Хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы



Pdf көрінісі
бет100/110
Дата10.02.2022
өлшемі2.25 Mb.
#455263
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   110
file20191226084701

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Арнайы педагогика» сериясы №4(59) 2019 ж. 

84 


Церебралдық салдарды зерттеудің негізін қалаушысы ағылшын дәрігері, хирург-ортопед В. Литтл 

болып саналады. Ол ХІХ ғасырдың аяғында аурудың клиникалық кӛрінісін сипаттап, оның қолайсыз 

босанумен,  шала  туылғандықпен  және  нәресте  асфиксиясымен  байланыстырған.  Ол  аяқтардың 

бұлшық  еттерінің  тонусының  жоғарылығына  кӛңіл  аударып,  бұл  жағдайды  жайылмалы  тонус  деп 

атады.  Кейіннен  қолдардағы  бұлшық  еттер  гипертониясы  мен  еріксіз  зорлық  қозғалыстар 

(гиперкинездер)  байқалатын  жағдайлар  да  сипатталды.  Церебралдық  салдарды  зерттеу  мен  жіктеп 

ажыратуға  З.Фрейд  зор  үлес  қосқан.  Ол  ӛзінің  жіктеуін  ұсынып,  гемиплегияны,  церебралдық 

диплегияны, жайылмалы ригидтілікті (бұлшық еттердің тартылуы немесе керілуі) және қос атетозды 

бӛліп  шығарған.  Кейінгі  жылдарда  бұл  жіктеу  ӛзгертіліп,  толықтырылды.  Қазіргі  кезде  1978  жылы 

К.А.  Семенова  ұсынған  жіктеу  қолданылады.  Онда  БЦСА  мынандай  түрлері  ажыратылған: 

спастикалық  диплегия,  қос  гемиплегия,  гиперкинетикалық  түрі,  атониялық-астатикалық  түрі  және 

гемиплегиялық түрі. 

Жүйке  жүйесінің  белгілі  бір  деңгейінің  пісіп  жетілуі  дамудың  генетикалық  бағдарламасымен 

белгіленеді және адамның қимыл-қозғалыстары мен дене қалпының белгілі бір ретпен қалыптасуын 

қамтамасыз етеді. Бірақ әртүрлі құрылымдардың жетілу мерзімдері мен қарқындылығы сыртқы орта 

әсеріне  де  байланысты.  Афференттік  түрткілер  қозғалыс  анализаторының  дамуын  тездетеді.  Жүйке 

жүйесінің  дамып  жетілуінің  мәнісі  реттеудің  филогенездік  ежелгі  деңгейлерден  эволюция  тұр-

ғысынан  жасырақ  жетілген  кейінірек  дамыған  деңгейлерге  біртіндеп  кӛшуінде,  осы  қимыл-

қозғалыстар  дамуының  негізін  құрайды  (Л.Т.  Журба).  Осылайша,  БЦСА  даму  қаупін  тудырушы 

жайттарға  мыналар  жатады:  анасының  жасы,  жүктілік  кезіндегі  анасының  соматикалық  және 

эндокриндік  аурулары,  ұрықтың  құрсақ  ішілік  жұқтырылуы  (вирустар,  саңырауқұлақтар  және 

қарапайымдар  тудыратын  инфекциялар),  ұрықтың  жүйке  жүйесінің  анасының  жасушаларының 

тіршілік ӛнімдерімен сезгіштендірілуі (сенсибилизациясы), ана мен ұрықтың иммундық сәйкессіздігі, 

кейбір  дәрі-дәрмектер,  физикалық  және  химиялық  ықпалдар  (ішімдік,  никотин),  жүктіліктің  кеш 

токсикоздары, мерзімінен асып кеткен немесе кӛп ұрықты жүктілік.  

Интранаталдық қауіп тудырушы әсерлерге босану кезіндегі асфиксия және босану кезінде болған 

бас-ми жарақатынан кейінгі қан құйылу жатады. Ми затына, ми қабықтарының астындағы кеңістікке, 

ми  қарыншаларына,  мишыққа  және  мидың  басқа  да  бӛлімдеріне  әртүрлі  дәрежедегі  (аздаған  және 

кӛптеген) қан құйылулар болуы мүмкін.  

БЦСА  кезiндегi  қозғалыс  бұзылыстары  келесi  патологиялық  синдромдар  немесе  рефлекстер 

ретiнде байқалады: 

1.  Тоникалық  лабиринттік  рефлекс  –  баланың  басын  бiр  жаққа  бұрғанда  шытырманның  (ла-

биринттің)  оттолиттік  аппаратының  қозуы  басталады.  Осының  салдарынан  бала  арқасын  мен 

жатқанда оның аяқ-қолдары және денесiнiң барлық бұлшық еттерi максимальды түрде жазылады , ал 

бала  етпетінен  (ішімен)  жатқанда  оның  аяқ-қолдары  және  денесiнiң  барлық  бұлшық  еттерi 

максимальды түрде бүгiледi. 

2.  Мойынның  тоникалық  асимметриялық  рефлексi  –  бұл  проприорецептивтік  рефлекс  омырт-

қаның  мойын  бӛлiмiнiң  буындары  мен  байламдарының және  мойын  бұлшық  еттерінің  созылуымен 

сипатталады.  Басты  бiр  жаққа  бұрғанда  басы  қарап  тұрған  жақтың  аяқ-қолдары  жазылып  (―бет 

мүшелерi‖)  екiншi  жақтың  аяқ-қолдары  бүгiледi  (―желке  мүшелерi‖);  қолдардың  реакциясы  аяқ-

тарының реакциясына қарағанда күштiрек байқалады. 

3.  Мойынның  тоникалық  симметриялық  рефлексi  –  бұл  проприорецептивтіқ  рефлекс  бала  басын 

ерікті немесе  ерiксiз қимылдатқанда анықталады. Басты бүккенде қолдарының бүгiлуi (қолдарының 

флексор  бұлшық  еттерiнің  тонусы  күшейедi)  және  аяқтарының  жазылуы  (аяқттардың  экстензор 

бұлшық еттерінiң тонусы күшейедi) байқалады. 

4.  Бірлескен  синкинезиялар  –  бұл  тоникалық  реакциялар  қимылға  тiкелей  қатысы  жоқ  бұлшық 

еттердiң спастикалық тонусқа келуiмен сипатталады. 

Жүйке  жүйесiнiң  патологиялық  тоникалық  әсерлерi  бұлшық  еттердiң  жұмысын  бұзып,  тiрек-

қимыл  аппаратының  патологиясына  әкеледі.  Осы  себептен  неше  түрлi  контрактуралар  мен 

деформациялар  байқалады:  жамбастың  шығуы,  контрактурасы,  тiзе  буындардың  бүгiлу  контрак-

турасы,  тiзе  буындардың  вальгустық  деформациясы  (тiзелердiң  iшке  қарап  қалуы),  ―аттың  аяғы‖ 

тәрiздес контрактура, сколиоз, кифоз, т.с.с. 

Қозғалыстар дамуының тежелуі баланың сӛйлеуі мен ақыл-есінің кешеуілдеуіне әкеледі.  

БЦСА-мен  ауыратын  балаларда  артикуляциялық  аппаратының  қызметтерi  дамымағандықтан 

сӛйлеу  тiлiнiң  фонетикалық  бұзылыстары  байқалады.  Дыбыстарды  дұрыс  айтпағандықтан  дыбыс-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет