- нəтижелік формасы –білім (қоғам, табиғат, техника, ойлау, іс-
əрекет əдістері жөнінде) күйінде бекіген танымдық іс-əрекеттер;
- үлгі бойынша орындау ептіліктері (ақыл-ес жəне практикалық
ептіліктер мен дағдылар) формасындағы əрекеттердің белгілі əдістерін
іске асыра білу;
- проблемді жағдайларда қалыптан тыс шешімдер қабылдау
ептіліктері формасындағы – шығармашыл іс-əрекет, қызмет;
- тұлғалық бағдар (қоршаған ортаға, дүниеге, адамдарға, өз басына,
мораль нормаларына, көзқарастық идеяларға жəне т.б.) формасындағы
көңіл-күй құндылықты қатынастарды орындай білу.
Білім мазмұнының аталған элементтері бір-бірімен байланысты
жəне өзара шарттасқан. Əлеуметтік тəжірибенің осы элементтерін
игерген адам жақсы орындаушы ғана болып қалмастан, дербес, өз
бетінше шығармашылдықпен əрекет істей алатын, қалыптасқан
қатынастар жүйесіне өз үлесін қоса білетін тұлға дəрежесіне
көтерілуге мүмкіндік алады.
Достарыңызбен бөлісу: