Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К



Pdf көрінісі
бет79/244
Дата02.01.2022
өлшемі1.76 Mb.
#452896
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   244
Жалпы педагогика 2005

Жалпы заңдылықтар қалаған білім беру процесіне тəн болып, оқудың бүкіл 
жүйесін қамтиды. Олардың арасында аса көп еленетіндері:  

оқу  мақсаттары.  Оқу  мақсаты  қоғам  дамуының  деңгейі  мен 
қарқынына,  оның  қажеттері  мен  мүмкіндіктеріне,  педагогика  ғылымы 
мен практикасының даму деңгейі мен жетістіктеріне байланысты; 

оқу  мазмұны.  Оқу  мазмұны  қоғамдық  қажеттер  мен  оқу 
мақсаттарына,  ғылыми-техникалық  жəне  əлеуметтік  процестің 
қарқынына,  оқушылардың  жас  мүмкіндіктеріне,  оқу  теориясы  мен 
практикасының  даму  деңгейіне,  оқу  мекемелерінің  материалды- 
техникалық жəне экономикалық жағдайларына тəуелді келеді; 

оқу  сапасы.  Оқу  сапасы  өткен  кезеңдегі  оқу  процестерінің 
нəтижелілігіне,  оқу  материалының  сипаты  мен  көлеміне,  мұғалімнің 
ұйымдастыру – педагогикалық  шеберлігіне , оқушының    оқып-
үйренуге болған қабілетіне, оқу уақытына байланысты; 

оқу  əдістері.  Дидактикалық  əдістер  тиімділігі  əдістерді  білу 
мен  қолдану  ептілігіне,  оқу-мақсаттарына,  мазмұнына,  оқушылардың 
жеке  деңгейі  мен  оқуды  меңгеру  қабілетіне,  материалдық-техникалық 
қамсыздығына, оқу процесінің  ұйымдасуына тəуелді; 

оқуды  басқару.  Оқудың  нəтижелі  болуы  оқу  жүйесіндегі  кері 
байланыстың  жеделдік  сипатына,  реттеу-түзету  ықпалдарының 
орынды келуіне орайласады; 

оқуға  ынталандыру.  Оқу  нəтижесі  шəкірттің  білім  игеруге  
деген іштей ынта-ықыласы мен оқу əрекеттерінің өзіне тəн тартымына 
(внутренние  стимулы);  оқу  əрекетіне  мүмкіндік  жасаушы  сыртқы 
жағдайлар (қоғамдық, экономикалық, педагогикалық). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет