- проблемді ізденіс жəне зерттеу тапсырыстары теорияны
практикамен байланыстырудың таптырмас құралы. Оларды əрқилы
жолдармен пайдалануға тырысу;
- балаларды еңбекке, қоғамдық жəне жеке меншікке саналы да
ұнамды қатынас жасауға баули отырып, мұндай қатынас үлгісін
мұғалімнің өз бойынан көрсетуі.
Қорытындылай келе, айтарымыз: принциптер əрқашан белгілі
жүйеде, бір уақытта, тығыз байланысқан күйде іс-əрекетте комплексті,
параллель жүзеге асып барады, оларды кезекпен немесе бірінің
орындалуымен екіншісіне тізбекті өте, пайдалану мүмкін емес.
Принциптер арасында басты не екінші дəрежелісі болмайды, əңгіме тек
олардан туындайтын талаптардың ауқымдылығы мен жалқылық
дəрежесі жөнінде болуы мүмкін. Барша принциптер өзара кіріге
ұштасқан, сондықтан бірінің талаптары, екінші бір принцип
талаптарымен мəндік жақындыққа түсіп жатады. Олардың бəрінің де
қызметі - бағыттау, оқудың сапалы нəтижелеріне жетудің жолдарын
көрсету. Білімдендіру ісін гуманизациялаудың мəні –оқушының тəн-
дене жəне ақыл-ес мүмкіндіктерін сақтау жəне дамыта түсу.
Сондықтан оқу еңбегінің нəтижесі оған жұмсалған оқушы күш-
қуатының деңгейімен салыстырылып, бағаланады. Принциптер
баланың табиғи жəне əлеуметтік мүмкіндіктерін, күш салулары мен
еңбек нəтижелерін қалыпты мөлшерлеп отырады, егер қандай да
себептермен ауытқуға түспесе, олар арасындағы теңдіктің (баланс)
сақталғаны.
Достарыңызбен бөлісу: