Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев “Бо
ла шаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақа
ласында: “Әрбір өлкенің... есімдері ел есінде
сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бә-
рін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс”,– деп жазды.
сон
дай біртуар перзенттердің бірі – атақты күй ші
композитор Дәулеткерей шығайұлының өмір
деректері туралы шындық осындай. Бұл де-
ректерді мектептің әрбір оқушысы, жастар, жалпы
жұртшылық білуге тиіс.
Биылғы жылы даңқты күйші Дәулеткерей Шы-
ғай ұлының туғанына 200 жыл толуына арналған
бел гілі бір шаралардың атқарылу қажеттігі өзі нен-
өзі туындайды. Дәулеткерейдің өмірі мен шығар-
ма шылығы республикамызда кеңінен насихатта-
луы керек. Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың
«Ұлы Даланың жеті қыры» атты еңбегінде көрсетіл-
ген «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік
серия лар қатарында күйші-композитор Дәулеткерей
Шығай ұлының да болғаны жөн. Республикалық БАҚ
арқылы көптеген хабарлар сериясы дайында лып, Ака-
демиялық халық аспаптар оркестрлері мен облыс тық
филармониялардың жекеленген дом бырашылар топ-
тары аудандарды аралап, Дәу лет керей Шығайұлы
туралы лекциялар оқып, оның шығармаларынан кон-
церттер ұйымдастырса құба-құп болар еді.
Оған қоса, негізгі және орта мектептерде, арнаулы
музыка мектептерінде, музыка колледждерінде және
жоғары оқу орындарындағы өнер факультеттерінде
Дәулеткерейдің шығармашылығын терең түрде оқыту
және оның өмірбаянына байланысты тың деректерге
оқушылар мен студенттердің назарын кеңінен аудару
қажет болады. Сонымен бірге биылғы жылы аталып
өтілетін Домбыра күні ұлы күйшы Дәулеткерей
Шығайұлына арналып, ол дүниеге келген жерге, яғни
Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы бұрынғы
Конево елді мекенінің орнына, Атырау-Астрахань
магистралінің батыс бетіне Дәулеткерейдің 1820
жылы осы жерде туғандығын көрсететін домбыра
түрінде стелла орнатылғаны жөн деп есептейміз.
Осының бәрі дәулеткерейтануға қосылған үлкен
үлес, бүгінгі ұрпақтың рухани дамып жетілуіне
көмектесетін маңызды шаралар болмақ.
|