Хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы



Pdf көрінісі
бет101/110
Дата10.02.2022
өлшемі2.25 Mb.
#455263
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   110
file20191226084701

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №4(59) 2019 г. 

85 


тардың  фонематикалық  қабылдауы  да  бұзылады.  Осындай  баладағы  сӛйлеу  жетiспеушiлiктерi  тіл 

шығатын кезеңнен әлдеқайда еретерек байқалады. Сӛз қоры ӛте баяу дамиды. БЦСА кезiндегi сӛйлеу 

бұзылыстары  дизартрия,  алалия,  дислексия  және  дизграфия  ретiнде  байқалуы  мүмкiн.  Одан  басқа 

невроз тәрiздi мутизм және сурдомутизм сияқты сӛйлеу бұзылыстары кездеседi. 

Балалардың церебралдық сал аурудың түрлері. 

Спастикалық  диплегия  (Литтл  синдромы).  Бұл  БЦСА  ең  жиі  кездесетін  түрі.  Оған  аяқ  пен 

қолдағы, бірақ соның ішінде кӛбінесе аяқтарында басым болатын қимыл бұзылыстары тән. Баланың 

алғашқы айларында анықтала бастайды. Қос гемиплегия (тетраплегия). Ол БЦСА  ең ауыр түрі. Бұл 

кезде  қос  аяғы  мен  қос  қолында  қимыл  бұзылыстары  байқалады,  бірақ  қолдарында  олар  кӛбірек 

білінеді.  Бұзылыстар  кӛбінесе  асимметриялы  түрде  болады.  Жұтуы  мен  сӛйлеуі  бұзалады.  Тепе-

теңдік және денені тік ұстау рефлекстері дамымайды. Бала отыра да, жүре де алмайды Психикалық 

дамуының  тежелуі  ӛзімен  жасты  балалармен  қатынасы  болмағандықтан  одан  сайын  күшейеді. 

Гиперкинетикалық  түрі.  Бұлшық  ет  тонусы  ӛзгеріп  тұрады:  гипотониядан  соң  бірден  тонустың 

жоғарылау  ұстамалары  пайда  болады.  Баланың  қимылдары  епсіз,  артық  қимыл  реакциялары 

байқалады.  Бұлар  ұйықтап  жатқанда  білінбейді,  ал  ерікті  қимыл  жасағанда  және  эмоциялық  қозу 

кезінде  күшейеді.  БЦСА  бұл  түрінде  сӛйлеу  бұзылыстары  жиі  кездеседі  де,  психикалық  дамуы 

азырақ  зардап  шегеді.  Атониялық-астатикалық  түрі.  Оны  БЦСА  «салбыр»  түрі  деп  те  атайды. 

Клиникасында негізінен бұлшық еттер гипотониясы байқалады, бірақ сіңір рефлекстері жоғарылаған 

болады. Балалар ұзақ уақыт басын ұстай, отыра, тұра және жүре алмайды.  

Гемиплегиялық  түрі.  Бұл  түрі  дененің  бір  жағындағы  (оң  не  сол)  қозғалыс  бұзылыстарымен 

сипатталады, соның ішінде аяқтарында азырақ білінеді . Қолы барлық буындарында бүгіліп, денесіне 

жабысып  тұрады.  Кӛбінесе  бір  жасқа  таман  білінеді.  Ақыл-ойы  зардап  шекпейді.  Бұл  БЦСА  жеңіл 

түрі болып табылады.  

БЦСА  науқас  балалардың  65-85%-да  сӛйлеу  бұзылыстары  болады.  Соның  ішінде  тіл  дамуының 

тежелуі  мен  дизартриялар  ең  жиі  кездеседі.  Тіл  дамуының  тежелуі  моторлық  сӛйлеудің  кеш 

қалыптасуымен сипатталады. 

Қазіргі  кезде  ерте  диагноз  қою  мен  диспансерлік  бақылау  психомоторлық  даму  тежелуін  дер 

кезінде  анықтап,  баланы  емдеуге  жіберуге  мүмкіндік  жасайды.  Ерте  басталған  емдеу  (дәрі-дәр-

мекпен, массажбен, гимнастикамен) салдану құбылыстарын азайтып, жалпы моториканы жақсартуға, 

баланың  әрі  қарайғы  моторлық,  сӛйлеу  және  ақыл-ес  дамуына  жағдай  жасайды.  БЦСА  науқас 

балалардың  реабилитациясы  (қалпына-келтіру)  бойынша  медико-педагогикалық  кешендерінің 

арнайы әдістемелері ойластырып дайындалған.  

Церебралдық  сал  ауруы  бар  балалардағы  қозғалыс  бұзылыстарын  коррекциялауға  деген  негізгі 

педагогикалық  кӛзқарастар  Л.С.  Выготский  алғаш  рет  аномальды  баланың  жоғарғы  психикалық 

қызметтердің  қалыптасуындағы  арнайы  коррекциялық-тәрбиелік  оқытудың  бастапқы  ролі  туралы 

қалыпты негіздеген. 

Коррекция  (түзету)  (лат.  correctio  –  түзету,  жӛндеу)  –  жетіспеушіліктерді  түзету.  Педагогикада 

коррекция  –  балалардағы  дамудың  жетіспеушіліктерін  түзету  немесе  жоюға  бағытталған,  оқу-

тәрбиелік,  әлеуметті-педагогикалық  және  психологиялық  шаралардың  кешені  ретінде  қарас-

тырылады.  

Түзету-педагогикалық  іс-әрекет  ерекше  түрде  жоспарланатын  және  ұйымдастырылатын, 

психодене  бұзылыстары  бар  балалармен  іске  асырылатын  педагогикалық  үрдіс,  дамудағы  же-

тіспеушіліктерді түзетуге және бұл балаларды әлеуметке толыққанды интеграциялауды іске асырады.  

Балалық  церебральды  сал  ауруы  бар  балалармен  түзету-педагогикалық  жұмыс  кешенді  сипатта. 

Оның басты мақсаты бұндай балаларға медициналық, психологиялық, педагогикалық, логопедиялық 

және әлеуметті кӛмек кӛрсету болып табылады; максималды толық және ерте әлеуметті бейімделуді, 

жалпы және мамандандырылған оқытуды, ӛмірге, ортаға, от басына және еңбекке жағымды қатынас 

дамытуды  қамтамасыз  ету.  Емдеу-педагогикалық  шаралардың  нәтижелігі  уақыттылықпен,  ӛзара 

байланыстылықпен,  үздіксіздікпен,  түрлі  звенолармен  жұмыстың  бір-бірінен  асып  түсуімен  анық-

талады.  

Қозғалыс  және  психикалық  бұзылыстардың  күрделігіне  байланысты  сақталған  қызметтерге 

сүйенетін, кезектілі түзету әсер етудің ерте бастамасы қажет. Кәзіргі кезе іс-тәжірибеге церебральды 

сал ауруларды ерте диагностикалау кеңінен  ендірілген. Бірақ, церебральды сал аурудың бұзылысын 

ӛмірдің  бірінші  айларында  анықтауға  болатынына  қарамастан,  балалармен  түзету-педагогикалық 

жұмыс  3-4  жасында  басталатыны  сирек  кездеспейді.  Бұндай  жағдайда  кӛбіне  жұмыс  қалыптасқан 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет