Бұл мақалада церебральды сал ауруы бар балалардың (БЦСА) балалардың физикалық қабілеттерін
дамытуда адаптивті дене шынықтыру қолданудың түрлері қарастырылған. Церебралдық сал болған
балалардың қозғалыс белсенділігі олардың психологиялық ахуалына ӛте үлкен әсер етеді. Олардың
дене дамуымен физиотерапевттер, дене тәрбиесінің жаттықтырушылары, арнайы педагогтар
айналысатындығы белгілі. Негізінен үйде оқитын мұндай науқастарға қысқа мерзімге стационарға,
санаторийлерге жатып, қозғалыс тарапын дамыту жеткіліксіз болғандықтан, адаптивті (бейімдеу)
дене тәрбиесін пайдалана отырып, осы балалардың жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып
қозғалыс сферасын, атап айтқанда жалпы моторикасын қосымша дамыту тиімді шара болып
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Арнайы педагогика» сериясы №4(59) 2019 ж.
82
табылады. Адаптивті қозғалыс реакция ӛзіндік сабақтарды, бос уақытты ӛткізуге, белсенді дем алуға,
ойын және қажетті білімдерді менгеруге арналған. Адаптивті спорт физикалық, психикалық, ерік
қабілеттіріне арналған жарыстық іс-әрекетін болжайды және жаттықпалы сабақтар мен жарыстар
түрінде іске асырылады. БЦС бар балаларға адаптивті дене шынықтырутің маңыздылығы ӛсуде,
ӛйткені оқыту, тәрбиелеу және емдеу жүйесінің жалпы бӛлігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: