кіргізбе де!» – деп кетті (С.Мұқанов).
§148. Өлең ішіндегі төл сөздер көбінесе тырнақшаға алынады:
Сарқылмас сөзі таудың бұлағындай,
Сиқыр сөз көлдің сұлу құрағындай.
Жорытады желмаядай шал кеңеске:
«Осылай болған екен, шырағым-ай» (С.Мұқанов).
Өлең ішіндегі төл сөз сызықшаға алынуы да мүмкін:
Қоя бердім өлеңімді
Жыршыларға қаратып:
– Ей, жыршылар, жыршылар!
Жыр айта ма осылай?! (Жамбыл).
§149. Көркем шығармалардың ішінде келтірілген үлкенді-кішілі хаттар
тырнақшаға алынады:
Екі қыз бұл хабарға өте куанышты жүргенде, қысқаша жазылған хат та
келіп қалды: «Бұл хатты партиялық билетімді қалтама салып алып жазып
отырмын, – деп жазыпты ол, – Жеке ісіме жазылатын қатты сөгісім бар, оны
ісіммен алдыруға сенем...» (С.Мұқанов).
§150. Дәйексөз (цитат) тырнақшаға алынады.
Мысалы: Бұл жөнінде М.Горькийдің әр заманда, әр ортада ескі ертегінің
жаңғырып, өскелеңдеп, өзгеріп отыратыны турасында айтқан пікірін еске
аламыз: «Ой мәдениеті мен халық шығармасын өсіруде көне ертегілерді әр
Достарыңызбен бөлісу: |