Теория мен практиканы байланыстыру принципі негізіне
классикалық философияның ақиқат пен танымдық қызметтің дерек
көзі – тұрмыс жəне практика екендігі туралы тұжырымы алынған.
Орынды ұйымдастырылған тəрбие əрқашан өмірдің өзінен,
практикадан бастау алып, онымен тығыз байланыста болады, сонымен
өсіп келе жатқан əулетті белсенді тіршілік қамына дайындайды.
Оқудың өмірмен, теорияның практикамен тығыз байланысты болуы
оқу мазмұнына, оқу-тəрбие процесінің келелі ұйымдастырылуына,
оқудың тиімді формалары мен əдістерін пайдалануға, еңбек пен
политехникалық дайындыққа бөлінген уақытқа, сонымен бірге
оқушылардың жас ерекшеліктеріне тəуелді келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |