ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ
ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
ӘОЖ 373.1
ЗАМАНАУИ МЕКТЕП ОҚУЛЫҒЫНЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Құсайынов А.Қ.
Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы, Алматы қаласы
Статья посвящена проблеме педагогических функций современных учебников. На
основе исследования учебников и учебно-методических пособий автор выявил
педагогические функции, которым должны соответствовать современные учебники.
Выполнение педагогических функций автор показывает на примере учебно-
методического комплекса «Навигатор» по предмету «Биология», издательства
«ДРОФА» (В.И. Сивиглазов и др.).
В статье автор на основе результатов анализа предлагает необходимые меры для
создания качественной учебной литературы.
Article is devoted to a problem of pedagogical functions of modern textbooks. The author
revealed pedagogical functions to which modern textbooks have to correspond on the basis of
research of textbooks and educational and methodical grants. The author shows performance of
pedagogical functions on the example of the educational and methodical Navigator complex on
the subject "Biology", DROFA publishing houses (V. I. Siviglazov, etc.).
The author offers necessary measures for creation of qualitative educational literature
on the basis of results of the analysis.
Ключевые слова
: учебник, учебно-методический комплекс (УМК), педагогические
функции учебника: координирующая, систематизирующая, информативная,
трансформирующая, закрепления полученных знаний и формирования навыков
самоконтроля, самообразования, интегративная, развивающая и воспитывающая.
Keywords:
textbook, educational and methodical complex (EMC), pedagogical functions
of the textbook: coordinating, systematizing, informative, transforming, fixing of the gained
knowledge and formation of skills of self-checking, self-education, integrative, developing and
upbringing.
Оқытудың мектептік, сыныптық жүйесі өмірге келгелі, адамзат өзінің ұзақ
тарихында жинақтаған бағалы білімін, тәжірибелерін, ашқан ғылыми жаңалықтарын,
жасаған рухани-мәдени құндылықтары мен тәрбие, өнеге үрдістерін жеткіншек ұрпағына
оның шама-шарқына шақтап, сатылап жеткізудің, амалдап үйретудің оқулықтан қолайлы
құралын ойлап шығарған жоқ. Білім берудің компьютерлік,
аудиовизуалдық және басқа
жаңа құралдары кеңінен, тіпті жаппай іске қосылып отырған біздің дәуірде де мектеп
оқулығының рөлі арта түсуде.
Оқулық – оқушыға ұсынылатын және ғылыми білімдерді педагогика тұрғысынан
мазмұндайтын, ғылыми категорияларды өңдеу арқылы педагогикалық категорияларға
айналдыратын құрал. Бұл анықтама оқулықтың басқа әдебиеттерге қарағанда ерекшелігін
айқындайтынын қазіргі педагогтар да растап отыр.
Жас ұрпақты халқымыздың рухани байлығымен және қазіргі замандық біліммен
қаруландырып қана қоймай, олардың бойына жаңа сапалы дағдылар, икемдіктер мен
құзыреттіліктерді дарытуда да жаңа буын оқулықтары үлкен рөл атқаратын болады.
Мектеп оқулығының кез-келген теориялық мәселелерін қарау, оның белсенді
педагогикалық қызметін нақтылап алмайынша, мүмкін емес. Мектеп оқулығының
мазмұнында, мектеп алдында тұрған нақты оқыту-тәрбиелік міндеттерді мақсатты түрде
шешуге қызмет ететін және аталған міндеттерді мұғалімге жүзеге асыруға мүмкіндік
беруге қажетті ақпараттардан басқа кездейсоқ ешнәрсе болуы мүмкін емес.
Оқулық оқу мәліметтеріне қоса онымен жұмыс жасаудың әдістемесін ұсынады,
яғни мұғалімге оқыту тәсілдері мен оқу мәліметтерін игеру жолдарын, ал оқушыға игеру
мен үйрену тәсілдерін ұсынады.
Басқаша айтқанда, оқулықта білім берудің мақсаттары
оқытудың мазмұны мен әдіс-тәсілдері түрінде нақтыланады. Сонымен, оқулық оқытудың
тиімділігін көтеру мақсатымен әзірленіп, оқу үрдерісіне басылым ретінде еңгізіледі. Ол,
біріншіден, оқу үрдерісінде көптеген қызметтерді атқарады; екіншіден, оқытудың түрлі
объектілерін қозғалысқа, яғни әрекеттерге белсендіреді; үшіншіден, оқыту барысында
қосалқы болып табылатын түрлі іс-әрекеттерді ұсынады.
Біздің жүргізген зерттеулеріміз көрсеткендей, заманауи мектеп оқулығы – мектеп
бағдарламасымен бекітілген және оқушылардың жас және басқа да ерекшеліктерін
ескеріп, білім берудің пәндік мазмұның, іс-әрекеттердің иеленушісі ретінде келесідей
педагогикалық қызметтер атқарады [1]:
үйлестірушілік;
жүйелеушілік;
ақпараттық;
жинақтау (трансформациялық)
;
алған білімін бекітіп, өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
өздігінен білім алу;
кіріктіру (интеграция);
дамыту және тәрбиелеу.
Бұл
қызметтерді оқулыққа ендіріп, оларды қажетті, қалыпты мөлшерде жүзеге асыру
қажет. Бұл талаптарды орындамау, оқу барысын қиындатып, оқушылардың жанын
қажытатын көңілсіз ауыртпалыққа апарып соқтырары сөзсіз.
Оқулықтың педагогикалық қызметінің қалай жүзеге асырылатынын көрсету
мақсатымен біз, қазақстандық оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендерге (ОӘК-ге)
талдау жүргіздік. Талдау нәижесі бойынша отандық оқулықтар және ОӘК-дің
педагогикалық қызметтердің барлық талаптарына жауап бермейтінін байқадық.
Сол себепті, зерттеудің келесі кезеңінде, біз ресейлік оқулықтар мен ОӘК
талдадық. Ресейлік басылымдарғадың ішінде біз 2011 жылы «ДРОФА» баспасы шығарған
биология пәні бойынша 6-сыныпқа арналған «Навигатор» ОӘК-не тоқталдық [2].
Енді
оқулықтың атқаратын қызметтеріне тоқталайық.
Оқулықтың
үйлестіруші қызметі оның басқа оқу құралдарын өз төңірегіне
топтастырып, олардың ұйытқысы болуынан көрінеді. Барлық басқа құралдар оқулықта
көрініс тапқан және бағдарламалық мақсаттарға қол жеткізуге қызмет етеді. Сөйтіп,
оқулықтың бұл қызметі мұғалімнің білім берудің даралық тәсілін жүзеге асыруына,
оқушылардың ақпараттық тасқынды бағдарлай білулеріне, алған білімдерін тереңдете
түсулеріне және ол білімдерді тәжірибеде қолдана білу шеберліктерін қалыптастыруға
арналған. Оқулық және оның қосымша әдістемелер кешендері мазмұны, мақсаты,
міндеттері, құрылымы және концепциясы бойынша сәйкес келуі керек. Оқулықтың
авторлары оқу құралдары жиынтығының, сонымен бірге, сол оқулықтардың желісінде де
автор немесе қосалқы автор болғаны дұрыс. Берілген тақырыптарды
оқушының дұрыс,
бірізді бағдарлауы, өз бетімен меңгеруі үшін оқулыққа әдістемелік нұсқауы бар
мультимедиялық қосымша ұсынған жөн.
Мысалы,
«Навигатор» ОӘК құрамына төмендегілер кіреді:
оқулық-навигатор;
мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау;
навигатор оқулығына мультимедиялық қосымша;
білімнің сапасын тексеруге арналған дәптер;
«Сенің жаңалықтарың» атты альбом-тапсырма;
лабораториялық жұмыстарға арналған дәптер.
«Навигатор» ОӘК тұжырымдамалық тұрғымен қызықтырады, яғни барлық
мәліметтер тұтас жүйе ретінде қарастырылады. Материалдар мазмұнында – өзінің
орталық құрылымы, ұғымдардың спираль дамуы, мазмұндық логикасы, тапсырмалардың
әдістемелік қарастырулары бар. Бұл топтаманың нағыз өзегі – «оқулық-навигатор» болып
табылады, өйткені мұнда негізгі материалдар мен басқа жинақтар бөліктеріне ұсынылған
сілтеме нұсқаулар көрсетілген. Мультимедиялық құралға білім
беру кеңістігін кеңейтетін
қосымша модуль енгізілген. Дискіде суреттер, сызбалар, анимациялар, видеокөріністер,
виртуалды лабораториялық жұмыстар, тестер және басқа да интерактивті тапсырмалар
кең көлемде берілген.
Достарыңызбен бөлісу: