Хабаршысы ғылыми журналы


Даму болашағына тоқталсақ



Pdf көрінісі
бет59/180
Дата01.02.2022
өлшемі3.07 Mb.
#455016
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   180
Даму болашағына тоқталсақ: 
Қазіргі таңда  басты мәселелердің бірі кіру және ішкі туризмін пайдаланып
бәсекеге қабілетті туристік индустрияны қалыптастыру, халықты жұмыс орындарымен 
қамтамасыз ету, мемлекеттің және халықтың табыстарын өсіру болып табылады. 
 
Бұл мақсатқа жету үшін мына міндеттерге жетуіміз керек: туризмді мемлекеттік 
реттеудің тиімді механизмін қалыптастыру, туризм инфрақұрылымын дамыту, 
республиканың туристiк әлеуетiн арттыру, тарихи-мәдени және табиғи-рекреациялық 
ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану, елдің туристік тартымды имиджін 
қалыптастыру, шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту болып табылады. Бұл міндеттерді 
іске асыру үшін мемлекеттік реттеу  жүйесін дамыту,  қазақстандық турөнімді жылжытуда 
маркетингті қолдану, экологиялық және жастар туризмін қалыптастыру, туристердiң 
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, туризм саласындағы ғылыми зерттеулердi тереңдету, туризм 
саласындағы кадрларды даярлау мен олардың білiктілiгiн арттыру жүйесiн дамыту,  
туристік объектілерді қайта жаңғырту мен салу үшін отандық және шетелдiк 
инвестицияларды тарту жолымен туризм инфрақұрылымын дамытуды ынталандыру, осы 
салада халықаралық қарым-қатынастар орнату мәселелерін шешу қажет. Республикада 
Қазақстан Орталық-Азия аймағында тартымды туристік аймаққа айналуы үшін нақты 
жағдайлар жасау жоспарда бар.  Жалпы алғанда Қазақстандағы туризмге талдау нәтижесі  
бойынша, құрылымындағы өзгерістер мен бірге, шығу және ішкі туризм көрсеткіштерінің 
өсімі, туристік фирмалар саны мен табысының өсуі байқалады. Дей тұрғанмен, Қазақстан 
елдегі барлық туристік әлеуетті қолдана алмай отыр, сондықтан басты міндеттердің бірі 
туризмде тартымды турөнімді қалыптастыру болып отыр. ДСҰ-ның болжамдарына 
сәйкес-халықаралық туризмнің өсімі 2020 жылға дейін 4.3-4.4% құрайды, ал Қазақстанда 
кешенді есептеулердің нәтижесінде орташа өсім қарқыны жоғары болады деп болжануда. 
 
Әдебиеттер 
1. "Қазақ энциклопедиясы," 5 том -329 б. 
2. Мазбаев О.Б., Атейбеков Б.Н., Асубаев Б.К. Туризм және өлкетану негіздері.  
Оқу құралы.  // Абай атындағы ҚазҰПУ, 2006 ж.16-17 б. 
3. Жүнісбекова Б.Б. Оқу құралы./Экономика баспасы,- Алматы 2009 ж. -201 б. 
4. Накатков Ю.С. История туризма Казахстана, - Алматы, 2001 г. - С 23. 
 
 
 
 
 
 
 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   180




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет