3. Оқу əдістерін шəкірттердің танымдық əрекеттеріне
орай топтастыру
Танымдық іс-əрекет сипаты оқушының ойлау белсенділігінің
деңгейінен көрінеді. Мұндай топтастыру тұрғысынан келесі əдістер
түрі ажыралады: түсіндірме – көрнекілі (ақпаратты – рецептивті, іштей
түсіну), қайталай жасау (репрадуктивті), проблемді баяндау,
бөлшектеп ізденіс (эвристикалы) жəне зерттеу.
Түсіндірме – көрнекілі əдістің мəні – оқытушы əрқилы құрал-
жабдықтар көмегімен дайын ақпаратты хабарлайды, ал оқушылар оны
қабылдайды, түсінеді жəне есте қалдырады. Оқушылардың танымдық
іс-əрекеті дайын білімдерді есте қалдыруымен еленеді, бірақ бұл
бейсаналық деңгейде де болып, ақыл-ой белсенділігіне ешқандайда
əсер етпеуі ықтимал. Осыдан түсіндірме, яғни ақпаратты- іштей түсіну
əдісі əрдайым тиімді бола бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |