Әдебиеттер
1. Торайғыров Сұлтанмахмұт. «Екі томдық шығармалар жинағы» I том. Алматы, -
«Ғылым», 1993 жыл.
2. Торайғыров Сұлтанмахмұт. «Екі томдық шығармалар жинағы» II том. Алматы, -
«Ғылым», 1993 жыл. 18-б.
ӘӨЖ 93
ҚАЗАҚСТАН МЕН АҚШ ЕЛІНІҢ ДАМУ ҮЛГІСІНДЕГІ ТҮРЛІ СӘЙКЕСТІКТЕР
Абатов Н.А.
№38 қазақ орта мектебі, Ақтөбе қаласы
В данной статье рассматриваются сравнительные события из истории Казахстана и
США.
This article examines the comparative historical events in Kazakhstan and the United States.
Ключевые слова: история, Казахстан, Америка.
Key words : history, Kazakhstan, America.
Қазақстан өз даму сатысында бәрімізге аян көптеген аласапыран жылдар мен
кезеңдерді басынан өткерді. Қазақ халқы көптеген жылдар бойы тәуелсіздік жолындағы
түрлі деңгейдегі көтерілістер мен наразылықтар ұйымдастыру арқылы өз мүддесін таныта
білді. Тәуелсіздік жолындағы күресте қазақтың біртуар азаматтары өз басын құрбан етті.
Осындай қиындықпен жеткен тәуелсіздік туы да бізге келіп жетті. Әлемнің саяси
картасында жаңа мемлекет Қазақстан Республикасы пайда болды. Еліміз алғаш рет өзінің
сан жылғы тарихында өз аймағында ішкі және сыртқы саясатын жүргізетін, өз билігіне ие
болған азат ел атанды.
Елбасы Н.Назарбаев елдің даму дәрежесін әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесіне
сүйене отырып жүргізді. Осындай дамыған елдердің арасында сол кездегі әлемді өзіне
қаратқан Америка Құрама Штаттары болды. Қазақстан да осынау бір мемлекеттің даму
жолының кейбір тұстарын алып елімізге сәйкестендіріп, шебер енгізе білді.
Америка Құрама штаттары әрбір адамның ойында түрлі ассоциациялар тудырады:
доллар, кең мүмкіндіктердің елі, демократиялық құндылықтар, жаңа әлемдік тәртіп,
американдық мүдде, геосаясат, халықаралық лаңкестікпен күрес, әлемдік қаржы
дағдарысы, әскери агрессор, әлемдік гегемон ел... дегендей сарында жалғасып кете береді.
АҚШ-ты қанша сынағанымен, мысы басылып, қорқып немесе жек көргенімен, шыны
керек сондай ел болу әрбір мемлекеттің арманы болатынына ешкім шүбә келтірмейді. Сол
сияқты Тәуелсіз Қазақстанның президенті Н.Назарбаев та болашақта АҚШ секілді әлемде
өз орны бар мемлекет болуды армандап, сол бір қиын қыстау кезеңде осы бір елмен ара-
қатынасты үзбеді. Арада қысқа мерзімді жылдар өткеніне қарамастан Қазақстан бүгінде
АҚШ-тай болмаса да әлемде өз орны бар қуатты шартарап мойындаған мемлекет
дәрежесіне көтерілді. Қазақта бір жақсы сөз бар: «көш жүре түзелер» - деген. Кім білген
Қазақстанды алдағы болашақта не күтіп тұрғанын, бәлкім бізде АҚШ-пен иық
түйістірердей дәрежеге жетерміз деген үміттеміз.
1776 жылы 4 шілдеде Тәуелсіздік декларациясы қабылданып, АҚШ-тың
құрылғандығы жарияланған сәтте оның бастауында тұрған танымал саяси қайраткерлер
бұл мемлекеттің құрылымының дами келе адамзат тарихында ерекше орны бар, әлемдік
саясаттың бағыт-бағдарын айқындайтын әлеуеті зор, ұлы державаға айналатындығын тек
армандады. Американдық мемлекеттіліктің негізін салушылар дұрыс жолды таңдай білді.
Американдықтар Тәуелсіздік деген қасиетті ұғымның мәнін терең түсіне біледі. АҚШ
еуропалық отаршыл империялардың ықпалынан құтылып, тәуелсіз ел болу жолында
қанды соғыстарды бастан өткерді. 1774 жылы 5 қыркүйекте Филодельфияда барлық
отарлардан келген 55 өкілдің қатысуымен өткен Бірінші Континентальдық конгресс алғаш
рет британдық метрополияға өз талаптарын қойды. Олар әзірлеген «Құқық
декларациясында» американдық отарлардың «өмір сүруге, бостандық пен меншікке»
деген талаптары тұжырымдалды. «Континентальдық ассоциация» құжатында британдық
корольдік өзінің қаржы-экономикалық саясатында жеңілдіктер жасамайтын болса,
американдықтар барлық британдық тауарларға байкот жариялайтыны айтылды. 1775
жылы ағылшын корольдігі американдық отарлардың толық бағынуын талап етіп, генерал
Т.Гейджге «бүлікті басу» туралы бұйрық береді. Осыдан кейін 1775-1787 жылдарды
қамтыған Тәуелсіздік үшін соғыс басталды. Виргиния өкілі, Франко-үндістік соғыс
кезінде танымал болған Генерал Д.Вашингтон харизматикалық саяси көшбасшы ретінде
енді британдық агрессияға қарсы тұратын Континентальды армияның бас қолбасшысы
болып тағайындалды.
Тәуелсіздік үшін жанқиярлықпен күрескен американдықтарды өз мүддесіне сай
пайдалануды көздеген Франция 1778 жылы АҚШ-пен одақ құрды. Оған кейін Испания
мен Нидерландыда қосылды. Бұл үрдістер АҚШ-тың түпкілікті жеңіске жетуіне арқау
болғанымен, одан кейінгі кезеңдерде де АҚШ егемендік үшін қарулы күрестер жүргізуге
тура келді. Осындай күрмеуі қиын кезеңдер американдықтарды Тәуелсіздік үшін күресте
шыңдады.
Әрине, Қазақстанға да Тәуелсіздік оңайға түспеді. Ежелгі ата-бабаларымыз бен
кешегі ардақты Алаш қайраткерлері қанша күрескенімен, Тәуелсіздік таңын көре алмай
армандай өмірден өтті. 1986 жылғы 16 желтоқсандағы оқиғада қазақ жастары тәуелсіздік
жолында құрбан болып, қайғы-қасірет шекті. Қазақстан өз тәуелсіздігіне 1991 жылдың
желтоқсаныңда қол жеткізді. Осы кезде ғасырлар бойғы ата-бабамыз армандап өткен
тәуелсіздіктің көк туы желбіреді. Конституция қабылданып, мемлекеттің басты байлығы
азаматтардың бостандығы мен құқықтарын қорғауға мемлекет кепілдік берді.
АҚШ-тың «Тәуелсіздік декларациясының» авторы Т.Джефферсон өзінің маңызды
құжатында: «өмір сүру, бостандық пен бақытқа ұмтылу Жаратқан иенің адамдарға
тумысынан берген ажырамас құқықтары болып табылады. Құқықтарды қамтамасыз ету
үшін адамдар өздері өкілеттік берген үкіметті құрайды. Егер, үкімет бұл мақсаттарға
нұқсан келтірсе, онда халық үкіметті өзгертуге немесе таратуға құқылы. Сөйтіп,
қауіпсіздік пен бақытқа жетуге мүмкіндік беретін жаңа үкіметті құра алады», – деген
қағиданы тұжырымдады. Оны сол кездегі Континентальдық конгресте заңды түрде
бекітті. Яғни, өмір сүру, бостандық пен бақытқа ұмтылу құқықтары – американдық
арманның өзегі болып табылады. Осылайша, американдық арман құрама елдің біртұтас
әрі бірегей өмір-салтына айналды.
АҚШ-тың күшті мемлекетке айналуына негіз болған тағы бір құндылық – олардың
ұлттық мүддені қорғау мен қамтамасыз етуге деген ынта-жігері. Кезінде У.Черчилль
«Британияның тұрақты жаулары мен тұрақты достары жоқ, тек тұрақты мүдделері бар»
дегендей [1], АҚШ-та өздерінің ұлттық мүдделерін үнемі жоғары қоя білді. Олар
тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ өз мүдделерін қорғаудан тайсалмай, АҚШ-
тың талап-тілектерін Британ империясына ашық білдіре алды. Содан бері АҚШ ұлттық
мүддені қамтамасыз етуге келгенде аянып қалмады. Дипломатияны да, экономикалық
санкцияны да, қажет болса әскери күшті де қолданып бақты. Бүгінгі таңда әлемнің қайсы
бір түкпірінде АҚШ-тың ұлттық мүддесі жоқ деуге болмайды: олардың ұлттық валютасы
– доллар бүкіл әлемді жаулап, жер бетіндегі энергетикалық және стратегиялық маңызды
аймақтардың бәрінде АҚШ-тың ықпалын байқатады. Тіпті ғарыштың өзінде АҚШ өзіндік
басымдық танытуға тырысуда.
Ал, Қазақстанның ұлттық мүддесі қалай қамтамасыз етілуде? Біз АҚШ сияқты
әлемді билемей-ақ, алдымен өз еліміздің ауқымында ұлттық мүддемізді шынайы жүзеге
асыруды мықтап алсақ үлкен олжа болар еді. Иә, Елбасымыздың саяси қызметі арқасында
әлемдік деңгейдегі өзімізге тән ерекшеліктерімізді қалыптастыра алдық. КСРО құлағаннан
кейін Қазақстан қиын тандау алдыңда тұрды: өз мүдделерімізді барынша тиімді қорғап
қалу үшін қандай сыртқы саясат жүргізу керек деген ой елбасымыздың басты міндеті
болды. Бұл міндетті жас мемлекеттің өзіне тән геосаяси орналасуы және сонау отарлық
заманнан бері мұра боп қалған күрделі демографиялық жағдайы қиындата түсті. Тіпті
М.Горбачевтың өзі дербес мемлекет ретіндегі Қазақстанның болашағына сенімсіздікпен
қарағаны мәлім. Негізгі ұлты азшылықта қалған республиканың ішкі тұрақтылық үшін
қалыпты жағдай жасауды қамтамасыз етуге қабілеті жоқ, ол мүдделі державалардың
араласуына мәжбүр болады деп есептеді [2]. Сонымен қатар Қазақстанда әлемде қуаты
жөнінен 4-ші орын алатын Семей ядролық сынақ алаңы болатын. Біз сынақ алаңдарын дер
кезінде жауып, ядролық қарудан бас тарттық. Ядролық қарудан бас тарту арқылы
Қазақстан өз мүддесін айқындап, болашаққа деген басты батыл қадамдарын бастады.
Уақыт өте келе БҰҰ-на кіруіміз халықаралық ұйымдарға мүше ретінде қабылдануымыз
біздің ұлттық мүддеміздің асқақтығын тағы бір рет дәлелдей түсті. Кейін әлемдік және
дәстүрлі дін съездерін өткіздік, ЕҚЫҰ мен ИКҰ төрағалық еттік және де көптеген
халықаралық ұйымдарымен етене тығыз байланысуымыз біздің халықаралық мінберде
беделіміздің асқақ екенін айқындай түседі. Бұл әлем мойындаған, біздің мақтаныш
тұтатын жетістіктеріміз [3].
Американдық бірегейлік те басқа ұлттарға қарағанда өзгеше. Өзге ұлттарда ұлттың
өзін-өзі айқындауының балама факторлары – ортақ тарих, тіл, салт-дәстүр, дін т.б. бар.
Халқы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Америкада ондай ортақ құндылықтар жоқ
екені белгілі. Таңқаларлығы, соған қарамастан «американдық ұлттың» бірлігі нақ осындай
күштердің көмегімен қамтамасыз етіледі. Яғни, өздерін ұлт ретінде түсінуге қажетті
құндылықтардың орнын жоқтатпайтындай идеологиялық конструкция жасалған.
Балаларды жастайынан мемлекеттік туды сыйлауға үйретіп, мектепте сабақтар Америкаға
адал болуға ант етумен басталады. Мектептерінің бастауыш сыныптарында-ақ,
оқушыларды Тәуелсіздік декларациямен таныстырып, оның қалай дүниеге келгенін
театрландырылған қойылымдармен ойнап көрсетіп, интерактивті дүниемен оқып үйретеді.
Американың президенттерінің әйгілі нақыл сөздері жатталады. Мысалы, А.Линкольннің:
«Сен Америка маған не береді деп ойлама, керісінше, менің Америка үшін қандай пайдам
тиеді деп ойла» – деген тұжырымы мәтелге айналған. Кейін бұл сөзді Джон Кеннеди
сайлау алды жолдауында пайдаланып, сол арқылы Америка халқы сайлаушыларының
жүрегіне жол табады. АҚШ-тың тарихи оқулықтары отандастарының ерлік істеріне толы.
Ал, жекелеген азаматтардың ішінен патриотизмнің белгісі ретінде мемлекет туын
үйлерінің төбесіне шаншып қоятындары да табылады. АҚШ-та патриот болмау –
оспадарсыздықпен тең, ондай адам сөгіс алмаса да, отандастарымен тіл табысуы
қиындайды. Он американдықтың тоғызы өз елінің әнұраны шырқалғанда масаттанып,
көкірегін мақтаныш кернейді екен. Мартин Лютер Кингтің күресіп қол жеткізген
құндылығы – нәсілдік кемсітушіліктің жойылуы, адамның құқықтары мен
бостандықтарының қорғалуы басты орында. Америка президенті Джон Кеннедидің қара
нәсілділердің Американың толық құқылы азаматы болып саналатыны, сонымен қатар
олардың тең сайлауға қатысуын бекітуі, Америка тарихында маңызды сипатқа ие. Бала
кезден әрбір американдықтың миына мына қағида әбден сіңіріледі: барша адамдар
нәсілдік, ұлттық, діни, тілдік, жыныстық және жас ерекшеліктеріне қарамастан тең
құқылы, олардың бастапқы мүмкіндіктері де бірдей. Қысқаша айтқанда, Америкада
тұратын адамдар қанша жерден жиналған әртүрлілігіне қарамастан ең алдымен
американдық азаматтар, басты күш осы. Яғни, бірліктегі көп түрлілік принципінің жарқын
көрінісі осы елден көрінеді. Сонымен қатар, әскери-патриоттық тәрбие де АҚШ-та
назардан тыс қалмаған. Өз жерінде отан қорғау соғысын бастан өткермесе де, АҚШ жер
шарындағы «ыстық нүктелердің» көбіне тікелей қатысқан немесе жанама ықпал еткен ел.
А.Токвиль «Америкадағы демократия» деген еңбегінде АҚШ жеріне алғаш аяқ
басқан сәттен өзін таңқалдырған жәйттерге: «Құрама штаттарға алғаш келгендегі көрген
көптеген заттар мен құбылыстар арасынан мен бәрінен бұрын адамдарға жасалынып
отырған тепе-тендікке қатты танырқандым. Мен ешқандай кедергісіз сол кездегі қоғамдық
өмірде болып жатқан маңызды оқиғаларға бейімделіп кеттім» – деп тоқталады. Яғни,
баршаға бірдей бастапқы мүмкіндіктің болуы американдық арманға ұласқанда бақытқа
жету жолындағы еркін де әділ бәсекелестік туындаған.
АҚШ керемет ел болғанымен, Дегенмен, «Күннің де бетінде дақ болады» демекші,
кемшіліксіз нәрсе жоқ. АҚШ-тың да кемшіліктері мен күнәлері баршылық. Әлем
жұртшылығы АҚШ-ты неге сынап-мінеп, мысы басылып, қорқып немесе жек көреді
дейсіз… Әрине, бұған себеп болып отырған АҚШ-тың бүкіл әлемді билеуге деген ашық
пиғылы; доллардың әлемдік экономиканы жаулап алуы; дамушы елдерге демократиялық
құндылықтарды тарату ұранын жамылып, ұлттық мүддені қамтамасыз етуге бағытталған
қосарланған стандартты саясат жүргізуі; әскери агрессиясы; өзге елдердің ішкі ісіне
жымысқылықпен қол сұғуы және т.с.с. Бүгінгі АҚШ-тың әлемдегі үстем етуші елге
айналғаны баршаға мәлім. Ал, осыдан жүз жыл бұрын АҚШ «дамудың ұлы жолының»
алдында тұрған болатын. Одан да бұрынырақ, 1823 жылы 2 желтоқсанда сол кездегі
президент Джеймс Монро АҚШ Конгресіне арнаған жыл сайынғы жолдауында сыртқы
саясаттың басты қағидаларын жариялап, ол «Монро доктринасы» деген атпен тарихта
қалды. Доктринаның мәні – «Америка американдықтар үшін». Яғни, еуропалық
империалистер АҚШ-қа қол сұқпауы тиіс, АҚШ-та оларға кедергі келтірмейді.
Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында: «АҚШ-тың
демократия саласының дамуының өзі бір жарым ғасырды қамтығанын еске сала келе, мен
эволюциялық дамуды, қоғамды біртіндеп, жан-жақты дайындап алып барып,
реформалауды жақтаймын», - деп сөз қорытындылауы еліміздің өзіне тән демократиялық
өзгерістердің орнайтындығын көрсетеді [4].
Қазіргі танда дүние жүзінің қандай мемлекетінің болса да жағдайларының
айтарлықтай кереметтей екенін көрмейміз. Олай айтуымыздың да өз себебі бар. Ол қазіргі
дүние жүзі мемлекеттерін құлдыратқан әлемдік қаржылық дағдарысы болып табылады.
Дағдарыс Американың ипотекалық банк саласынан басталып, өз кезегінде дүниенің
барлық шартарабын қамтып отыр. Осындай қиын жағдай біздің елге де өз әсерін тигізді.
Елбасымыз өз сөзінде: «Қаржылық дағдарыстан шығу жолдарын «үлкен сегіздік» елдері
мен «үлкен жиырмалық» елдері қанша бас қосып талқылағанымен өз кезегінде ешқандай
дерлік нәтиже беріп жатқаны шамалы. Оның шешу жолын табу айтарлықтай қиын дүние
емес. Ол тек қана қазіргі танда ортақ валютаға айналған доллардан бас тартып, әлемде
теңдесі жоқ шартарап мойындаған валютаны шығарса ғана болғаны, әлемдік
экономиканың тамырларына қан жүгіреді» - деп өз ойын ашық айтты [5]. Елбасымыз
Н.Назарбаев әлемдік дағдарысты еңсерудің жолдарын үнемі түрлі деңгейдегі жиын,
форумдарда әрқашан түрлі бастамалар мен жаңа идеялар көтеріп келеді. Осындай бір
жиында Елбасымыз өз ойын былай деп келтіреді: «Қытайда мынадай нақыл сөз бар:
«үнемі жел соғып тұрған кезеңде әуре болып алып ғимараттар салудың еш қажеттілігі
жоқ, қайта осыны пайдаланып жел диірмендерін көптеп салу ақылдырақ болады » - деп
айтулары тектен-тек емес, бізде осындай сәтті пайдаланып өзімізге ұтымды да пайдалы
дүниелермен айналысып, осы дүниелерден пайда табу жолдарын іздестіруіміз керек деп
үкіметке тапсырма береді. Тіптен кешегі өткен Петербург саммитінде де Елбасымыз
қажрылық дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы қазіргі таңдағы дамыған елдермен
дамушы елдердің ара қатынастары жер мен көктей, сонымен қатар дамыған елдер дамушы
елдермен еш санаспайды, олардың әрі қарай дамуына еш мүмкіншілік бермейді, бұл өз
кезегінде түрлі қиындықтарга алып келіп соғады. Дамыған елдердің барлығына дерлік
шикізаттың көп бөлігін осы дамушы елдерден алады, ал осы елдер құлдыраса шикізат
нарығында да түрлі қиындықтар туындайтыны анық. Сондықтан да дамыған елдер
дамушы елдердің өркендеулеріне қамқорлык жасап, оларды колдауға мудделілік танытуы
тиіс сонда ғана жана экономикалық өсімдер мен интеграциялық процесстердің жаңа
сатыларына көтерілуіне қол жеткізілетіні дәлелді деп ойын түйіндейді. Елбасымыз
Қазақстан, Ресей, Белорусс елдері құрып отырған кедендік одақты мысал етіп, дұрыс
ұйымдастырылган интеграциялық процесстердің өз жемісін беретінін барлық шартарапқа
тағы бір дәлелдеп берді.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қорытындылайтын болсақ, даңқы әлемге
әйгілі болып отырған АҚШ-тың өзі де идеалды мемлекет емес, бұл елдің де өзіне тән
кемшіліктері бар екенін көріп отырмыз. Қазақстанның АҚШ-тан үйренетін де, жиренетін
де тұстары өте көп. Алайда, АҚШ-тай болу біздің ел үшін бос қиял-арман емес. Қазақ
елінің мүмкіндігі өте зор, бізде бәлкім жақын арада биік-биік белестерді бағындырып,
АҚШ сияқты әлем мойындаған елге айналатынымызға күмәнім жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |