Қос нүкте
§141. Жалғаулықсыз салаласқан жай сөйлемдер бір-біріне түсінік болып,
яғни соңғысы не соңғылары алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашып тұрса,
араларына қос нүкте қойылады. Мысалы: Аюлар үйде жоқ: олар орман ішіне
серуенге кеткен еді.
§142. Өйткені, себебі сияқты жалғаулықтар түсіп қалып жасалған
салаластарда жай сөйлемдердің арасына қос нүкте қойылады. Мысалы: Мен
жиналып үлгеретін болдым: пойыз кешке жүреді екен. Салған әні жан-
дүниемізді балқытты: даусы аса әсем екен.
§143. Төл сөз екі түрлі қолданылады: бірі – төл сөзді мәтін ішінен бөлмей,
абзацсыз (жаңа жолсыз) қолдану, екіншісі – төл сөзді абзацпен бөліп тастау.
Бірінші жағдайда төл сөз тырнақшаға алынады, екіншіде сызықша арқылы
жазылады: Әкей оқта-текте иығын қозғап қалып, күбірлеп сөйлеп те қояды:
Достарыңызбен бөлісу: |