Ә дауысты дыбысы:
1) Жасалым белгілері: ашық, езу, тіл ортасы;
2) Айтылым белгілері:
ауыз қуысты, кең шығысты;
3) Естілім белгілері: жіңішке, ашық, езу әуезді;
Ы дауысты дыбысы:
1) Жасалым белгілері: қысаң, езу тіл арты;
2) Айтылым белгілері: көмей қуысты, қысаң шығысты;
3) Естілім белгілері: жуан, қысаң, езу әуезді;
Ідауысты дыбысы:
1) Жасалым белгілері: қысаң, езу, тіл ортасы:
2) Айтылым белгілері: ауыз қуысты, қысаң шығысты:
3) Естілім белгілері: жіңішке, қысаң, езу әуезді:
Ұ дауысты дыбысы:
1) Жасалым белгілері: қысаң, доғал ерін, тіл арты;
2) Айтылым белгілері: көмей қуысты,
дөңгелек шығысты;
3) Естілім белгілері: жуан, қысаң,
ерін әуезді;
Ү дауысты дыбысы:
1) Жасалым белгілері: қысаң, доғал ерін, тіл ортасы;
2) Айтылым белгілері: ауыз қуысты, дөңгелек шығысты;
3) Естілім белгілері: жіңішке, қысаң, ерін әуезді;
2.Құранды дауысты дыбыстар:
Құранды О дыбысы – wұ, Ө дыбысы – wү, Е дыбысы йі дыбыстарынан жасалады, яғни
құранды дыбыстар осы қос дыбыстар түріндегі үндесім әуезбен айтылады.
О дауысты дыбысы:
1) жасалым белгілері: ерін, тіл арты, құранды дауысты дыбыс;
2) Айтылым белгілері:
көмей қуысты, сүйір шығысты;
3) Естілім белгілері: жуан,
W - ерін әуезді;
Ө дауысты дыбысы:
1) жасалым белгілері: сүйір ерін, тіл ортасы, құранды дауысты дыбыс;
2) Айтылым белгілері: ауыз қуысты, сүйір шығысты;
3) Естілім белгілері: жіңішке, W - ерін әуезді;
Е дауысты дыбысы:
1) жасалым белгілері: емеурін, тіл ортасы құранды дауысты;
2) айтылым белгілері: ауыз қуысты, емеурін шығысты;
3) естілім белгілері: жіңішке, J - езу әуезді;
Достарыңызбен бөлісу: