§
123. Күшейтпелі шырай түзетін күшейткіш буыннан кейін қойылады:
қып-қызыл, әп-әсем, жап-жақсы т.с.с. Алайда
ақ, көк сөздеріне күшейткіш буын
үстелгенде, дефис қойылмайды: аппақ, көкпеңбек (ап-ақ, көп-көк емес).
§124. Реттік сан есім араб цифрымен берілсе, одан кейін келетін зат есімнің
алдынан дефис қойылады: 5-сынып, 6-қабат, 1-орын т.с.с. Сондай-ақ сан есімнен
кейін -ыншы/-інші қосымшасы жалғанса да, арасына дефис қойылады: 6-ыншы,
7-інші т.с.с. Алайда сан есім рим цифрларымен берілсе, дефис қойылмайды: ХХІ
ғасыр, ІІІ сессия т.с.с.
§125. Сан есім затсымақтанып (А.Байтұрсынұлының термині), одан кейін
септік жалғаулары жалғанса, арасына дефис қойылады: 5-ке 4-ті қосса, 20-ны 2-
ге бөлсе т.с.с.
§126. Топтау үстеулері немесе топтық сан есімдерден кейін дефис
қойылады: алты-алтыдан, екі-екіден, бір-бірлеп т.с.с.
§127. Екі сан есімнің тіркесуінен жасалған болжалды сан есімдердің
арасына дефис қойылады: екі-үштерде, отыз-қырықтарда, үш-төрт т.с.с.
§128. Басқы әріп түрінде қысқарған сөзден кейін жалғанатын қосымшаның
алдынан қойылады: ҚазҰУ-ға, БҰҰ-дан т.с.с. Алайда буын түрінде қысқарған
сөздерден кейін келген қосымшаның алдынан дефис қойылмайды: ауаткомға,
ұжымшарда т.б.
§129. Шетелдік компания немесе шетелдік тауар (өзге тілдің әріптерімен
жазылған) атауларынан кейін қосымша жалғанғанда дефис қойылады: Toshіba-
ға, «Henkel»-ден т.с.с.
§130. Техника маркаларын көрсететін шартты белгілерден кейін
жалғанатын қосымшаның алдынан дефис қойылады: ТУ-104-ті, ДТ-54-пен т.с.с.
§131. Ұзындық, салмақ т.б. өлшемдер қысқартылып берілген кезде шартты
белгілерден кейін жалғанатын қосымшаның алдынан дефис қойылады: см-дей,
кг-нан, 10°-қа т.с.с.
§132. Нысан ретінде қолданылған жеке әріп немесе қосымшадан кейін
дефис қойылады: ә-нің сөз соңында келмейтіні, а-дан басталатын сөздер, - да-
ға жалғанады, -ық/-ік-пен салыстырғанда т.с.с.
§133. Араб тілінен енген әл артиклінен кейін дефис қойылады: Әбу Насыр
әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни т.б. Алайда
хан, би, бек, шешен т.б. сөздерінің
алдынан дефис қойылмайды: Абылай хан, Әйтеке би, Жиренше шешен т.с.с.
§134. -мыс, -ақ, -ау, -ай демеулік шылауларынан бұрын дефис қойылады:
келіпті-мыс, айтады-ақ, сен-ақ, сәулем-ау, қалқам-ай т.с.с.
§135. Есімше тұлғаларынан кейін келетін өткен шақ қосымшаларының (-
Достарыңызбен бөлісу: