-
тараптар
міндеттері
анық
көрсетіліп,
тəрбиеші
мен
тəрбиеленуші арасында жасалған келісім-шарт (контракт);
-
тəрбиешілер жəне ата-аналар ортасында келісіммен түзілген
жеке өзіндік жетілу бағдарламасы (өзіндік тəрбие мазмұны);
-
жеке қызығушылықты арттыру үшін оқушылар қалаулары
бойынша түзілген төлемді оқу-тəрбие топтары;
-
құқық бұзуға бейімді балалармен тəрбие – сақтандыру
жұмыстарын алып баруға арналған «тəрбиешілік топтары»;
-
ең соңғы техникалық құралдар жəне электронды – есептеу
машиналары
жəрдемімен
тəрбиеленушілердің
мінез-құлығын,
əлеуметтік дамуын үздіксіз бақылауға алу, яғни мониторинг жүргізу;
-
техникалық құралдармен жинақталған сандық жəне сапалық
көрсеткіштер нəтижесі негізінде тəрбиеленушінің жеке-дара даму
бағытын анықтап, тұлғаның қажетті қасиет-сапаларын алдын ала
жоспарланған арнада тəрбиелеудің «сценариін» түзу;
-
ұдайы өткізіліп тұратын ойын, жарыс, курстарға байланысты
əрбір оқушының тəрбиелік, əлеуметтік кемел, азаматтық дəрежесін
анықтау үшін ұйымдастырылатыны тест-байқаулар;
-
тəртіп бұзушыларды жазалау мақсатында қолданылатын
айыппұл төлету, құқықтары мен еркіндігінен айыру, əлеуметтік-
қоғамдық басымдықтарын (привилегии) алып тастау жəне т.б. секілді
шараларды пайдалану.
Бұл əдіс, əзірше еліміз мектептерінде кең өріс ала алмай отыр.
Дегенмен, тұрмысымызға қарқындай еніп жатқан əлеуметтік жəне
экономикалық өзгерістер уақыт оздырмай, тəрбие процесінің маңызды
шарттарының бірі ретінде субъектив-прагматикалық əдістің алғы
шепке шығуы – заңды күтілетін құбылыс.
Достарыңызбен бөлісу: