Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К



Pdf көрінісі
бет198/244
Дата02.01.2022
өлшемі1.76 Mb.
#452896
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   244
Жалпы педагогика 2005

Тапсырыстар  беру – балаларды  ұнамды  қылық-əрекеттерге 
жетелеудің  тиімді  жолы.  Тапсырыстар  түрі  əрқилы:  сырқат 
жолдасынан  хабар  алып,  оның  оқуына  жəрдемдесу;  қамқорлыққа 
алынған  балабақшаға  ойыншықтар  дайындау;  сынып  бөлмесін  
мейрамға  безендіру  жəне  т.б.  Қажетті  сапаларды  дамыту  үшін  де 
тапсырмалар қолданылады, мысалы, нақтылығы мен ұқыптылығы кем 
балаларға – дəл  əрі  орынды  жасау  əрекеті,  шыдамсыздарға – 
байсалдылық талап ететін жұмыстарды тапсырып тəрбиелеуге болады. 
Тапсырыстың орындалуын ежелеп, түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. 
Тəрбиелік  жағдайлар – арнайы  жасалған  шарттарға  орай 
тəрбиеленуші  іс-əрекеті  мен  мінез-қылығын  қалыптастыру  əдісі. 
Тəрбиелік  жағдайлар  (ситуация)  тиімділігін  көтерудің  екі  жолын  еске 
ұстаған жөн: 
- жағдай жалған, жасанды болмай, нақты өмірде кездесетін қарама-
қарсылықтары  мен  қүрделіліктерден  құралуы  тиіс.  Тəрбиеші  əдейі 
жағдай  туындатушы  шарттарды  түзеді,  ал  ситуациялар  табиғи 
қалпында өтуі тиіс. Мектеп өмірі мұндай ситуацияларға бай: «Оқушы – 
мұғалім», «Оқушы – жол  тəртібінің  сақшысы», «Оқушы – ертеңгі 
серуен  басшысы»  жəне  т.б.  тосын  жағдайлар.  Мұғалім  ескертпесін 
күткен  тəрбиеленуші  оған  алдын  ала  дайындалады,  ал  əрекет  тосын 
болса, көп жағдайда бала мұғалім айтқанына көнеді. Оқушының  тосын 
қылығына  мұғалім  кеңпейілділік,  қайырымдылық  танытуы  лазым. 
Бірақ  бұл  жағдайдағы  басты  шарт:  бала  мұғалім  əрекетін  дұрыс 
түсініп,  оны  əлсіздік,  сенімсіздік  демей,  жоғары  адамгершілік 
тұрғысынан  қабылдауы  тиіс.  Қай  жағдайда  да  мұғалімнің  ситуация 
дамуына тікелей араласпағаны жөн. 
Аталған  əдіс  басқа  тəрбие  əдістерінің  баршасымен  тығыз 
байланысты. 
Тұлға  мінез-қылығын  қалыптастыру  əдістері  тəрбиеде  өте  қажет. 
Олардың  бəрі  тəрбие  процесінің  өзегін  құрайды.  Атап  айтсақ,  бұл 
əдістер: жаттықтыру, талап, көндіру, тəрбиелік жағдайлар (ситуациялар). 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет