7
Қазақ тарихы
№9 (186), қыркүйек, 2020
Мысалы, қарғаның еті ас ретінде пайдалануға
жарамсыз, сондықтан арам, үйректің еті жеуге
жарамды болғандықтан адал деген сияқты. Сондай-
ақ объектінің әртүрлі қолданыстық сипатына қарай
оны «адал» деп те, «арам» деп те бағаланады.
Осыған орай ана тілімізде тұрақты сөз тіркесіне
айналған «есектің күші адал, сүті арам» дейтін
фразеологизмді мысал ретінде келтіруге болады.
Жоғарыда айтылғандай, Арам категория-принципі
тұлғалық қасиет ретінде адамның бойындағы нашар
қасиеттерді (екіжүзділік, алаяқтық, жалғандық және
т.б.) бейнелейді. Қазақы ортада, әсіресе, ежелден
орныққан рулық-қауымдық тәртіпке этикалық жағынан
мүлдем кереғар опасыздық, зинақорлық (әсіресе,
жетіаталық, экзогамиялық өлшемге келмейтін), екі-
жүз ділік, жалқаулық, өсекшілдік сияқты жағымсыз
қасиеттер аяусыз сынап-мінелетін. Осындай қасиет-
тері білінген қылмыскерлер бидің билігінің үкім-
кесімімен аяусыз да жазаланатын. «Арамның» бір-
ден бір этикалық өлшемі оның антитезасы «адал»
категориясы болып табылады. Сондықтан да бұлар
функционалдық жағынан бірін-бірі үнемі толықтырып
отыратын өзара антиномиялық байланыста болады.
Яғни бұл екі категория бірі бірінің этикалық болмыс-
бітімін айқындайтын, әрі айғақтайтын антиномиялық
жұп құрайды.
ОБАЛ. Жоғарыда айтылғандай, бұл категория-
принцип те қазақтың дәстүрлі кісілік концепциясының
Достарыңызбен бөлісу: