Игерілген білімдердің бекуіне жəрдемші оқу іс-əрекеті
механизмдерін түсінуден дəстүрлі оқу жүйесіне жаңа ережелерді
ендіру мүмкіндіктері ашылды:
-
қазіргі заман оқуында ес мүмкіндіктерінен гөрі ойлау қабілеті
көбірек іске қосылады. Сондықтан аса қажетті болмаған білімдік
материалдарды жаттауға сарп етпей, балалардың күш-қуатын үнемдеу,
ес жүктемесін ойлау əрекетіне кедергі болар дəрежеден арттырмау.
-
қате қабылданған немесе түсініксіз материалдардың есте
бекуіне жол қоймау, бала əр уақыт саналы игерілген жəне түсінген
білімін ғана есте сақтайтын болсын;
-
қосалқы сипатқа ие материалды жаттаудан балаларды құтқару
үшін, оларды əрқилы анықтама кітаптарымен, сөздіктермен, əмбебап
ақпарат құралдарымен пайдалануға үйрету.
-
есте сақтауға қажет материал қысқа да нұсқа болуы тиіс.
Оқушының өзі ойланып, жеңіл есіне келтіретіндерінің бəрін
жатталатын материалдар қатарынан шығарып тастау.
-
Есте болсын, өтілгенді ұмыту процесі оқу жұмысы біткен
бойда қарқынды жүреді, сондықтан қайталаулар уақыты мен жиілігі
ұмытудың психологиялық заңдылықтарымен сəйкестендірілуі қажет;
-
қайталаулар жиілігі оқушының ұмыту жағдайларына сəйкес
болуы тиіс. Қайталаулардың көбі жаңа материалдың өтілу ізімен, яғни
ақпараттың ең көп жойылатын мезетінде ұйымдастырылып, ал кейін
бұл бекіту жұмыстары бірте-бірте кемиді, бірақ толық тоқтатылмайды;
-
оқушыларды өз мүмкіндіктеріне сəйкес күш салып, жұмыс істеуге үйрету.
еріншектікке жол бермей, тиімді іс-əрекет желісін қалыптастыру;
-
алдын-ала оқу процесіне аса қажет екі сапаны – қызығу мен
ұнамды қатынас қалыптастырмай, жаңа материал өтуді бастамау;
-
оқу материалын ұсыну логикасына назар салуды ұмытпау,
өзара логикалық байланыстағы білімдер мен нанымдар жеке-
дара, тұтастығы жоқ ақпараттарға қарағанда, берік игеріледі;
-
оқу қарқыны төмендегенін байқаудан, кейінге қалдырмастан
оның себебін анықтау. Бұл жағдайдағы себептер түрі келесідей болуы
мүмкін: оқу процесіне қызығушылықтың болмауы жəне шаршау.
Оларды қайта қалпына келтірудің жолдарын іздестіру, оқу барысын
жасанды жеделдетпеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: