Көзделген нақты практикалық мəселелерді білім негізінде шеше отырып, шəкірт
табиғи , техникалық, мəдени жəне қоғамдық болмысқа сай өз мүмкіндіктерін қайта
қарап, өзгертуге үйренеді.
В.Оконь теориясы өз ішіне қоғамның білімге қойған талаптарын
жəне оқушылардың жеке сұраныс –қызығуларын біріктіре қамтиды.
Қазақстан Республикасындағы бүгінгі мектептің білім мазмұны ҚР
“Білім заңына” сəйкес құрастырылған. Бұл Заңға орай білім мазмұны
қоғамның экономикалық жəне əлеуметтік ілгерілеуінің аса маңызды
жағдайаттарының бірі, сондықтан ол тұлғаның өзіндік қалыптасуына,
оның өз мүмкіндіктерін өз бетінше іске асыра алуына жағдай жасап,
қоғам дамуын, құқықтық мемлекеттің бекіп жəне жетілуін қамтамасыз
етуге бағытталған.
Білім мазмұнының міндеті-қоғамның əлемдік деңгейге сай жалпы
жəне кəсіби мəдениетін көтеру, оқушылар санасында осы заман білім
деңгейі мен білімдену бағдарламасының талаптарына сəйкес
əлем
бейнесін (образ мира) қалыптастыру; тұлғаның ұлттық жəне əлемдік
мəдениетке араласуына; осы күнгі қоғамның төл тумасына айналған
жəне сол қоғамды жетілдіруді мүдделеген адам жəне азамат тəрбиелеу;
қоғамның мамандар қорын жаңғырта көбейтіп, əрі қарай дамыту.
Білім мазмұнын қалыптастырудағы басты мақсат - расалық,
ұлттық,
этникалық, діни жəне əлеуметтік тегіне қарамай адамдар,
халықтар арасындағы өзара түсіністік пен қызметтестік қатынастардың
орнығуына жəрдемдесу, оқушының ерікті пікір мен наным таңдау
құқығын іске асыруға көмектесу, əрқилы дүниетаным көзқарастарды
ымырашылдықпен ескеру.
Білім мазмұны жалпы жəне кəсіби білімдерден құралады.
Жалпы
Достарыңызбен бөлісу: