Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К



Pdf көрінісі
бет199/244
Дата02.01.2022
өлшемі1.76 Mb.
#452896
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   244
Жалпы педагогика 2005

15.4. Ынталандыру əдістері 
 
Тəрбиеленушіні  белгілі  іс-əрекетті  орындатуға  талаптандыру 
ниетімен  қолданылатын  əдістер  тобында  ынталандырудың  орны  өз 
алдына.  Бұл  əдістің  ежелден-ақ  мадақтау  мен  жазалау  түрі  белгілі. 
XX  ғасыр  педагогикасы  жəне  бір  өте  əсерлі  ынталандыру  əдісі – 
жарыстыру  əдісін  алға  тартып  отыр.  Кейінгі  он  жылдықта  дəстүрлі 
ықпал  əдістеріне  қосымша  субъектив-прагматикалық  əдістің 
тиімділігі 
жариялануда. 
Ғылыми 
зерттеулер 
мен 
практика 
нақтылағандай,  бүгінгі  жастардың  ерекшелігі - өмірге  болған 
прагматикалық  (пайдакүнемдік)  қатынасы.  Осыдан  қазіргі  заман 
оқушысы  өзіне,  өз    жолдастарына  тəрбие  маған  не  береді,  неге,  қай 
уақытта  ол  қажет,  одан  түсер  пайда  қандай  жəне  қаншалықты  деген 
сұрақтарды  үстемелеп  қоятын  болды.  Осы  секілді  пайдакүнемдік – 
прагматикалық  бағытты  ескере  отырып,  кейбір  шет  ел  педагогикалық 
жүйелері  тəрбие  процесін  тəрбиеші  мен  тəрбиеленуші  арасындағы 
коммерциялық қатынас сипатында бағалайды. Ал мұндай қатынас өзегі 
– пайда. Əдіс əлі қалыптасып, ресми қабылданған емес, бірақ тұрмыста 
тəрбиеші  мен  тəрбиеленушілер  арасында  түзілетін  келісім-шарттар 
жүйесімен біртіндеп тұрақтануда. 
Мадақтау – тəрбиеленушілер  əрекетіне  ұнамды  баға  беру
Мадақтау  ықпалы  оқушының  ұнамды  көңіл-күй  сезімін  көтеруге 
негізделген.  Осыдан  да  мадақтау  балада  өзіне  деген  сенім 
орнықтырып,  жұмысқа  деген  жағымды  көңіл  қатынасын 
оятады, 
жауапкершілік 
арттырады. 
Мадақтау 
түрліше 
орындалуы  мүмкін.  Олар  арасында  тəрбие  процесінде  жиі 
қолданылатындары – қолдау,  қуаттау,  алғыс  жариялау, 
құрметті  құқықтар  беру,  мақтау  қағаздары  мен  сыйлықтар 
беру жəне т.б.  
Қарапайымды  бола  тұра,  мадақтау  өте  жауапкерлі  де  іс.  Мадақ 
шектен  тыс  əсіреге  айналып  кетпей,  орынсыз  кем  де  болмауы  керек. 
Санамен  сарапталмаған  əсіре    мадақ  баланы  бұзады.  Осыдан 
мадақтаудың  психологиялық  қырлары  мен  оның  салдарын  ескерген 
жөн: 
1.  Мадақ-марапат  сырттай  көзге  түсіп,  əйгілену  ниетімен  емес, 
мақтаушы  мұғалім  мен  марапатталушы  оқушының,  яғни  екі  тараптың 
бірдей жан дүниелік қалауы мен қабылдауынан болуы шарт. 
2.  Мадақтау  арқылы  тəрбиеленушіні  басқа  балаларға  қарсы 
қойып  алмауды  да  ойластырған  жөн.  Сондықтан  тек  табысқа  жеткен 
оқушыны  ғана  мақтап  шектелместен,  шын  ықыласымен  еңбектенген, 
өз  ісіне  адалдық  танытатындардың  бəріне  де  жылы  лебіз,  мадақ  сөзді 
аянбаған жөн. 


3.  Мадақ  қолдана  отырып,  кім,  не  үшін,  қаншалықты  сыйға 
тұрарлық екенін сараптауды ұмытпаңыз. Əсіре мадақ астамшылдыққа 
апарады. 
4.  Əрқандай  мадақ  жеке  тұлғалық  ерекшеліктерді  ескерумен 
беріледі.  Өзіне  сенімі  жоқ,  үлгерімі  төмен  оқушыны  қолдап-қуаттау 
қажет.  Қандай  да  ұнамды  сапасын  танып,  педагог  сол  арқылы  балада 
сенім  оятады,  ұмтылыс  пен  дербестік,  кедергілерден  сескенбеу 
қасиетін  баулиды.  Өзіне  тəрбиеші,  төңірегіндегі    адамдар  сенімін 
артқан  бала,  өз  кемшіліктерін  де  «жүгендеп»,  оңды  жолға  түсе 
бастайды. 
5.  Бүгінгі  мектеп  тəрбиесіндегі  басты  міндеттерден  жазбау. 
Мадақтау  мəселесін  шешуде  өз  шəкірттеріңізбен  пікір  алысуды  да 
жадтан шығармаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет