырды. 

«Обалды»  дәстүрлі  қазақы  ортада  адамның  адамға 

(және  адамдарға),  күллі  тіршілік  иелеріне  қатысты 

білінетін  кісілік  қасиеттерін,  кісілік  көзқарасын,  осы 

қасиеттер мен көзқарас айғақталынатын әрі оларды 

айғақтайтын категория-принцип ретінде қарастыруға 

болады.  Оның  функциясы,  ең  алдымен,  субъектінің 

өзі байланысқа түскен екінші бір субъектіге қатысты 

іс-әрекетінен  көрінеді  және  осы  іс-әрекет  арқылы 

жүзеге  асырылады.  Жоғарыда  аталған  адал,  арам

сауап ұстанымдарының субъектілері сияқты «Обал» 

принципіне  қатысты  байланыстың  да  субъектілері 

белсенді  және  белсенді  емес  деген  екі  категория-

ға  жіктелінеді.  Екінші  субъектіні  белсенді  субъекті-

нің  «обалға»  байланысты  іс-әрекетінің  «игілігін» 

көру ші  немесе  қабылдаушы  деуге  де  болады.  Осы-

ған  байланысты  әлгі  қабылдаушы,  яғни,  белсенді 

емес  субъекті  белсенді  субъектінің  көзқарасы  мен 

іс-әрекетінің  объектісі  ретінде  қарастыру  қажет. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет