Хабаршысы ғылыми журналы


ҚАЗАҚ  ХАЛЫҚ  ОЙЫНДАРЫНЫҢ  ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ



Pdf көрінісі
бет150/180
Дата01.02.2022
өлшемі3.07 Mb.
#455016
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   180
 
ҚАЗАҚ  ХАЛЫҚ  ОЙЫНДАРЫНЫҢ  ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ 
 
Жазықова М.Қ., Машрупқызы А. 
 
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
 
В  статье рассматриваются вопросы, связанные с использованием  народных  игр  
по воспитательной работе  в  детском саду. 
In the  article  written    that  in  preschool   educafor  work  produced     national   to  the  
game. 
 
Кілт  сөздер: халық ойындары, салт-дәстүр, мәдениет,  тәрбие,  таным. 
Key words: people games, custom-tradition, culture, education, cognition. 
 
Қазіргі таңда жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жұмысында  осы сала 
мамандарынан  үлкен жауапкершілік пен  кәсіби шеберлікті талап етіп отыр. Әр  маман өз 
ісін жоғары деңгейде ұйымдастырып,  озат іс-тәжірибелерді игере отырып,  білім мен 
тәрбие беруде  қазіргі  жаңа  технологияларды  тиімді қолдана білу шеберлігін игеруі тиіс. 
Оқу-тәрбие жұмыстарында  заман  талабына сәйкес шығармашылық ізденісті күшейтіп, 
балалардың еркін ойлап, еркін қимылдайтын, терең ойлы, білімді,  өнегелі болып 
тәрбиеленуіне  ерекше назар аударып отыру қажет. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде   
мектепке дейінгі  білім беру жұмыстарына  да ерекше маңыз берілді. Мектеп жасына 
дейінгі балаларды оқыту мәселесі балабақша жағдайында  жүзеге  асырылады. Мен  
балабақша тәрбиешісі ретінде тәрбие жұмыстарында халқымыздың дидактикалық 
ойындарына көп жүгінемін.  Балабақшада оқыту және  тәрбиелеу ісі осы бағыттағы 
жұмыстарды ұйымдастыруда басшылыққа алынатын мемлекеттік бағдарламаға сүйенеді. 
Балабақшадағы берілетін білім бала танымы  мен  оның  даму  деңгейіне  сәйкес  алынып,  
оны қоршаған ортадағы көзі көріп, естіп жүрген табиғаттағы, қоғамдағы мәселелер 
қарапайым  түрде  жеткізілуі  керек.  Балаға берілетін барлық білім мен дағды  ғылым 
негіздеріне сай дұрыс бағытта алынып, бірақ ол бала танымына  сай  қарапайым  тілде  
жеңіл  түсіндірілуі  тиіс.  Ғылым  мен  білім  жетістігін  бала  жанына  түсінікті,  
қарапайым әдістермен  жеткізу  бағытында  мұғалім  мен тәрбиешінің ерекше дайындығы 
мен шеберлігі қажет. Сондықтан балабақша тәрбиеші мамандары  жас балдырғандарға  
қазіргі   жаңа   технологияларға арқа сүйей отырып, бүгінгі заман талаптарына сай білім 
мен  тәрбие беруде  үнемі ізденіп, шығармашылықпен жұмыс жасап  жүр[1.21]. Осы 


орайда, балабақшадағы тәрбие жұмысында халық педагогикасына ерекше назар 
аударылады. Балалар халқымыздың  ғасырлар бойы игерген асыл қазынасынан   
тағылымды тәрбие алып,  ұлттық  құндылықтары арқылы білім нәрімен сусындайды. 
Балабақша балдырғандарының жас ерекшелігіне сәйкес, халық педагогикасы арқылы  
тәрбие беру ісінде    ұлттық ойындардың орны ерекше болып табылады. Дидактикалық 
ойындар – балалардың күнделікті тиімді іс-әрекеті. Ол  балалар үшін әлеммен қарым-
қатынас кезінде туындайтын шексіз қажеттілік пен қызығушылығынан туындайтын іс-
әрекеттің бір түрі. Ойын кезінде баланың ойлауы мен елестеу қабілетінің ерекшеліктері, 
оның белсенділігі, эмоционалдығы, қарым-қатынасқа түсудің қажеттілігі ашық көрінеді. 
Ойын кезінде балалар үлкендердің әрекеті мен қарым-қатынасы сияқты әрекеттермен 
танысады. Оған дәлел болатын ойынның сюжеті мен мазмұны.  Ойынды оқу-тәрбие 
үдерісінде  қолданудың маңыздылығы  ерте кезден-ақ  ағартушы-педагог, ойшыл 
адамдардың  назарын  аудартқан екен.  Есімдері педагогика саласында танымал болған  
Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко  сияқты  
басқа да  адамдар  халық ойынының  педагогикалық потенциялын және дамытушылық 
мүмкіндіктерін жоғары бағалаған еді[2.32]. Қазақ  ағартушылық-педагогикасы  саласында 
ойынның маңызына Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаев, М.Жұмабаев, І.Жансүгіров, М.Әуезов, 
С.Мұқанов сияқты  зиялы адамдар  назар аударған.  Олар  халық ойындарының  
педагогикалық  мүмкіндіктеріне   зор сеніммен қараған екен. Халық педагогикасында 
қазақ халық ойындарының орны ерекше  екендігі  педагог мамандарға  белгілі жағдай.   
Халықтың тұрмыс-тіршілігі,  еңбегі, салт-дәстүрі, намысы, батылдық, ерлік істері 
жайында түсінігін дамыту, шыдамдылық, ептілік және жеңіске ұмтылу  т.б.  қасиеттер 
дидактикалық  халық  ойындарының өн бойынан танылып жатады. 
Баланың эстетикалық, физикалық, саналық дамуында ойын үлкен орын алады. 
Ойынның дамытушы маңыздылығын баланың жан-жақты дамуында бағалау мүмкін емес. 
Ойын бала жасында органикалық негізін құрайды. Егер де ересектер дұрыс басшылық 
етсе, ол  өте  керемет  нәтиже беретін  жұмыс екендігіне көз жеткізуге болады. Педагогика 
және психология әдебиеттерінде ойын туралы маңызды мағлұматтар жинақталған – ойын 
мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы баланың негізгі іс-әрекеті, бала 
дамуының заңдылықтарының бірі деп көрсетілген. Ойын баланың іс-әрекет формасы 
ретінде оның психикалық процестерінің және тұлғалық белгілерінің сәйкестілік дамуына 
мүмкіндік тудырады. Ойын баладан ынталығын, көпшілдігін, басқа балалармен қатынаста 
болуын талап етеді. Қазақ ағартушысы  Ы.Алтынсарин өзінің педагогикалық  іс-
тәжірибесінде ертегілерді, аңыздарды, мақал-мәтел және жұмбақтарды кең қолданды. 
Ы.Алтынсаринның ойынша, оқу-  тәрбиелеу процесінде халық творчесвосын қолдану 
балаларға ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін сыйлауға, құрметтеуге көмектеседі, 
адамдардың ойын және қылықтарын дұрыс түсінуін үйретеді, адамгершілік  және  
эстетикалық негіздерін қалыптастыруға көмектеседі. Білім беру және тәрбиелеу 
мақсатында халық ойындарын қолдану қажеттілігін М.Жұмабаев көп айтып кеткен. 
М.Жұмабаевтың айтуы бойынша «қимылсыз бала тұра алмайды, өйткені ол ойынсыз тұра 
алмайды. Ойын кезінде баланың қиялы күшейе түседі, белсенділік пайда болады да бала 
үлкен әсер алады»[1.5]. Сондықтан баланың сөйлеу тілі даму үшін ойынды қолдану  
қажет. Балаларға ойынның шартын дұрыс құрып, түсіндіру, сонымен қатар қысқаша, 
нақты сөйлеу керек. Ойын кезінде балалар естігенін және көргенін түсініп, қайталауға 
тырысады. Ойын баланың ойында жаңа картиналарды тудырады, ана тілінің дамуына 
көмектеседі. Бірақ, баланың сөйлеу тілі даму үшін, оның қасында үнемі ұстазы болуы 
қажет. Ұстаз баланың досы ретінде өзін ұстай білу керек.  
Баланың   сөздік  қорын дамытуда  да ойынның орны ерекше және ол өзінің  
нәтижесін  береді. Ойын әрекетінде  балалар сөздік қорын   байытып,  ауызша  сөйлеу  
машығын  игереді, таным белсенділіктері  мен ақыл – ойы  өсіп  жетіледі, әрі  
адамгершілік  қасиеттерін  бойына  сіңіреді. Ойын – баланың  шын  тіршілігі.  Ойын  
арқылы  бала  айналасындағы  өмірді  танып,  өзін  қызықтырған  нәрсеге   ықыласы  


ауып,  барлығын танып, түсіне бергісі келеді. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш 
жалықпайды.  Ойын  бала  тілінің  дамуына  өз  ықпалын тигізіп, оның  таным  
белсенділігінің  дамуына  жол  ашады[3.52].   Қай  бала  болмасын  ойынмен  өседі,  
өйткені  бала  табиғатының  өзі  тек  ойынмен  байланысты. Ойын  үстінде  бала  еш  
нәрсеге  тәуелсіз,  ол  өзін  еркін  ұстайды.  Ал еркіндік  дегеніміз - барлық  дамудың   
алғашқы  баспалдағы.  Баланың  білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде 
қалыптасады. Ал тіл кемістігі  кездесетін  балалардың  жалпы  қимылдары,  соның  ішінде  
саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды. Сөйлеу тілі мүшелері 
әрекетінің қозғалуы қол саусақтарының (ұсақ моторика) нәзік қимылдарының  дамуымен  
тығыз  байланыста  болғандықтан  бала   қолының  ептілігін  толық  жетілдіру,  түзету  т.б.  
жұмыстар тәрбие жұмысын  жүйелі  жүргізуді  қалайды. Әр ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінде  тақырыптарға  сай  әр  түрлі  ойын  түрлерін  қолдануға  болады, олар:  саусақ  
ойыны,  дамытушы  дидактикалық  ойын,  сөздік ойын, қимылды   ойын  және  ұсақ  
моторикаға  арналған  үстел  үсті  ойындары  т.б.  Сонымен  саусақ ойындарын жүргізу 
арқылы балалардың саусақтарының   нәзік  қимылдары  мен  бұлшық  еттерінің  
жетілуімен  бірге,  олардың   сөйлеу  тілі  мен  ойлау  қабілеттері  дамитын  болады  және 
баланың жазу шеберлігін  меңгеруіне алғашқы дайындығы қалыптаса бастайды.  Ойын   
ұйымдастыруда  мұғалім  немесе  тәрбиеші дидактикалық  ойындарды  пайдалану  
әрекетін ұйымдастыруға өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын 
ережесін  сақтауға,  ойнай  отырып  ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе  қасиетін  
есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып  зейінін,  қиялын  
дамытады[4.46].  Ал  бала  болса,  өз  жетістігіне  қуанып,  мәз  болады.  Ойындарды  
балабақшада  немесе  үй  жағдайында түрлі  көңілді,  әсерлі  етіп,  баланың  жас  және  
жеке  ерекшеліктерін  ескере отырып  ұйымдастыру  керек. 
Халық ойындарының мүмкіндіктері жоғары екендігі   алдыңғы қатарлы озық 
көзқарастағы мамандардың еңбектерінде  айтылуына байланысты  осы жұмыстар тәрбие 
саласында белсенді  түрде қолданыла бастады. Сондықтан сөйлеуінде бұзылыстары бар 
балалармен жұмыс жасайтын мекемелерде  де  халық ойын түрлерін   тәрбие  және 
логопедиялық  жұмыстарда   қолданудың тиімділігіне назар аударылып отыр. Мен 
осындай мекемеде жұмыс жасайтын тәрбиеші маман ретінде  халық ойындарын   
күнделікті жұмысымда жиі қолданып отырамын.  Сөйлеуінде бұзылыстары бар 
балалармен жұмыста ойын әрекеті  тиімді, ізгі құрал болып есептеледі. Бала ойын 
барысында еш қиындықсыз жаңа білім, дағдыларды игереді. Бұл ойынның даму және 
түзету құрал ретіндегі құндылығы деп саналады. Баланың ойын арқылы дамуы ойын 
әрекетіне деген қызығушылығы  оның біртіндеп ойлау  әрекетіне  ауысуымен көрінеді. 
Ойын сөйлеу тілі дамуы мен сөздік қатынастың құралы және белсендірудің қайнар 
көзі деп айтуға болады. Ойынның өзі, ойыншыққа «нақты» заттың көрсетуі ретінде көңіл 
бөлу, психологтардың көз қарасы бойынша, сөзді ойын іс-әрекетіне қосуда байқалады, 
бірақ ол біртіндеп іске асады.Адамның интеллектуалды және эмоционалды дамуы сөйлеу 
тілін қамтумен тығыз байланысты. Сондықтан бала жасында тілдің дамуы ерекше орын 
алады. Баланың әрбіріс –әрекеті қоғамдық ортада жүреді және қоршаған ортамен қарым-
қатынастан тұрады. Бала ойнай ма, еңбек ете ме – осының барлығы қоршаған ортамен 
қарым-қатынас болып санала отырып, сонымен қатар тілдің дамуының бір негізі ретінде 
көрінеді. Ойын үстінде сабаққа қарағанда, бала күрделі мәселелерді шеше біледі. Ойын 
баланың ойлау белсендігін арттыра түседі. Ойында бала өз еркімен ойын міндеттерін 
шешіп және оларды өз сөзімен айта білуге үйренеді. 
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тіл дамымауы бар ересек балаларының 
еңбекке тәрбиелеу барысында сөйлеу тілін дамытуын зерттеуге арналған 
И.Г.Веретенникованың еңбектерінде балалардың тілін тиімді дамытуының формасы 
тематикалық экскурсиялармен қатар сюжетті-рөлдік ойындар болып табылады деп 
көрсетілген. Ойын кезінде балалар тақырыпқа байланысты құрал-жабдықтардың атауын, 


алған білімдерін бекітеді  екен.Ойын балаға психологиялық процестер арқылы жеке тұлға 
болып қалыптасуына мүмкіндік береді. 
Логопедтердің   дамуында бұзылыстары бар балалармен жұмыстары  кезінде  де  
ойынның түзетушілік, дамытушылық рөлінің маңызы ерекше  екені айтылып жүр. 
Логопедия бойынша арнайы әдебиеттерде сөйлеу тілі бұзылған балалардың ойын 
әрекетінің спецификасына арналған көптеген нұсқаулар кездеседі. Көптеген авторлар 
ойынды түзету құрал ретінде қолданудың ғылыми-әдістемелік аспектілерін жетілдіруге 
тырысады. Ойын әрекеті баланың жанжақты дамуына бағытталған және мектеп жасына 
дейінгі тәрбиелеудің негізгі тарапының бірі болып есептеледі. Атап айтқанда, ойын 
барысында оқу тәрбие, дамыту, және түзету міндеттері тиімді шешіледі.Ойынның ерекше 
құндылығы оның коррекциялық бағытымен негізделеді. Бұл ойынды мүмкіндіктері 
шектеулі балалармен жүргізілетін тәжірибе жұмысында қолдануға мүмкіндік береді. 
Қазақ халық ойындарын  пайдалану, оның ішіндегі тапсырмаларды балалардың сөйлеу 
тілінің даму деңгейіне, сөйлеу мүмкіндіктеріне байланысты логопедиялық сабақтарда 
қолданыу, қазақ халық ойынның түзетушілік функцияларын ажыратуға мүмкіндік 
береді.Балаларға бір ойын негізінде әр түрлі жақтан амал ету, логопедиялық  жұмыста әр 
түрлі арнайы тәсілдер, материалдар қолдануға, ойынның мазмұны, міндеттері, балалардың 
сөйлеу тіліне қойылатын талаптарды өзгертуге мүмкіндік туады. Логопед сөйлеу тілінің 
даму деңгейіне сүйене отырып, ойынды ұйымдастырады, сұрақтар, күрделігі әр түрлі 
тапсырмалар тұжырымдайды. Оларды балалардың сөйлеу мүмкіндіктеріне қарай 
жеңілдетіп немесе күрделендіріп отырады. Осыған байланысты балалардан да жауап 
талап етеді. Қазақ халық ойындары балалардың сөздік қорын молайтуға және 
белсендіруге, сөздерді дұрыс және еркін қолдануға, сұрақтарға толық жауап беруге, 
байланыстырып сөйлеуінің дамуына толық мүмкіндік береді. Ойын барысында барлық 
әрекеттерін сөзбен білдіру, сөйлеу әрекетін белсендіруге қажетті жағдай жасау, дыбыс 
айтуының, лексикалық-грамматикалық құрылымының бұзылыстарын түзету, моторлы 
функцияларын жетілдіру; перцепция дағдыларын қалыптастыру: есту, көру, сипап-сезу 
қабылдауларын, психикалық процестерін, көріп есте сақтауын дамыту жүзеге асады[5.48]. 
Кез келген әрекет кезеңменен қалыптасатыны белгілі. Балаларды халық 
ойындарына үйрету төмендегідей кезектілікпен жүреді:  Тәрбиеші ойынды атайды. 
Балалар оның артынан қайталайды, содан кейін өз бетінше ойынның атын атайды. Одан 
кейін ойын шартына сай әрекеттер, қозғалыстар жалғасады. Ойын барысындағы баланың 
белсенділігі оның танымы, ойлау жүйесі,  сөздік қорының молдығына тікелей әсер етеді.  
Ойын барысында бала мектеп  партасында отырып, сабақта алған дағдысынан оңай, әрі 
тиімді, әрі қызықтыра игертетін  жеңіл жолмен  көп пайдалы   білім мен тәрбие алады 
екен. Сондықтан ойын  мектепке дейінгі мекемелердегі тиімді технология болып 
табылады.Ойын  барысында   балаға  мынадай дағды беріледі: 1). Білім  беріледі; 2). 
Тәрбие  беріледі; 3). Танымы кеңейеді; 4).Сөздік қоры дамиды; 
 


 
Балаларға ұлттық ойындарды үйрету барысында тек қалыптасқан жұмыс түрлерін 
ғана  (ойынды  жалпы топпен өткізу, ұйымдастырылған оқу іс 

 әрекеті үстінде 
пайдалану) қолданып қоймай, оған өзгеше әр беріп өткізген жөн деп ойлаймын. Мен 
Ақтөбе қаласының № 11 «Ақбота» көруі мен сөздері бұзылған балалар үшін мектепке 
дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымында көздері нашар  көретін, сөйлеуінде де 
ауытқулары бар  балаларға  тәрбие жұмысын жүргіземін.  Тіл мүкістігі бар топтарда 
балалармен тілін түзету шараларымен логопедтер  айналысатын болса, ал  оларға білім 
мен тәрбие беру істерімен   тәрбиеші  мамандар  шұғылданады. Осы жағдайға байланысты 
балаларға ойын түрлері арқылы  тәрбие жұмыстарын жүргізуде олардың белсенділігі мен 
қызығушылығы арта түсетіндігін байқадым. Ойын арқылы бала тәрбиесіне де жақсы 
ықпал етуге болатындығына көз жеткіздім. Осы орайда, өзім өткізген ойын түрлерінің 
бірнешеуінің шартын түсіндіре отырып, осы ойын барысында  бала танымында  қол 
жеткізетін   жетістіктер туралы сөз қозғамақпын. Осындай ойындардың бірі -«Ат 
шабысы». Ойын барысы: екі топ балалары бірінің артынан бірі екі тізбекке тұрады. Тізбек 
арасы  3 метр. Белгі бойынша екі тізбекте бірдей алғаш тұрған балалар қарсы алдарында  

 6 метр жердегі жатқан  «теңгені» (құм толтырылған қапшық) ат үстінде шауып бара 
жатып, іліп алып, межені айналып өтіп, теңгені қайтарда өз орнына тастап, тізбек соңына 
беттейді. Өзінен кейінгі әріптесінің қолына 

 қолын тигізген соң келесі ойыншы аттанады.  
Ескерту: «Ат шабысын» келтіре жүгіру шарт. Қай топ бірінші  аяқтаса, жеңімпаз аталады.  
Екінші ойын  - «Қазан».  Ойын барысы: арнайы белгіленген  сызықтан біреуі 

, екіншісі 

 7, үшіншісі 

 9 метрлік ара қашықтықта еденге бормен диаметрі  7

 см  қазан сызылады. 
Екі топтың ойыншысы бір мезгілде белгі бойынша қолдарындағы құм толтырылған 
қапшықты «қазанды» лақтырады. Алғашқысына дәл түссе  

 1, екіншісіне 

 2, үшіншісіне 

 3 ұпай тағайындалады. Егер мүлдем түсірмесе 

. Ойын соңында екі топ 
ойыншыларының нәтижелері қорытындыланады.  Үшінші ойын - «Тымақ ұру». Ойын 
барысы: бұл ойынға қағаздан жасалған қалпақ, белбау қажет. Белгілі сызықтан 1

 адым 
жердегі қазыққа қалпақты іледі. Бала адымдап барып, қалпақты ұрып түсіру 
керек.Төртінші ойын - «Жорға жарыс».  Ойын барысы: арнайы сызықтан белгі бойынша 
қос аяғын бірдей алға сермеп секіру арқылы алдағы  1

 адым жердегі межені айналып өту 
керек. Қай топтың соңғы ойыншысы бұрын аяқтаса, сол топ жеңімпаз. Тәрбиеші: 
«балалар, біз екі топтың да өнерін тамашаладық, бәрің де арғымақ пен тұлпардай   шеңбер 
бойымен айналдырады, ал ойнаушылар болса, секіріп арқанды аяқтарының астынан 
өткізіп жіберулері қажет. Кімде 

 кім арқанды өткізе алмай, аяғына тигізіп алса, айып 
Ұлттық 
ойындар
танымын 
кеңейту
Білім беру
Тәрбие беру
Сөздік 
қорын 
дамыту


тартады  (тақпақ, ән айту керек)». Сосын ойын жүргізушімен орын алмастырылып, ойын 
жалғасады.  Бесінші ойын - «Арқан түю» ойыны. Балалар  бәрі  бір шеңбер бойына 
тұрады. Ойын барысы: Қолында арқаны бар бала шеңбер ортасына шығады да : «Ойынды 
бастадым!» - деп дауыстайды. Сонан соң арқанның түйілмеген жағынан ұстап,шеңбер 
бойымен айналдырады. Ал ойнаушылар болса, секіріп тұрып арқанды аяқтарының 
астынан өткізіп жіберулері қажет. Кімде-кім арқанды  өткізе алмай аяғына ти гізіп алса, 
айып тартады(тақпақ, ән  айтады немесе би билейді), ойын әрі қарай жалғасады.   
Жоғарыда аталған эстафета жарыстарында ойналған ойындарды  тәрбиешілер күні бұрын 
түрлі ұйымдастырылған оқу іс 

 әрекетінде балаларды ойын шарттарымен таныстырып, 
алдын 

 ала ойнатып жаттықтыру қажет[5.52]. Ойын   ұйымдастыруда  мұғалім  немесе  
тәрбиеші  ойын  әрекетін ұйымдастыруға өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай 
білуге, ойын ережесін  сақтауға,  ойнай  отырып  ойлануға бағыттайды, заттың атын 
немесе  қасиетін  есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып  зейінін,  
қиялын  дамытады. Ал  бала  болса,  өз  жетістігіне  қуанып,  мәз  болады.  Ойындарды  
балабақшада  немесе  үй  жағдайында түрлі  көңілді,  әсерлі  етіп,  баланың  жас  және  
жеке  ерекшеліктерін  ескере отырып  ұйымдастыру  керек. Мысалы:  «Саусақтар 
сәлемдеседі», «Он саусақ», «Қуырмаш», «Қазым-қазым», «Моншақ»т.с.с. ойындар 
арқылы саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге болады. Мысалы,«Моншақ» ойынында  
бала  өлең  жолдарын  қайталай  отырып, үстел үстінде жіпке түрлі  моншақтарды  немесе  
түрлі–түсті  ұсақ  тастарды  тізбектей  отырып жаңа сөздерді меңгереді, тура санау, 
түстерді ажырату, есте сақтау қабілеттерін  жетілдіреді.  «Сөздік»  ойынына  келетін  
болсақ,  балалар  сөз мағынасын  түсінеді  және  дұрыс  жауап  беруге,  орынды  сөйлеуге 
үйренеді,  ойлау  және  есте  сақтау  қабілеттерін  жетілдіреді.   
Қазақ халқының салт 

 дәстүрлері, ырымдары мен ұлттық ойындарын балалардың 
санасына кішкене кезден бастап сіңіретін болсақ, болашақта ұлағатты, саналы, өз қазақ 
тілін, дәстүрін құрметтейтін, өз дініне деген жанашыр білімді нағыз қазақ азаматтарын  
тәрбиелеп шығарамыз деп ойлаймын. Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымдарда  
тәрбиешілер ескі ұлттық ойындарды жаңғыртып, тек дене шынықтыру ұйымдастырылған 
оқу іс 

 әрекетінде  өткізіп қоймай, әртүрлі ұйымдастырылған оқу іс 

 әрекеттерінде 
түрлендіріп өткізіп отырсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Қазақтың   ұлттық ойындары 
алғашқы  шығарылған кезде   мынау балаларға, мынау ересектерге – деп бөлінбеген. Бұл 
ойындар арқылы баланың  дене бітімін жетілдірсек, іс –әрекеттегі амал- тәсілдер арқылы 
ой-сананың дамуына ықпал етеді. Ойын арқылы жаттығулар мен  тапсырмаларды  
орындата отырып,  кеңістікті бағдарлауға, уақытты пайымдауға, достарымен қарым-
қатынас мәдениетіне тәрбиелейміз. Қазақтың ұлттық ойындарын көп ойнаған, мол 
сусындаған бала сол  ойындар арқылы өз халқының  салт-дәстүріне, мәдениетіне, туған  
діліне, тіліне жанашыр нағыз қазақ азаматы болып өсері сөзсіз.  Балабақшадағы  
тәрбиелей отырып оқыту ісінде мұғалім-тәрбиеші ойын арқылы оқыту технологиясына 
көбірек назар аударып, баланың ойын әрекетіндегі психологиялық   жағдайын  зерделеп,   
жеке  тұлғаның  қызығушылығын  оята білуі қажет.Ойынға қажетті көрнекіліктер  
балабақшадағы оқу-үйрету жұмысындағы маңызды  жұмыстардың  бірі. Сондықтан бала 
қиялына, оның дүниетанымына сай ойынға қажетті көрнекіліктер құрастырып, ойын 
барысында оларды тиімді қолдану жолдарын білуі тиіс. Балабақша мұғалімі  баланың  ой-
өрісін  дамыту  мақсатында  оның  көру  қабілеті арқылы әсер етіп, түрлі көрнекіліктерге, 
яғни қуыршақ театры, балаға арналған  қызықты  фильм-көрініс,  суреттер,  табиғат  
аясындағы жан-жануар,  құс,  өсімдік  әлеміне  саяхат  арқылы  көрсетуге  назар  аударып, 
осы жұмыстарды  ойын әрекетімен бюайланыстырып, тілді үйрету әрекетімен шебер 
жымдастыра білуі тиіс.    Сондықтан да   ұлттық ойындарымызды  оқу іс-әрекеттерінде  
қолданып, бұрынғы ойындарымызды  бала тәрбиесінде  жаңғырта қолданудың тиімділігі 
ерекше деп білемін. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   180




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет