жүзеге асады. Тәңірдің иландыруы да 2 түрлі жолмен жүзеге асады:
біріншісі - УАХИ.
Алла тағала пайғамбарларын уахи беру арқылы үйреткен. Ниса сүресінде: "Алла саған
Құранды және хикметті түсірді, әрі білмегендеріңді үйретті"- делінеді. Уахи-барлық
пайғамбарлардың ерекшеліктері. Пайғамбарлардың мөрі болып есептеледі, соңғы
пайғамбар Мұхаммедтен (с.ғ.с.) кейін Алла тағала бұл жолды жапты, өйткені Ол: "Бүгін
діндеріңді толықтырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай – ақ сендерге Исламды
(
жалғыз) дін ретінде қоштап ұнаттым" - деген болатын. Тәңірдің иландыруының екінші
түрі - ИЛХАМ. Бұл жағдайда жеке тұлғаның рухы Алланың рухынан өзінің тазалығы,
мүмкіншілігі және қабілеттілігіне қарай үйренеді. Уахи арқылы алынған ілім -
пайғамбарлық ілім деп, ал илхам арқылы, алынған ілім -Тәңірлік ілім (
илм- и ладуни) деп
аталады. Даналық та осы Тәңірлік ілімнен болады.
Ілімнің түрлерін салыстыра келе пайғамбарлық ілімнің ең күшті, кемелденген
және өте бағалы екенін көруге болады. Ол туралы ғалымдардың өздері де мойындайды.
Көптеген ғылыми жаңалықтарды ашып, олардың Құран кәрімнің аяттарында бұрыннан
жазылып қойғанын білгенде ғалымдар еріксіз дінге (
Исламға) бой ұсынады. Ондай
мысалдар көп-ақ (
Морис Букай, Артур Дж.Арберри, Гете, Л.Н. Толстой, Доктор
Достарыңызбен бөлісу: