Хабаршысы ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет83/180
Дата01.02.2022
өлшемі3.07 Mb.
#455016
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   180
Штейнгасс және т.б.). 
Исламда білімге көп көңіл бөлінген. Құранның  алғашқы аяттары: "Оқы! Жаратқан 
Раббыңның атымен бастап. Ол адам баласын ұйыған  қаннан жаратты. Оқы! Раббың сенің 
аса жомарт!" - деп басталуы да тегін емес. Ілім үйрену - мұсылманның қырық парызының 
бірі. Ғылым - Алла тағаланың 99 сипатының бірі. Ілім жөнінде хадистер де  көп. "Кімде-
кім ілім іздеп жолға шықса, оның өле өлгенше Алла жолында жүргені", "Бір сағат ілім 
үйрену бір күнгі ғибадаттан артық, ал бір күндік дәріс - бір ай ұстаған нэфіл оразадан 
абзал" және т.б. делінген. 
Сенім (эл- иман) деген сөз және оның туындылары қасиетті  Құранда 811 рет 
кездеседі екен. Ілім (эл- уилм) сөзі және онын туындылары 782 рет, оның синонимы білім 
(эл- марифа) деген сөз 29 рет кездеседі. Сонымен ілім және білім сөздері және олардың 
туындылары қасиетті Құранда өте жиі кездеседі екен. Бұл кездейсоқтық емес! Бұлардың 
бәрі дінді ілімнен бөліп қараудың қате екенін көрсетеді. Керісінше ілім, дін, ғылым 
жетістіктерін пайдалана отырып алдымен  адамзаттың өзін, Жаратушы хақ Алла тағаланы 
тануды үйретеді. 
Адамзат тарихында дінге сенбеген бірде-бір қоғам болмаған. Дін жолы қандай да 
күрделі болғанымен де, материализмнің кең етек алуына қарамастан оның кедергілерінен 
өтіп бүгінге дейін жетті. Тіпті атеистік қоғамның өзін алып қарасақ та, оларда 
бұрмаланған діни ойлар, басқару идеологиясы, жеке басқа табыну, немесе, идеяға 
құлшылық ету тәрізді ұстанымдар кеңінен қолданылған. 
Адамзат тарихында дінге деген сан  алуан көзқарастарға қарамастан,  күні бүгінге 
дейін әлемнің ауқымды бөлігі дінді мойындайды. Сол себепті біз діннің өмірдегі орнын 
оқып білуіге тиіспіз. Әлемде дін маңызды рөл атқарады. Әлемде болып жатқан 
қайшылықтар мен қақтығыстардың діни негізі бар. Осыған орай әлемдегі оқиғалардың 
мәні мен себебін білу үшін сол оқиғаға қатысты адамдардың діни тәжірбиесіндегі 
ерекшеліктер мен олардың сенімін түсіне білудің маңызы зор. Халықтың дінін білмей, 
оның тарихын, мәдениетін сол халықтың тарихи тұлғаларының іс-әрекетін түсіну мүмкін 
болмайды. 
Дін халық даналығын  және тәжірбиесін сақтаушы рухани мұра, рухани – мәдени 
өміріміздің тарихының бір бөлігі. Гете: "кім де кім өзінің үш мың жылдық тарихына 
сүйенбесе, ол тек уақытша бүгінімен ғана өмір сүреді" – дегенде адамзатпен бірге 
жасасып келе жатқан дінді айтқан. 
Діннің кеңінен таралуының өзі, оның табиғилығын және адам табиғатымен тығыз 
байланыста екенін көрсетеді. Дін күрделі де көп қырлы құбылыс болғанымен, ол адамның 
рухани ұмытылысының үш бағытын сипаттайды: 
-  өмірдің, қайғы-қасіреттің, өлімнің мәні жайлы мәңгілік сұрақтарға жауап іздейді: 


-  өмірде басшылыққа алатын қағидаларды іздейді; 
 бағытқа сәйкес әр дін үш түрлі рухани өлшемді қолданады. 
Дін мен мәдениет тығыз байланысты. Әр дінге тән дүниетаным болады. 
Мәдениеттің қайнар көзінің бірі  діни таным және оның іске асырылуы діни салт-жоралар 
арқылы жүреді. Діни дүниетаным мифтер мен  нақылдар түрінде бейнеленеді, оны ертегі 
деп қабылдауға болмайды, өйткені онда терең ой түйіні мен шындық суреттелген. Діни 
тақырып ұлы әдеби шығармалардың негізгі мазмұнына алынғанда авторларды 
шығармашылық іске рухтандырады. Кез - келген мәдениеттегі дарынды шығармалардың 
барлығы діни тақырып желісінде жазылған. Бірқатар аса белгілі музыкалық шығармалар 
діни оқиғаға байланысты шығарылған. Діни тақырып көркем өнердің де негізіне алынған 
және оның дамуына елеулі ықпал еткен. 
Кез - келген адамгершілік қағидалары діннен бастау алады. Дін адамдардың 
өміріндегі ненің жақсы, ненің жаман екенін түсіндіреді. Қоғамның және моральдық 
құндылықтардың негізін отбасы құрайтыны белгілі. Осыған байланысты барлық әлемдік 
діндер отбасындағы және өркениеттегі құндылықтарды қолдайды. Ол құндылықтар - 
адалдық, пәктік және жеке меншікті құрметтеу. Дін адамгершілік құндылықтарды түсініп 
оны өмірде пайдалана білуге үйретеді. Діннің мақсатының бірі-әр адамды адамгершілік, 
руханилық тұрғысынан жетілдіру арқылы, бүкіл қоғамды дамытуды көздейді. 
Әр дін адамның өзін құтқару жолын қалайды. Көпшілік діндер бұл жолды өзін - өзі 
жетілдіруге және жан дүниесін түсінуге бағыттайды. Біздің байқауымызша діндер алуан 
түрлі болғанымен олардың ортақ қасиеті — этикалық, яғни, әдеп жүйесі ұқсас келеді. 
Әрине этиканы діннен тыс құруға да болады, бірақ та тәжрибеде ар-ождан, отбасылық 
және қоғамдық мәселелер дінге негізделіп келген. 
Тарихта ешқандай дінді мойындамай-ақ ізгілікті өмір сүріп этикалық қалыптарды 
ой мен қисынға лайықты жасаған  адамдар да болған. Бірақ та осы күнге дейін діннен тыс 
құрылған бірде бір тұрақты да, ізгілікті қоғам болған емес. Дін қоғамдық сананың бір түрі, 
ендеше ол тек  жеке адамның ісі емес. 
  
Ол жеке бастық сипат алған күннің өзінде бір сенімге топтасқан адамдарды 
біріктіреді. Дін тек дүниетанымды ғана қалыптастырып қоймай, адамдарды эмоционалдық 
қоғамдастыққа ұйымдастырып, оларға рухани қолдау көрсетеді. Көптеген діндер ең 
алдымен отбасында діни дәстүрлер арқылы  қаланады. Демек, отбасында діни сенімнің 
негіздері мен дәстүрлері ұрпақтан - ұрпаққа беріледі. 
Жалпылай, біртұтас қарағанда дін қоғамда ізгілікті өмір қалыптастыруға қызмет етеді. 
Бүгінде әлемдегі көптеген мемлекеттік емес ізгілік акцияларда өз бастауын діннен алады, 
оны ұйымдастырушылар да діни сенімдегі адамдар. 
Өз ізбасарларына таза сенім мен іс-әрекетке толы өмірді уағыздаған діннің әлеуметтік 
саладағы шығармашылық жетістігі ғылым мен өнерден кем болмағаны барлық 
халықтардың тарихынан белгілі.Солай бола тұрса да, діннің күңгірт жағын да көрмеуге, 
көңіл аудармауға болмайды. Дін тазалықты, өмірді, қуанышты, жан сабырлығын 
қамтамасыз етумен бірге мынадай құбылыстармен де байланысты: 
-  төзімсіздік: басқа сенімдегі адамдарды қуғындау, оларға өшпенділік білдіру, 
тіпті өлтіруге дейін бару; 
-  қараңғылық: кей тұстарда ақыл-ойды, өнерді және ғылымды дамытуға қарсылық 
білдіру; 
-  беделге бас ию: ақыл- ойға, өнерге, әлеуметтік және саяси еркіндікке қарсы тұру; 
-  догмалық сипат: өзін жоғары қою, тек өз сенімінің ақиқаттығын ұстанып 
қиқарлық таныту; 
-  шектелгендік: бүкіл адамзат қарғысқа ұшырап, тек өзінің қауымдастығы ғана 
құтқарылады деген сенім. 
Қоғамда жиі көтерілетін мәселенің бірі, ол діндер қайшылығынан туған 
қақтығыстар. Оған зер салып қарайтын болсақ, болып жатқан қайшылықтардың негізінде 
саяси күштер дінді өз пайдасы мен мақсатына қолдануды көздейді. 


Қайшылық жағдай туған жағдайда дұрыс жолдағы адамдар діни ізгілік жолды 
басшылыққа алады: жазалау, басын алу, қатыгездікке тиым салып, акиқат пен татулық 
жолын іздестіреді. Өткен тарихқа назар аударсақ, қарулы қақтығыстардың басты себебі - 
рулық және ұлттық қақтығыс, атеистік идеологияны таратуға қарсы күрес екені 
байқалады. 
Діни негіздегі қақтығыстардың себебі әр діни жүйенің көптеген мәселелерді 
түсінуінде алшақтық басым келеді.Сенімі бар қоғамда түрлі адамгершілік құндылықтар 
діндерді қайшылыққа соқтырмайды. 
Қайшылықтардың туындау себебі түрлі діндердің сенімі мен әдет ғұрыптары, салт-
дәстүрлері бірін-бірі қабылдай алмауынан, әр діннің тек өзінің сенімі мен салт-жораларын 
басқа діндерден артық санауынан болады. Ондай қайшылықтардың асқынуы адамдардың 
ұлттық сана-сезіміне байланысты. Мұндай қайшылықтардың қоғамда орын алуының 
тарихи себебі адамзаттық құндылықтардың  қалыптаспауынан және адамдардың бір-
бірімен достық, бейбіт өмір сүре алмауынан өрбиді. Осыған орай, өз ойыңды талқыға салу 
үшін, кез келген діни іс-әрекеттердің сол діни іліммен қаншалықты сәйкес екенін ескеру 
қажет. Көп жағдайда ондай теріс іс-әрекеттер діни іліммен сәйкесе бермейді. Тіпті 
әлемдегі діннің негізін салушылар да өз кезіндегі діни тәжірибені кінәлаған. 
Ежелгі заманда діннің негізін қалаушылар ортақ ұқсастықты сақтай отырып түрлі 
салт-жоралармен қатар, діни ұйымдар құрған. Әлемдік діндер түрлі болғанымен онда 
соның негізін қалаушы тұлғаның жеке бастық ерекшелігімен қатар жеке мәдени ортаның, 
сонымен бірге тарихи жағдайдың ықпалы дакөрініс береді. Осыған сәйкес, әр адамның 
тұлғалық ерекшелігі тәрізді діндер де ерекшеленеді.  
Өз сенімі мен өзінің діни жолын шындыққа балап, өзгелердің сенімін аяққа таптап 
дәлелдеудің ешқандай қажеті жоқ. Осындай жағдайдың туындауының себебі өзіне деген 
сенімінің төмендігіне байланысты. Егер адам өз сеніміне берік болса, онда өзге сенімнен, 
салт-дәстүрлерден күдіктенбейді, керісінше, өз дүниетанымын байыта түседі. 
Діннің даму тарихына барлап қарасақ қызықты жәйт аңғарылады. Адамзат көп 
түрлі ру мен тайпа сенімінен біртіндеп, ұлттық онан кейін дүниежүзілік дінге тілдік, 
ұлттық, мәдени және нәсілдік кедергілерге қарамастан бет бұрған. Діни қайраткерлердің 
көпшілігі әсіресе XX ғасырда көп қателіктер жібергенін мойындап, сұхбаттасу арқылы 
шешім табуға әзірлігін білдірген.Алдыңғы қатарлы дін қайраткерлері тереңде жатқан 
жалпы адамзаттық құндылықтарды іздеп, тарихи айырмашылыкқа қарамастан көп 
түрліліктің өзінен бірлікті іздейді. Түрлі діндер бір-бірімен сұхбаттастыққа келіп, бір-
бірінің сенім жолына құрмет білдіреді. 
Қазіргі кезде әлемдік адамгершілік қалыптардың өзі, түрлі қоғамда, түрлі мәдени 
дәстүрде бір-бірінен айырмашылығы болатыны мәлім. Әрине түрлі діндердің арасында 
түрлі өзгешелік болғанымен де жалпы принциптермен адамгершілік құндылықтар жүйесін 
табуға болады. Өйткені бұл діндер көпшілік пікірін білдіретіндіктен, біз ол принциптердің 
жан-жақтылығына сенеміз. Әлемде көпшілік адамдар сенетін принциптер бар. Олар 
барлық мәдениет пен діндерде адам болмысының шынайлығын анықтайды. Өмірде 
олардың қолданылуы алуан түрлі,  бірақ та бұл принциптер әлемде бірыңғай қолданыс 
табуда. Бұл туралы «ҚАЗАҚСТАН - 2050» Стратегиясында: «Біз елдің дәстүрлері мен 
мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек. Біз өзін – өзі 
ұстаудың ерекше үлгілерін алуға тиіспіз» -  делінген [1,79]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   180




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет