Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К



Pdf көрінісі
бет83/244
Дата02.01.2022
өлшемі1.76 Mb.
#452896
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   244
Жалпы педагогика 2005

Жүйелілік 
жəне 
бірізділік 
принципі 
келесі 
ғылыми 
тұжырымдарды  негізге  алады:  қоршаған  орта  болмысының  айқын 
бедерлері  мида  нақты  бейнеленсе  ғана,  оқушы  шынайы  білім  топтай 
алады;  ғылыми  білімдер  жүйесін  қалыптастырудың    басты  тəсілі – 
белгілі  жолмен  ұйымдастырылған  оқу;  ғылыми  білімдер  жүйесінің 
бірізділігі  оқу  материалының  ішкі  логикасымен  жəне  оқушылардың 
танымдық мүмкіндіктерімен байланысты; жеке элементтерден тұратын 
оқу процесінің тиімді əрі жоғары нəтижеге жетуі ол процесте орынсыз 
үзілістердің,  ескерілмей  қалған  қажетті  сəттердің  болмауына  жəне 
бірізділіктің  қандай  да  себептермен  бұзылмауына  тəуелді.  Егер 
дағдылар  тиісті  жаттығулармен  жүйелі  бекімесе,  олар  көп  ұзамай 
жойылады;  егер  оқушылар  логикалық  ойлауға  үйретілмесе,  олар 
өздерінің    ойлау  іс-əрекетінде  үлкен  қиыншылықтарға  кезігеді;  егер 
оқу  ісінде  жүйелілік  жəне  бірізділік  сақталмаса,  оқушылардың  даму 
процесі бəсеңдейді. 
Мұғалім  практикасында  жүйелілік  жəне  бірізділік  принципі 
көптеген ережелерді орындаумен іске асып барады, олардың арасында 
аса маңыздылары келесідей: 

оқушылардың  білімдер  жүйесін  қалыпты  игеруін  қамтамасыз 
ету  үшін  схемаларды,  жоспарларды  орынды  пайдалану.  Оқу 
материалын  логикалық  бітімге  келген  бөліктерге  ажырату,  оларды 
бірізді  іске  асырып  бару,  балаларды  бірізді  оқу  əрекеттерін  жасауға 
үйрету; 

егер жауабы табылмайтынына не шешімі алынбайтынына көзі 
жетсе, ондай сұрақтарды немесе мəселелерді сабаққа қоймау; 

материалдың  мазмұндық  жүйесін,  сондай-ақ  оқу  тəсілдерінің 
жүйесін бұзуға жол қоймау, ал егер жүйе себепсіз өзгеріске түсе қалса, 
үлгермеушіліктің алдын алу үшін олқылықтарды түзету; 

əрдайым  пəн  аралық  байланыстарды  пайдалану.  Мазмұндық 
тұрғыдан, сондай-ақ оқу əдістемелерінде барша сыныптар арасындағы 
сабақтастықты қамтамасыз ету; 

оқу  əдістемелерінің  жетістіктерін  пайдалану:  оқушылармен 
тірек-конспекттер,  оқу  материалының  құрылымды-  логикалық 


схемасын  түзу,  білімдерді  игеру  процесін  жеңілдететін  шараларды 
қолдану.  Оқу  барысында  жүйелілік  пен  бірізділікті  қамтамасыз  ету 
үшін бұрын өтілгендерді жиі қайталап отыру жəне жетілдіріп бару; 

қысқа  жəне  қорытынды  қайталауларды  сабақтың  басында 
немесе  ақырында  үй  тапсырмаларына  байланысты  қолданып  қана 
қоймай,  оларды  бүкіл  сабақ  барысында  негізгі  проблемаға  орай, 
сонымен  бірге  жеке  мəселелерді  баяндаудан  соң  да  пайдалану,  жаңа 
материалдарды  өтуді  күрделендіретін  жағдайлардан  сақ  болу,  сабақ 
тақырыбына  жасанды  ендірілген,  оған  тікелей  қатысы  жоқ  идеялар 
(білімдік,  дамытушы,  тəрбиелік)  дəріс  нəтижесі  мен  оқу  құндылығын 
кемітеді.  Осыны  ескере  отырып,  аса  маңызды  болған  идеяларды  оқу 
мазмұнына  жəне  балалардың  мүмкіндіктеріне  орай  игертуді,  оқу-
тəрбие процесінің жылдық жоспарына ендіруді алдын ала көздеу. 

өтілгендерді 
қайталау 
сабақтың 
басында 
білім 
мен 
ептіліктердің  игерілу  деңгейін  анықтау  үшін  немесе    сабақтың 
ақырында    ұсынылған  ақпаратты  бекіту  үшін  ғана  орындалмай,  бұл 
жұмыс логикалық бітімге келген оқу бөліктерінің əрбірінен соң, сабақ 
барысында іске асып баруы шарт;  

оқушылардың ой өрнектеу тəсілдері мен формаларын бақылап 
бару,  тұрақты  əрі  үлкен  шыдамдылықпен  балаларды  дербес 
еңбектенуге үйрету. Тапсырмаларыңыз дербес орындалуда бірте-бірте 
күрделеніп  барсын,  сонымен  бірге  олардың  табысты  орындалуы  үшін 
мүмкіндіктер жасау. Істі, мүмкін болғанша, оқушының өзі орындасын, 
қажет болса, көмек беру. 

оқудан  болар  жарқын  болашаққа  оқушылардың    сенімін  
жеткізу; 

сезімдік    тəжірибе    мен  тірек  білімдерді  орынсыз  əрі  жиі 
жаңғыртуға  əуесқой  болмау,  жаңа  білімдерді  игеруге  ғана  қажеттерін 
еске  түсіріп,  əркімге  белгілі  əшейін  біліктерді  хабарлау  үшін  өзі  де 
тығыз сабақ уақытын алмау.     


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет