Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков



Pdf көрінісі
бет24/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   299
9-20

8

                                                                                                       

Қазақ тарихы  



№9 (186), қыркүйек, 2020

Жоғарыда «обалды» тек субъект-объектаралық бай-

ланыстың ғана ұстанымы деуіміз сондықтан. 

Сонымен  бірге,  аталмыш  іс-әрекеттің  объектісі-

не  айналған  субъектінің  осы  объект  болмысының 

шарттылық  сипаты  бар  екендігін  ескерген  де  ләзім. 

Себебі,  белсенді  субъектінің  «обалды»  ұстануы 

белсенді  емес  субъектінің  адамгершілік  қадір-

қасиетіне  және  оның  дәл  осы  байланысқа  түскен 

сәттегі  іс-әрекеті  мен  мінез-құлқының  сипатына  да 

байланысты  болып  келеді.  Мысалы,  белсенді  емес 

субъектінің  (яғни,  объектінің)  адамгершілік  қасиеті 

төмен болып шықса немесе жаман іске бой алдырған 

болса,  сондай-ақ,  белсенді  субъектіге  байланысты 

қалыптасқан ахуалда өзін дұрыс адам ретінде ұстай 

алмаса,  белсенді  субъектінің  «обалды»  ұстануы 

неғайбыл болуы әбден мүмкін. Бірақ, бұл ұстанымның 

белсенді  субъектінің  іс-әрекетінен  белсенді  емес 

субъектінің  ерекше  қиын  жағдайға  тап  болуына 

байланысты көрінуі көшпелі ортада сирек емес жайт. 

Мысал ретінде дәстүрлі қазақы ортада ауыр қылмыс 

болып есептелінген мал ұрлауға байланысты «обал» 

ұстанымының осы орайда атқаратын функциясы мен 

рөлін  айтуға  болады.  Мұндайда,  ұрының  ұрлығы 

әбден әшкереленсе де оған жәбірленуші тарапынан 

зақым  келтіруге  дәстүр  қоспайтын.  Негізгі  уәж  – 

«обал  болады».  Сөйтіп,  әлгі  ұрыға  байланысты  жә-

бірленуші  тарапы  «бұл  мұндар  қанша  иттік  жасаса 

да,  адам  баласы  ғой»,  ал  руласы  болса,  «қалай 

дегенмен де бір атаның баласымыз ғой, обал-дағы» 

десіп аяушылық білдіріп, тіпті, ас-суын беріп жататын. 

Егер, әлгі ұры адам кембағал немесе тұрмысы төмен 

мүсәпір  жан  болып  шықса,  обалсынып  кешіре  салу 

көшпелі ортада сирек кездесетін жайт емес еді. 

Субъектінің «обал» ұстанымы жүретін объектіле-

рін болмыс-бітіміне қарай а) адам (адамдар), ә) жан-

жануарлар  мен  өсімдіктер  және  б)  көшпелілердің 

ас-тағам  жүйесін  құрайтын  элементтер  деп  жіктеуге 

болады. Бұл жайттан «обал» категория-ұстанымының 

объектілеріне  көшпелінің  өзін  қоршаған  ортадағы 

адамнан  басқа  барлық  тіршілік  иелері,  сондай-ақ, 

өзінің биоәлеуметтік индивид ретіндегі күнделікті ви-

талдық  тұтынысын  ғана  қанағаттандыратын  табиғи 

және  антропогендік  заттар  ғана  жататындығын 

бажайлауға  болады.  Мысалы,  дайын  ас-тағамынан 

басқа, су адамның күнделікті ішетін әрі әлгі ас-тағам-

ға  аса  қажетті  «шикізаттардың»  бірі  болғандықтан 

оған «обал» ұстанымы жүреді. Мысал ретінде дәстүр-

лі  қазақы  ортадағы  дүниетанымның  принциптері-

не  сәйкес,  табиғи  су  көздері  –  өзен  мен  көл  суы-

ның  ішіне  дәрет  сындыруға  болмайды.  Әйтпесе, 

«обалына  қаласың»  немесе  «су  иесі  Сүлейменнің 

кәріне ұшырайсың (киесі атады)» деген сияқты бүкіл 

жұртшылық  мойындаған  табу-ұстанымды  айтуға  бо-

лады

. Бірақ, тас, құм, бұлт, жел, тіпті, «жаны шығып 

кеткен» қураған ағаш және басқа да табиғи объектілер 

мен  құбылыстар  тіршілік  иелері  болмағандықтан 

немесе  көшпелілердің  күнделікті  виталдық  тұтыны-

сы  объектілерінің  қатарына  кірмейтіндіктен  оларға 

«обал» ұстанымы жүрмеді. 



сАУАп  –  көшпелі  қазақы  ортада  ежелден  ор-

ныққан  кісілік  концепциясының  жоғарыда  аталған 

категориялармен  бірге  негізгі  төрт  принципін  құрай-

ды  [1].  Аталмыш  категориялардың  бәрі  өзара  се-

беп-салдарлық  байланыста  болуы  олардың  әрқай-

сысының  қалыпты  функционалдық  күйінің  кепілі 

болып  табылады.  Байланыстың  осындай  себеп-

салдарлық  күйі  адамның  белсенді  әрі  жасампаз 

субъект  ретіндегі  іс-әрекеті  арқылы  қамтамасыз 

етіліп отырылады. Егер «адал», «арам», «обал» ка -

те гория-принциптері субъектаралық, субъект-объект-

аралық  байланыстар  саласында  бірдей  «рет теу-

ші»,  «бағыттаушы»  функция  атқарса,  «сауап»  кате-

гориясының  тек  субъектаралық  қатынас  аясында 

ғана функционалдық қауқары көрінеді. Сонымен бірге 

басқа  категорияларға  қарағанда  «сауаптың»  мәні, 

әсіресе,  этникалық  тұрғыдан  «ашық  райлы»  айқын 

әрі  ерекше  функционалды  болып  келеді.  Өйткені 

«сауаптың» «нормативтік» әлеуеті субъектінің басқа 

субъектіге (субъектілерге) байланысты жағымды әрі 

белсенді  іс-әрекеті  арқылы  жүзеге  асады.  Мысалы, 

жоғарыда аталған көшпелілердің кісілік концепциясы 

бойынша, айналасына – үлкенге де, кішіге де, әйел 

затына  да  өзінің  іс-әрекетімен  һәм  жағымды  мінез-

құлқымен  жақсылығын  аямаған  жан  ғана  әлгілердің 

сауабына ие бола алады. Демек «сауап» субъектінің 

жасаған  жақсылығының  Жасаған-ие  мен  аруақтар 

жіберген «қарымтасы» болып табылады. 

Ел-жұртының сауабын алған адамды екі дүниеде 

де (бұ дүние – жалған дүние және о дүние – мәңгілік 

дүние) Жасаған-ие мен аруақтар желеп-жебеп жүреді 

екен  деседі.  Бірақ  ел-жұртының  алдында  жағымсыз 

қылығымен  һәм  іс-әрекетімен  абырой-беделден 

жұрдай болған арам жандардан «сауап» қайтпайды. 

Себебі  Жасаған-иенің  жазмышына  сәйкес,  ондай 

адамдарға  жақсылық  батпайды.  Тіпті  жасаған  жақ-

сылығың  жаманшылық  болып  қайтуы  да  әбден 

мүмкін. «Пенденің жадында жасаған жақсылық емес, 



жаманшылық қана қалады»,– деген белгілі сөз орамы 

осы жайтқа байланысты қалыптасса керек. 

Сонымен  бірге  аталмыш  кісілік  концепциясы 

әлгіндей арам адамдарды социумнің «жын-шайтан 



иектеген  тастандылары»  ретінде  тиісті  жазаға 

тартып  отыруды  да  міндеттейді  (дәстүрлі  қазақы 

ортада әдет-ғұрыптық құқықтың ежелден орныққан 

жіктемесіне сәйкес, мұндай адамдар «шектен шық-

қандар» деп аталды). «Қанішер», «азғын», «әруей» 

аталған адамдарды билер кеңесінің үкім-кесімімен 

жазаға кесу үрдісі көшпелі ортаның қызу қолдауына 

ие  болып  отырды.  Мұндайда  жұртшылықтың  «са-

уап  болды»  деп,  ризашылықтарын  білдіріп  жатуы 

сондықтан  болса  керек.  Өйткені  қылмыскердің 



«тура  биде  туған  жоқ,  туғанды  биде  иман 

жоқ»  қағидасымен  жазаға  кесілуі,  ежелгі  наным-

сенім  бойынша,  ел-жұртқа  «сауап»  әкеледі  деп 

саналатын.

Осындай  субъектаралық  байланыс  жағдайын-

да  «сауап»  нормативтік  принцип  ретінде  адал  кате-

гориямен  жұптасады.  Себебі  «адал»  категория-

принципі,  жоғарыда  айтылғандай,  белсенді  су-

бъек тінің  іс-әрекетінде  ғана  «жақсы-жаман»  анти -

те засының  қисынымен  әрі  анықтаушы,  әрі  пысық -

таушы,  әрі  бағыттаушы  функция  атқарады.  Осы 

ретте  ерекше  екшеп  айтар  жайт  –  «адал»  катего-

риясы  субъектіні  жағымды  қылыққа  немесе  іс-әре-

кеттерге  «міндеттемейді»,  яғни  «жабық  райлы», 

имплицитті  сипатта  болып  келеді.  Бұл  категорияға 

қарағанда,  «сауаппен»  жұптасатын  тағы  бір  іргелі 

категория  –  обалдың  функциясы  «ашық  райлы»  – 

эксплициттік,  тіпті  императивтік  мәнділігімен  ерек-

шеленеді.  Мысалы,  қиын  ахуалға  түскен  немесе 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет